Багратион ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата27.02.2016
өлшемі35.22 Kb.
#28578
Багратион ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Қайырлы күн құрметті жерлестер!

Сіздердің алдарыңызда 2009 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы есеп беремін.

Багратион ауылдық округінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы. 2009 жылы округте себ іліп және жиналған дәнді дақылдар мөлшері:





Атауы

Көлемі

Егістілігі

Жиналғаны

Баидай

9683

16

156041

арпа

504

19

9520

күнбағыс

3481

2

7000

Жүгері 66,6 га. егіліп, таза салмағы 10323ц алынды. Шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығының жұмысын арттыру үшін техникалар жаңартылып отырады. «Багратион 2» шаруа қожалығына 2009 жылы «Белорусь» сатып алынды, ЖШС «КХ Багратион ВВГ» күнбағыс жинауға арналған 3 машина сатып алынды. 2009 жылы егістік жерлерге ылғал жинау технологиясы енгізілді, өйткені орындалғаны үшін мемлекет қаражат бөледі. Өсімдік шаруасымен айналысу арқасында округте, жеке шаруашылықта және шаруа қожалығында мал шаруашылығы өсіп жетіледі.

Округте мал шаруашылығы түр-түрлерімен өсіріледі мысалы: сүт және ет өнімді ірі қара малдар, ұзын және қысқа жүнді қойлар, жылқылар, түйелер, маралдар және ара шаруашылығы. 1 қаңтар 2010 жылға шаруа кітабы бойынша 2149 ірі қара мал, 942 қой, 118 ешкі, 304 жылқы, 5617 құс, 240 араұясы тіркелді. Шару қожалықтарының кітабы бойынша 3194 ірі қара мал, 618 қой, 37 ешкі, 426 жылқы,405 марал, 38 түйе тіркелді. 2009 жылы 8143 ц ет, 42668 ц. сүт, 445 мың жұмыртқа, 20 ц. жүн өндірілді. Ірі қара мал басы өсу үшін «Багратион-2» шаруа қожалығында қолдан ұрықтандыру бөлімі ашылып жұмыс істейді. Округ аймағында 7 қайта өңдеу цехы тіркелген. Ауыл тұрғындарын тамақпен және керекті тауарлармен жабдықтау үшін округ аймағында 13 дүкен, 1 наубайхана жұмыс істейді, ауыл тұрғындарын нанмен жеткілікті түрде қамтамасыз етеді.

Округ әкімінің ең басты бағыты ауыл тұрғындарымен жұмыс істеу. Былтырғы жылы 77 ауызша, 4 жазбаша хаттар қаралынып барлығына қанағаттанарлықтай жауап берілді. Әкімшілік бекітілген ережеге байланысты жұмыс істейді. 2009 жылға бөлінген қаржы түгелімен игерілінді. Тұрғын үй , әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін көмек құжаттарын жинауға, аудан орталығына апарып өткізуге көмек көрсетіледі. Жыл бойында округте ардагерлер және әйелдер кеңесі жұмыс атқарып, ауыл тұрғындарына дұрыс бағыт береді. Округте тұрғын үй көмегі 65, әлеуметтік көмек 3, балаларға арналған көмек 10 жанұяға берілді. Аудан қаржысы арқылы зейнеткерлер және мүгедектерге арналып тегін жазылым ұйымдастырылды. 2009 жылы салық салынып және мынанша салық жиналынды:

Мүлік салығы - 63,0 теңге, 100 пайызға,

Жер салығы - 191,0 теңге, 100 пайызға,

Көлік салығы - 890,0 теңге, 100 пайызға орындалды. Бір күндік талоннан 88 мың ақша жиналынды.

2009 жылы округте 16 қылмысты іс тіркеліп, оның 15 ашылды, 2010 жылға көшірілді.

Ұлан ауданы әкімінің өкімімен «Ауылды көріктендіру және абаттандыру» екіайлығында ауыл тұрғындары, орта мектептер, балабақша жұмыскерлері, шаруа қожалықтары түгелдей қатысты. «Багратион -2» шаруа қожалығы және жеке тұлға Н.Салахудиновтың көмегімен ауылдан қоқыстар шығарылынды. Ұлан ауданының мәслихатымен қаңғыбас иттерді аулуаға 30000 теңге қаражат бөлінді, бөлінген қаражатты пайдаланып 30 ит жойылды.

Алдыңғы есеп беру кезеңде көтерілген сұрақтардың мәселесі шешіліп Митрофановкаға кіре беріс жол «Жол картасы» бойынша жөнделіп пайдалануға берілді. Осы жұмысты орындау үшін республикалық және жергілікті қаржыдан 2676,0 мың теңге бөлінді, олардың ішінде: республикалық қаржыдан – 1895,0 мың теңге, жергілікті қаржыдан – 781,0 мың теңге бөлінді, осы жұмысты атқаруда жұмыссыздықтар санынан 3 адам қатысты. «Жол картасының» бағдарламасың орындалу барысында Привольное орта мектебінің сыртқы қасбетіне толық жөндеу жұмысы жүргізілді. Жөндеу жұмысын жүргізуге 1000000 теңге, оның ішінді: мемлекеттік қаржыдан – 695,0 мың теңге, жергілікті қаржыдан – 305,0 мың теңге бөлінді, белгіленген жұмыстар атқарылып, бөлінген қаржы түгелімен игерілінді. 2009 жылы Привольное ауылында байланыс бөлімі салынып қолдануға берілді. Митрофановка ауылында Токпанов және Молодежная көшесі жарықтандырылды, Привольное ауылында Набережная көшесі жарықтандырылды.

2009 жылы округте «Колосок» балалар бақшасында тағы 50 балаға орын, 1 дәмхана, 1 жеңіл көліктерді жөндейтін орын ашылды.

2009 жылы Привольное ауылында 400 абонентке және Митрофановка ауылында 102 абонентке арналып ЭМС -240 станциясы орнатылды қазір байланыс жақсы жағдайда. Жыл бойында ауылда мәдени-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатады. 2010 жылы су құбырына 900 мың теңге қаражат бөлінді.

Бүгінде халық алдында әр бір мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы ерекше, сондықтан біздің міндет ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мәселелерін шешуге көмектесуіміз керек.

Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



Округ әкімі М.Аргимбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет