Үлгілімалшы селолық округінің әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистері



Дата24.02.2016
өлшемі33.47 Kb.
#13499
Үлгілімалшы селолық округінің әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Үлгілімалшы селолық округінде 2015 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 308 аула, оның ішінде мал ұстайтын аулалар саны 244. Селолық округте өткен жылы 1 тұрғын үй салынып, пайдаланылуға берілді. Округте 12 адам жұмыспен қамтылды.

Шағын ауылдарды ауыз сумен қамту бойынша аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес Мамай ауылында су құбыры орнатылды.
2014 жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша округте 5 миллион теңге игеріліп, нәтижесінде ірі қара малын өсіру бойынша 2 бизнес жоба іске асып, 2 жұмыс орны құрылды. 2013 жылы несиелендірілген 2 жоба: Қоныспаева Розаның тротуарлық төсеніш жасау цехы мен Мұсаев Дулаттың қамыс байлау цехы бүгінгі күнде табысты жұмыс істеуде.

Аталмыш бағдарламаның 3 бағыты – оқыту арқылы жұмыспен қамту бойынша Үлгілімалшы ауылындағы мектепке осы мектептің түлегі Қоробаева Гүлнұр мұғалім болып келді. Елімізде 2009 жылдан бастап «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бар, аталмыш бағдарлама бойынша 2014 жылы округке 1 дәрігер және 1 мал дәрігері келді.

2014 жылы «Жайлау» бағдарламасы бойынша округтің 4 тұрғынының әрқайсысына 100 бас саулық қойдан берілді.

2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 36,1 млн теңгені құрады. Оның ішінде 30 млн теңге «Бекзат» шаруа қожалығына алынған «Жабы» асыл тұқымды жылқылары және «ҚалМұхЖом-Ахмет» шаруа қожалығының алған ауыл шаруашылық техникалары мен асыл тұқымды ұсақ малдары. Қосымша салық 2 998 384 теңге, жыл басында берілген жоспар 149,9 пайызға орындалды. Мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған субсидияландыру жүргізілуде. Округтің 11 шаруа қожалығына мал басын асылдандыруға, мал азығын арзандатуға жеңілдік беретін субсидиялар төленуде. Бұл көмек асыл тұқымды мал басы санын арттыруға бағытталған. 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша мал басы саны төмендегідей: ірі қара - 6264 бас, ұсақ мүйізді мал –10 104бас, жылқы – 1535 бас. Округтің егістік алқабы 1510 гектар. Аграрлық саладағы оңды өзгерістерден басқа шешілмеген түйткілді мәселелер де бар. Ол - эпизоотиялық қауіпсіздік. 2014 жыл бойы сарып ауруына 71 бас ірі қара мал, 199 бас қой-ешкі, 6 ит анықталды. 2015 жылға ветеринарлық сала мамандарының алдына округтегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандырып, сарып ауруына жол бермеу туралы міндет қойылады.

Округтің әлеуметтік экономикалық дамуының бір көрсеткіші – шағын және орта бизнестің дамуы. Бұл саланы дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Округ тұрғындарына шағын кәсіпкерліктің 16 нысаны қызмет көрсетуде: 12 дүкен мен дүңгіршектер, 2 наубайхана, 1 тротуарлық төсеніш жасау цехы мен 1 қамыс байлау цехы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 6,8 млн теңгеге 19 меморандум жасалды, бүгінгі күнде барлығы орындалды. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары «Қалмұхжом-Ахмет» шаруа қожалығы мен «Чингиз» шаруа қожалығы басшыларын атап өткім келеді.

Білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базаларын нығайту: 2014 жылы Абай атындағы «Мектеп-балабақша кешенінде» 4 млн теңге қаражатқа химия кабинеті жабдықталды. Округімізде «Балапан» бағдарламасы бойынша 2014-2015 оқу жылында қосымша 1 топ ашылып, толық жабдықталды. Үлгілімалшы ауылындағы мектептің алдында тұрған абыройлы міндет – республикадағы 12 жылдық білім беру жүйесіне өткен 30 мектептің қатарына енуі. Бұл ұстаздар қауымына, оқушыларға, ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

2014 жылы округіміздің жас спортшыларының еңбегінің нәтижесінде аудан әкімінің жүлдесіне өткен аудандық спартакиадада округ командасы 17 команданың ішінде 2 жүлделі орынға көрсетсе, футбол командасы 1-орынға ие болды.

Округтің қоғамдық -саяси жағдайының тұрақты болуы әлеуметтік - экономикалық дамуға, тұрғындардың өз болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді. «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша «Қалмұхжом-Ахмет» шаруа қожалығының басшысы М.Қ.Хабидолданов 1 млн 600 мың теңге қаражатқа Сүлеймен ауылындағы зиратты қоршады.Үлгілімалшы селолық округі «Нұр-Отан» бастауыш ұйымына 92 адам мүше. Тұңғыш Президент күні қарсаңында 10 адаммен партия қатары толықты.

Округте сәтсіз жанұялар, қараусыз қалған балалар жоқ, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс тіркелмеген. Бірақ тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылармен, ондағы балалармен мектеп психологымен және әйелдер ұйымы мүшелерімен бірлесіп әңгімелесулер жүргізілді.

Өткен жылы атқарылған жұмыстар біршама, атқарылатын жұмыстар одан да көп. Алдағы уақыттағы әкімшіліктің қызметі Елбасы жариялаған «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында көрсетілген тұрғындардың өмір сапасын жақсарту жолындағы стратегиялық мақсаттар мен даму міндеттерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін болады.



2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызды «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда береке-бірлік танытуға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет