Құймалар жайлы тарихи дерек - Ерте кезден-ақ адамдар таза металға қарағанда олардың құймаларының қасиеттері пайдалы екенін байқаған.
- Алғаш алынған мыстың құймасы – қола болатын.
- Оның атымен бүтіндей тарихи кезең – қола ғасыры аталды.
Құймалардың құрамы мен қасиеттері - Құймалар – қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компоненттерден түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар.
- Құйманың компоненті қасиеттері металға ұқсас бейметалл болуы да мүмкін (бор, көміртек, мышьяк, кремний, т.б.).
- Көптеген құймалар таза металдарға қарағанда берік, жемірілуге тұрақты, қатты болып келеді.
- Металдың жиі қажет болатын қасиеттеріне: қаттылығы, беріктігі, жемірілуге тұрақтылығы, қалыпқа жақсы құйылғыштығы жатады.
ТЕМІРДІҢ ҚҰЙМАСЫ: БОЛАТ Шойынның негізгі бөлігі болатқа айналдырылады. Болат алу үшін шойынның құрамындағы элементтерден : C, Si, P, S тазарту керек. Болатта w(Fe) = 96%. Болаттың қасиетін асылдандыру (легирлеу) үшін әр түрлі металдар қосылады: Cr, V, W, Mo, т.б. Олар болаттың қаттылығын, деформацияға беріктігін, қыздыруға және жемірілуге төзімділігін арттырады. ТЕМІР ҚҰЙМАСЫ: ШОЙЫН Шойында (93% Fe) еріген күйде көміртек (w(C)= 4%) болады, ол таза күйінде немесе қосылыс күйінде Fe2C (цементит) жүруі мүмкін. Одан басқа шойында Si, Mn, P және S элементтері бар. МЫСТЫҢ ҚҰЙМАЛАРЫ: ҚОЛА Қоланың құрамында w(Cu) = 80-90%, w(Sn) = 10-20% болады. Қола жақсы құйылады, әрі машина жасау, көркемдеп құю үшін қолданылады. МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: МЕЛЬХИОР Мельхиордың құрамында w(Cu) = 70-80%, w(Ni) = 20-30% болады. Мельхиор жемірілуге тұрақты, әсе болады. Оны ыдыс-аяқ, машина бөлшектерін, көркемөнер туындыларын, дәл өлшегіш аспаптар жасауда пайдаланады. Нейзильбердің құрамында w(Cu) = 65%, w(Zn) = 20%, w(Ni) = 15% болады. Нейзильбер (немістің neusіlber – жаңа күміс) жемірілуге төзімділігімен, формасы өзгергеннен кейін жоғары беріктігімен және серпімділігімен, салқын және ыстық күйлерінде иілгіштік қасиетімен сипатталады. Элекротехникада, ыдыс-аяқяқ пен көркем бұйымдар, механикалық дәл приборлар, медицина аспаптарын, т.б. жасауда пайдаланылады. МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: ЖЕЗ Жездің құрамынжағы мыстың мөлшері w(Cu) = 60-90% болса, ал мырыштың мөлшері w(Zn) = 10-40% болады. Жез қатты, оны машина жасауда, тұрмыстық техника бұйымдарын жасауда пайдаланады. МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: КОНСТАНТИН Мыстың құймасы константиннің құрамында w(Cu) = 58,5%, w(Ni) = 40%, w(Mn) = 1,5% болады. Оны көбіне электрлік кедергінің төменгі температуралық қасиеті тән болғандықтан өлшеуіш аспаптардың бөлшектерін жасауды қолданады. АЛЮМИНИЙ ҚҰЙМАСЫ: ДЮРАЛЮМИН Дюралюминнің құрамында w(Al) = 95-97%, w(Cu) = 1,4%, w(Mg) = 0,4-2,8%, w(Mn) = 0,2-1% болады. Ол жеңіл, берік әрі қатты, жемірілуге төзімді болғандықтан авиа-, машина-, кеме жасау өнеркәсіптерінің негізгі материалы. АЛЮМИНИЙ ҚҰЙМАСЫ: СИЛУМИН Силуминнің құрамында w(Al) = 86-89%, w(Si) = 11-14% болады. Оны жеңіл, беріктігіне байланысты оны авто-, тұрмыстық заттар бөлшектерін құюда қолданады. МАГНИЙ ҚҰЙМАСЫ: ЭЛЕКТРУМ Электрон немесе электрум 20 ғасырда алынған. Ол өте берік әрі тығыздығы төмен болғандықтан авиа-және автокөлік өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ол 600 градуста ғана от алады. Құрамында w(Al) = 10%, w(Zn) = 3%, w(Mn) = 2,5% және магнийден тұратын құйма. БЕКІТУ ТАПСЫРМАСЫ Құймаларды құрамы бойынша сәйкестендіріңіз ? - Қола А) мыс,никель
- Силумин В) мыс,қалайы
- Мельхиор С) мыс,мырыш
- Жез Д) алюминий,кремний
1__ 2__ 3__ 4__ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!
Достарыңызбен бөлісу: |