Бағыты: Тарихи тұлғалар Дайындаған: Омар Гүлзира Мазмұны: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім



бет4/7
Дата05.02.2024
өлшемі51.32 Kb.
#490778
1   2   3   4   5   6   7
Бағыты Тарихи тұлғалар Дайындаған Омар Гүлзира Мазмұны Кірісп-emirsaba.org

Әбіштің алуан қырлары
Кемеңгер Кекілбаев шығармашылығы – оңайлықпен алдырмайтын тас қамал. Оны игеру, ол турасында ой айту да оңай шаруа емес. Басқаны былай қойғанда, тек қазақ әдебиетіндегі алыптардың балалық шағын еске алатын болсақ, олардың таланттары тым ерте кезден байқалып, білінетінін бағамдаймыз. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров таланты 4-10 жас аралығында шағын көлемді өлеңдер шығарумен танылған. Сонда ұлы арналар бастауы балалық кезден нәр алып дамиды екен.
Әбіш те сол лектен. ««Күй» повесіндегі Сырым өзіңіз емес пе?» - деген сұраққа қаламгер былай деп жауап берген еді: «Өзім деп айтуға болады. Өйткені мен бала кезімде геодезистердің, геологтар мен этнографтардың экспедициясында жол бастаушы болып жүргенім бар, өйткені біздің жерімізде орысша білетін адамдар өте аз. 4-5 сынып оқып жүргенімде жердің атын, судың атын айтып түсіндіре алатынмын. Экспедициялар ауыл советтен орысша білетін адам сұрағанда мені көрсететін. Мен соларға еріп, жер- суды аралап жүретінмін».
10-11 жастағы бала атақты академик И.И.Бокктың экспедициясында болғаны рас, өзге ұлтты адамдарға жай еріп жүрмей, жол бастаушы болған. Елдегі қариялардың айтуы бойынша, аңызбен ауызданған бала оқушы кезінен білімге құштар болыпты. Өз қатарының алды болған бала білімін сол кезде мойындатыпты. Таудың, судың аңызын кәріқұлақша айтатын құйма құлақтың әңгімесі жас- кәріге бірдей жаққан тәрізді. Әсіресе оны өзге ұлттың мойындауы үлкен құрмет. Ол өлеңі мен әңгімесін, қара сөзін де жастай қатар жазған:
«Жынды дейін десем есі бар,
Жынды емес десем несі бар?
Төбелестің үш рет,
Бұны да Сайын есіңе ал!»- деген өлең жолдарын алғаш рет сыныптастарына шығарған екен. Сонысымен де Әбіш талай баланың мінезінде, талай баланың жүрегінде тәрбиешісіндей боп орын алған болар [1.3б.].
Мектепте оқып жүрген Әбіш жазғы демалысын аудан орталығы- Таушық кентінде өткізеді екен. Күні бойы кітапханадан шықпапты. Кітапханашы Жәми Елеуова оны жақсы көріп, жалғыз ұлы Максиммен табыстырыпты. Алысып- жұлысып ойнаудан аулақ жүретін екі бала айырылмас дос болыпты. Алайда Максим ауыр науқастан көз жұмған екен.
Қаралы ана бірде Орал жақтағы туыстарына баруға жиналыпты. Бірақ билет алып ұшқалы тұрған Жәми апайды самолет ұшқышының біреуі кері ысырып, орнына басқа адамды отырғызады. Жағдайын айтқан ананы ауыр сөздермен балағаттайды. Қайтыс болған досының анасына жаны ашыған Әбіш тұңғыш рет орыс тілінде хат жазып, «Комсомольская правда» газетінің редакциясына жолдайды. Әдепсіз ұшқыштың ақ шашты әйелден кешірім сұрауын талап етеді. Көп ұзамай газет редакциясынан да, Батыс Қазақстан әуе тобының басшылығынан да хат келеді. Онда бұзақылық көрсеткен ұшқыштың бір жылға дейін ұшудан аластатылғаны хабарланып, әуе тобының командирі жәбір көрген анадан ресми кешірім сұрапты. 6- сынып оқушысы әлгіндей жауап келгенше, бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Кейін екі хатты да апарып көрсеткенде, Жәми апай «Әбішжан менің жер болған еңсемді қайта жазып бергенде Максимім тіріліп келгендей қатты қуандым»,- деп жылапты. [2.6 б.]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет