Бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері



бет2/4
Дата15.07.2016
өлшемі295 Kb.
#201920
1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділетмині) бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың қаржылық есептілігі мен Қазақстан Республикасының заңнамаcына сәйкестігіне, Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) алу жауапкершілігі жүктелген салықтық емес төлемдердің толық түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына жүргізілген бақылаудың барысында жалпы сомасы 1 718,4 млн.теңгенің бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары, әкімшілік айыппұлдар мен атқарушылық санкцияны өндіріп алу, мемлекет пайдасына тәркіленген мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және сату бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмағаны анықталды.

Әділетмині бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде қолда бар ішкі резервтерді, дебиторлық берешекті, тауарлардың қалдықтарын ескермейді. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржы тәртіптерінің бұзылуына жол берілуде. Әділет органдарының жылдық еңбекақы қоры 2012 жылы 1 207,5 млн.теңгені, жалпы саны 2255 бірлікті (штат қызметкерлері санының 126 %-ы) құраған штаттан тыс қызметкерлерінің шекті санын белгілейтін нормативтер әзірленбеген.

2011 жылы Әділетминінің орталық аппараты бойынша қосымша қаржы төлемдерінің сомасы бастапқысына қарағанда 6 есеге ұлғайып, 369,6 млн.теңгені құраған. Есептеулерге сәйкес, 2011 жылы бір қызметкерге жылына 11 лауазымдық жалақы сыйлықақы белгіленіп, іс жүзінде 9 жалақы төленген.

Бюджеттік өтінімде қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен анықтығы қамтамасыз етілмегендіктен, «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-нің (бұдан әрі – «РҚАО» РМК) кірістері 248,2 млн.теңгеге төмендеуіне жол берілген.

«РҚАО» РМК Бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бұза отырып, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Collocation серверлік жабдығын орналастыру бойынша 3,7 млн.теңгенің қызметіне ақы төлеген, ал іс жүзінде ол Әділетминінің балансында есепте тұрған. Сондай-ақ Әділетмині «Әлем елдерінің өнертабыстары» атты деректер қорының 19,4 млн.теңге болатын бір жұмыс орнын құжаттамалық ресімдеусіз «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-ге берген.

Әділетмині Сот сараптамасы орталығы Маңғыстау ғылыми-өндірістік зертханасының құны 204,0 млн.теңгені құрайтын қызметтік ғимаратын сатып алуға бюджеттік өтінімде көрсетілген ақпарат пен есептеулердің толықтығын, анықтығын қамтамасыз етпеген. Сатып алынған ғимараттың алаңы 166,3 шаршы метрге негізсіз төмендетіліп, ғимараттың құны 30,6 млн.теңгеге асыра көрсетілген. Бұл ретте, 2010 жылы Ақтөбе қаласында осындай зертхана 130,0 млн.теңгеге сатып алынған, ал интернет-ресурстағы ақпарат бойынша Ақтау қаласындағы осыған ұқсас офистік ғимараттың құны шамамен 144,9 млн.теңгені құрайды.

Астана қаласындағы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы әділет департаменттерінің баланстарында азаматтарды тіркеу кітабының жалпы сомасы 34,5 млн.теңгені құрайтын 411 мың данасы пайдаланылмай, есепте тұр. Астана қаласы әділет департаментінің балансындағы 2011 жылы Комитет берген, құжаттары жоқ, қозғалтқыш көлемі белгіленген нормативтен асып кететін (4500 текше см), баланстық құны 6,0 млн. теңгені құрайтын, ақауы бар «Porshe Cayenne» автомобилі бақылау кезінде жеке тұлғаның тіркеуінде болды.

Әділетминінің балансында жалпы сомасы 11,3 млн.теңге болатын 3 лимиттен тыс көлік құралы есепте тұр, оларды ұстауға қосымша 0,8 млн.теңге жұмсалған. Әділетминінің гаражының кәріздік трассасын салу үшін жалпы сомасы 1,8 млн.теңгеге сатып алынған бұрғылау жабдығы және экскаватордың шөміші бір жылдан астам уақыттан бері пайдаланылмай тұр. Сондай-ақ Мемлекеттік мүлікті тапсыру ережесін бұза отырып, уәкілетті органның келісімінсіз Заңнама институтының жалдау ақысы 1,0 млн.теңгені құрайтын 83,4 шаршы метрлік үй-жайы Республикалық жеке сот орындаушыларының алқасына жалға берілген.

Мемлекет мүддесін қорғау және білдіру, адвокаттық қызмет көрсету бойынша заңгерлік қызметтерге негіздемелері мен есептеулері болмаса да, 2011 жылы ҚР Бас прокуратурасына Үкіметтің резервінен 3,0 млн.АҚШ доллары және 225,0 мың евро (490,0 млн.теңге) сомасында ақша қаражаты бөлінген.

Аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жалпы сомасы 9,9 млн.теңгенің бұзушылықтарына жол берген, бұл ретте өнім берушілерден жалпы сомасы 10,9 млн.теңгенің шарттық міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындамағаны үшін айыппұл санкциялары өндіріп алынбаған.

Атқарушылық іс жүргізуді бақылауға және ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға арналған, баланстық құны 100 млн.теңгені құрайтын, «Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі» («АІЕБАЖ» АЖ) тұрақты жұмыс жасамағандықтан, Комитеттің аумақтық органдары атқарушылық іс жүргізуді қолмен толтырып, кейіннен конвертациялау арқылы «АІЕБАЖ» АЖ-ға енгізіп отырады. Сөйтіп, өңделетін құжаттар саны көп болғандықтан, есептілікте көптеген бұрмаланушылыққа, атқарушылық істердің жоғалып кетуіне жол берілуде. Тек Ақмола және Қарағанды облыстарының департаменттерінде ғана бюджет кірісіне 57,9 млн.теңгені өндіріп алу бойынша 43 атқарушылық іс жоғалған.

Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері санаттар бойынша орындалмаған іс жүргізулер санының өсуіне ықпал ететін себептерді талдауды тиімді ұйымдастырмаған.

2011 жылы әкімшілік айыппұлдар бойынша орындалмаған құжаттар қалдығының жыл басына қарағанда 1,4 есеге (36,3 мың іс), ал өндіріліп алынбаған айыппұлдар сомасының 1,7 есеге (9 401,6 млн.теңге) өсуіне жол берілген. Бақылау кезінде алдыңғы кезеңдегі, яғни 2007-2008 жылдардағы нәтижелерге қарағанда, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткішінің серпіні төмендегені атап өтілді.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері мәжбүрлеп орындауға жолданған әкімшілік материалдарды уәкілетті органдармен салыстырып тексеруді тиімсіз ұйымдастырған. Нәтижесінде, тек 2011 жылдың өзінде Алматы қаласының ІІД жол полициясы басқармасы бойынша 96028 істе айырмашылық болып, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарушылық іс жүргізу бойынша айырмашылық 19690 істі құрады.

Бақылау кезеңі ішінде жалпы сомасы 141,3 млн.теңгеге қозғалған 136 атқарушылық іс жүргізу бойынша әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулыларды мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданбаған.

Заңнаманы бұза отырып, 2011 жылы 102 847 атқарушылық іс жүргізу бойынша сот органдарының қарауына тек 3084 әкімшілік іс (3,0 %) жіберілген, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 65263 жүргізілген істің 2028-і (3,1 %) жолданған.

Астана қаласының аумақтық бөлімшесінде 2011 жылғы наурыз - 2012 жылғы мамыр айлары аралығында қозғалған 18 атқарушылық іс жүргізу бойынша тәркілеуге жататын және тергеу мен өзге де іс-шаралар барысында алынған жалпы сомасы 3,1 млн.теңгенің ақша қаражатын мемлекет кірісіне аудару туралы мәліметтер болмай шықты. Бұл ретте бақылау кезінде 2012 жылғы наурыз-мамыр айлары аралығында қозғалған 22 атқарушылық іс жүргізу бойынша тәркіленіп, есепке алынған жалпы сомасы 9,6 млн.теңгенің ақша қаражаты бюджетке аударылмаған. Сонымен бірге, атқару парағы бойынша тәркіленген 94,7 млн.теңгенің ақша қаражаты 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап мемлекет кірісіне қайтарылмаған.

Ақмола, Қызылорда облыстарында және Астана қаласында 10 атқарушылық іс жүргізу бойынша тәркіленген мүлікті өткізуден түскен жалпы сомасы 9,8 млн.теңге қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылмаған.

Атқарушылық санкцияларын өндіріп алу жөніндегі жұмыс тиімді ұйымдастырылмаған, 2011 жылы өндіріп алудың осы түрі жалпы мәжбүрлеп өндіріп алынған (51198 млн.теңге) соманың 2,0%-ын (1013,9 млн.теңгені) құрады. Осыған ұқсас жағдай 2012 жылдың бірінші тоқсанында да қалыптасып, аталған өндіріп алу, сәйкесінше, өндіріп алуға жататын 21027 млн.теңгенің 2,1%-ын (434,9 млн.теңгені) құрады.

Қызылорда облысының департаменті Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесінің 4-тармағының 5-тармақшасын бұза отырып, «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсімі бойынша ресімделген 1,4 млн.теңгенің өндірістік тауарларын және халық тұтынатын тауарларын есепке алмаған. Аумақтық бөлімшелер тәркіленген мүліктерді сату жөнінде шараларды уақтылы қабылдамағандықтан, «Би-Логистикс» АҚ-ның қоймаларында жалпы сомасы 81,6 млн.теңгенің 72000 бірлік тауары бір жылдан астам уақыт бойы ұзақ сақтауда жатыр.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті әкімшілік айыппұлдарды, атқарушылық іс жүргізу санкциясын өндіріп алу бойынша жұмыстардың тиімсіз жүргізілгеніне, мемлекет пайдасына тәркіленген мүліктерді есепке алу, сақтау және сатудың қанағаттанарлықсыз дәрежеде ұйымдастырылғанына Әділет министрлігінің назарын аударды.

Үкіметке белгіленген нормаларға және стандарттарға сәйкес, Комитетті штаттан тыс қызметкерлермен қамтамасыз етудің шекті санын белгілейтін нормативтер әзірлеу мәселелерін қарау жөнінде ұсыныс берілді.

Әділет министрлігіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтауды, әкімшілік айыппұлдарды, санкцияларды өндіріп алу, мемлекет пайдасына тәркіленген мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Өңірлер бөлінісінде

Қарағанды облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатын, соның ішінде нысаналы трансферттерді, кредиттерді, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен бірлескен бақылаудың қорытындысы бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 1705,0 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталғанын көрсетеді.

2010-2011 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 75 950,1 млн.теңге нысаналы трансферттер мен кредиттердің 2 587,0 млн.теңгесі игерілмей қалған.

Облыста Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде тұрғызылып жатқан 13 объектіні салу аяқталмаған. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде салынған, қайта жаңартылған және сатып алынған 1,8 млрд.теңгенің жалпы алаңы 31,4 мың шаршы метрлік 43 тұрғын үйіне ешкім қоныстанбаған. Құрылысы 2010 жылы басталған 12 сумен жабдықтау объектісі аяқталмай қалған. Бұл ретте 2011 жылы 11 объекті бойынша жобалау сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп, сметалық құны 1 420,1 млн.теңгеге қымбаттаған.

Бұқар жырау ауданы Дубовка ауылындағы құны 1,1 млрд.теңге болатын су құбыры желілері санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты, мақсаты бойынша пайдаланылмауда. Теміртау қаласындағы АБВ және Соцгородок кварталдарында ескі жоба бойынша 2011 жылы салынған құны 135,8 млн.теңгенің су құбыры желілері қаланың орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған, тұтынушылардың үйлеріне дейін тартылмаған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақы төленген көлемдерін орындамауға қатысты көптеген фактілер анықталды. Атап айтқанда, кредиттік тұрғын үй салу кезінде (Шахтерлар даңғылы, 36/1) – 1 256,3 млн.теңгенің, №45 және №47 тұрғын үйлерді салу кезінде – 44,1 млн.теңгенің, құрылыс инфрақұрылымын салу кезінде (Шахтерлер даңғылы, 35) 1,2 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары орындалмаған.

«Қарағанды қаласындағы ЖЭО-3-тің №2 күл үйіндісі бөгетін кеңейту» объектісі бойынша жалпы 8,8 млн.теңгенің жұмыстары орындалмаған. 2011 жылы 1,5 млрд.теңге бюджет қаражаты жұмсалғанымен, объект 5 айдан астам уақыт бойы пайдалануға берілмеген. 2012 жылғы 1 сәуірге, мердігер «POWER ENERGY» ЖШС-ға есептелген тұрақсыздық айыппұлы жалпы 228,4 млн.теңгені құрады.

Мердігер «ЮТЭКС» ЖШС-ның 9-шағынаудан, Ермеков көшесіндегі №5 блоктағы (нөлдік цикл) тұрғын үйді салу барысында орындамаған жұмыстарының көлемі 596,1 мың теңгені құрауда. Сонымен қатар, «ЮТЭКС» ЖШС-дан 25,3 млн.теңгенің шарт талаптарын уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыппұлы өндіріліп алынбаған.

Пайдалануға беру барысында 134 жұмыс атауы бойынша 12,0 млн.теңгенің бірқатар ақаулар мен кемшіліктерінің анықталуына, жекелеген медициналық жабдықтарды толық жеткізбеуіне және қоспауына байланысты, Қарағанды облыстық қан орталығының объектісі жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылданбаған.

2011 жылғы 31 желтоқсанға Қарағанды облысы бойынша республикалық бюджетке 33,4 млрд.теңге салық төлемдері асыра төленген, бұл 2011 жылғы республикалық бюджеттің салық түсімдерінің 17,6 %-ын құрайды. Бұл ретте, салық бересісін қысқарту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, облыстың салық төлеушілерінің республикалық бюджет алдындағы берешегі өсуде. Мәселен, 2012 жылғы 1 қаңтарға, облыс бойынша салық бересісі 11,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 3,8 млрд.теңгеге немесе 51,0 пайызға жоғары. Тәуекелдерді басқару жүйесінің нашар пайдаланылуына байланысты, 2010 жылы салықтық тексерулердің жалпы санының 49,7 %-ы нөлдік қосымша есептеулермен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулысымен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесінде коксты көмірдің болмауы жер қойнауын пайдаланушыларға салық органдары тарапынан мониторинг пен бақылаудың жүргізілмеуіне мүмкіндік береді, бұл экспорттық түсімге салық салуды қысқартуға алып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы №1249 қаулысымен бекітілген Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасының 4-тармағында белгіленген автокөлік құралдарының құнын түзетуге арналған ақпарат дереккөзін салық органдары өз жұмысында қолданбауда, бұл жайт, аталған тетіктің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуда.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның филиалы «Балқаштүстімет» өндірістік филиалы жалға алған жер учаскелерінің мәртебесі дұрыс белгіленбеуіне және санитарлық-қорғау аймақтарының жеке және заңды тұлғалар жалға алатын жер учаскелері бойынша сәйкестендіру құжаттарына енгізілмеуіне байланысты, жергілікті бюджетке жыл сайын 405,9 млн.теңге мөлшерінде есеп айырысу сомасындағы жалдау ақысы мен жер салығы түспеуде.

Қарағанды облысы бойынша салық органдары «Темір Металл трейд» ЖШС-ға қайта тексеру жүргізген кезде ҚҚС-ны негізсіз есепке алған және 1,3 млн.теңгеге азайтқан.

Бақылау барысында жеке кәсіпорындардың жалған кәсіпорындармен жалпы 36,7 млн.теңгеге өзара есеп айырысу жүргізгені, жалған кәсіпорындармен жасалған өзара есеп айырысуды банкротқа ұшыраған кәсіпорындармен ауыстырғаны анықталды.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға арналып, нысаналы трансферттер түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағанына Қарағанды облысы әкімінің назарын аударып, оған анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Үкіметтің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулымен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесіне коксты көмірді енгізу; жер қойнауын пайдаланушылардың қол қойылған меморандумдар мен келісімшарттар бөлінісінде өңірлерді әлеуметтік дамытуға арналған аударымдары бойынша бірыңғай республикалық ақпараттық дерекқор қалыптастыру мәселелерін қарау жөнінде Үкіметке ұсыныс берілді.



Есеп комитеті тексеру комиссиясымен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысында жүргізген бақылау іс-шарасының барысында бюджет заңнамасының жалпы 3 510,8 млн.теңгеге, соның ішінде есептелген кедендік төлемдер мен баждар бойынша 12,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Жергілікті бюджеттің 2011 жылғы кіріс бөлігінің жоспары 3,08 млрд.теңгеге орындалмаған. Жоспар бойынша 42,45 млрд.теңге қарастырылғанымен, іс жүзінде 39,37 млрд.теңге (92,7%) түскен.

Облыс әкімдігі Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауға және күрделі жөндеуге, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға бағытталған жалпы 2 337,2 млн.теңге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері бойынша келісімдерде көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етпеген.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабы бұзыла отырып, жергілікті бюджет қаражатының кіріс бөлігі орындалмағандықтан, 2011 жылы бөлінген 20,53 млрд.теңге нысаналы трансферттердің 1,52 млрд.теңгесі атаулылық және нысаналы сипат принципін бұзушылықпен жұмсалған, бұл жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде кредиторлық берешектің пайда болуына алып келген.

Облысқа төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипат принципін бұзушылығы кездеседі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен объектілерді салуға және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражатты толығымен игеру бөлігіндегі түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Мәселен, құрылыс жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы болмаса да, 318,2 млн.теңге бөлінген. Бұл ретте 133,5 млн.теңге мөлшеріндегі пайдаланылмаған қаражат жылдың соңында республикалық бюджетке қайтарылмай, қаржы жергілікті бюджет шығыстарына жұмсалып кеткен.

«Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» МҚКК қаржы-экономикалық негіздемеде жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың есебінен қарастырылған 275,0 млн.теңгенің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етпеген. Сондай-ақ 18 көп пәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылғанымен, тек 8 үйде ғана жөндеу жұмыстары аяқталған.

Жолдардың пайдалану-техникалық жай-күйінің төмендеп бара жатқандығы байқалады. Мәселен, облыстық маңызы бар «Ақсай-Шыңғырлау» автомобиль жолының 51-86 км, сондай-ақ «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автомобиль жолының 76-113 км учаскелерінде күрделі жөндеу жұмыстары 2008 жылдан бері жүргізіліп келе жатқандығына қарамастан, аталған бірде-бір учаске бақылау кезінде пайдалануға берілмеген. Бұл орайда, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың ұзақтығы 8 айдан аспайды, яғни жобалардың мерзімінде аяқталмауы олардың түзетілуіне және қымбаттауына алып келеді.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабын бұза отырып, Батыс Қазақстан облысына тасқын су зардаптарын жою мақсатында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бөлінген 1 172,2 млн.теңге нысаналы трансферттердің есебінен Қаратөбе, Жаңақала және Бөрлі аудандарында төтенше жағдайлар болмаса да, мұндағы автомобиль жолдарына 183,7 млн.теңгеге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

2011 жылы жалпы 1 926,9 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының рұқсатынсыз басталған. Денсаулық сақтау объектілерін салу бойынша 291,8 млн.теңгеге шарттар жасасу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормалары қолданылмаған.

Орал қаласындағы жалпы 18,2 млн.теңгеге көп пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылысы техникалық қадағалаусыз жүзеге асырылған.

Жалпы ұзындығы 111,148 км, құны 1 032,2 млн.теңге тұратын «Ақсай қаласын және Бөрлі ауданының оңтүстік бөлігіндегі елді мекендерді «Ақсай» газ бөлу станциясынан газбен жабдықтау» объектісінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілмеген, тұтынушыларға жылына 60 587 текше метр көлемінде табиғи газ беру жөніндегі міндет орындалмаған.

Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының қазақстандық филиалында және мердігерлік ұйымдарда 2004-2006 жылдарды қамтыған бақылауы барысында жалпы 46,74 млрд.теңге мөлшерінде қосымша салық есептелген. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен мақұлданған Реттеу туралы келісімге сәйкес, өндіріп алынатын қосымша есептелген соманың мөлшері 95,16 млн.АҚШ долларына азайтылған. 2012 жылғы 1 маусымға, өндіріліп алуға жататын сома республикалық бюджет кірісіне түспеген. Осыған қарамастан, 2011 жылы облыстың салық комитеті «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» филиалына 2009 жыл үшін 20,4 млрд.теңге мөлшерінде қосылған құн салығын қайтарған.

Сонымен қатар, облыстың салық комитеті белгіленген мерзімде салық органдарына салық есептілігін ұсынбағаны үшін 33 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаған.

Жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерді ескере отырып, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауға және күрделі жөндеуге, кадрлар даярлауға және қайта даярлауға бағытталған нысаналы трансферттер жөніндегі келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге тиісті шаралардың қабылданбағанына Батыс Қазақстан облысы әкімінің назарын аударды.

Қаржы министрлігінің Салық комитетіне «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясы мен оның мердігерлік ұйымдары бойынша салық салынатын табысты және бөлінетін кірістердің үлесін есептеудің негізділігі мен анықтығына тексеру жүргізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.



Ақмола облысына 2010-2011 жылдары және 2012 жылдың 5 айында бөлінген республикалық бюджет қаражатын, соның ішінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға берілген нысаналы трансферттерді және кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясымен бірлесіп жүргізілген бақылаудың барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 12 938,7 млн.теңгеге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 250,0 млн.теңгеге бұзушылықтары, республикалық бюджеттің 1,0 млрд.теңгеге шығын шеккені анықталды.

Аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында 2011 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 17 нысаналы индикаторына қол жеткізілмеген, нәтижелердің 355 көрсеткішінің 85-і орындалмаған.

Жергілікті атқарушы органдар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген қаражатты жеткілікті дәрежеде тиімді және ұтымды пайдаланбай отыр. Бірқатар әлеуметтік маңызды объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілмеген.

2010-2011 жылдары игерілмеген нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 6 490,8 млн.теңгені, кредиттер 143,5 млн.теңгені құрады.

Салықтық әкімшілік ету шараларының тиімділігінің жеткіліксіздігі, қосымша есептелген сомаларды өндіріп алу пайызының төмендігі облыстың салық базасының өсуіне ықпал етпей отыр. Бюджетке түсетін салықтық және кедендік түсімдерді ұлғайтудың ішкі резервтерін іздестірудің жолдары қарастырылмай келеді.

Тауарлар дұрыс топтастырылмағандықтан, кеден баждарының ставкалары дұрыс қолданылмағандықтан, кедендік төлемдер мен салықтар (бұдан әрі - КТмС) 23,2 млн.теңгеге кем түскен. Нәтижесінде әкелінетін/әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждарының әлдеқайда төмен ставкаларымен кедендік ресімдеудің салдарынан бюджеттің шеккен шығындары 272,3 млн.теңге болды. «JOINING-GROUP A» ЖШС КТмС бойынша 210,5 млн.теңге берешегін төлеместен, қайта ұйымдастырылып, таратылып жіберілген.

Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Мәселен, 629 ауылдық елді мекеннің тек 331-і ғана орталықтандырылған көздерден берілетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 12 сумен жабдықтау объектісі аяқталмаған, бұл ретте олардың құрылысы және оларды реконструкциялау 2009-2010 жылдары басталған болатын.

Жалпы білім беру мекемелерінің және мектепке дейінгі ұйымдардың жеткіліксіздігі, балаларға арналған спорт залдарының артық жүктемемен жұмыс істейтіндігі, жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық тұрғыдан тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмегендігі атап өтіледі.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасы жеткілікті дәрежеде дамымаған күйінде қалып отыр. Мекемелер кадрлармен толық жасақталмағандықтан, бастапқы медициналық-санитарлық көмек шеңберіндегі медициналық қызметтер толық көлемінде көрсетілмеген, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарды медициналық техникамен жарақтандыру стандарттарының ең төменгі көлемінің тізбесіне кірмейтін жабдықтарды 227,9 млн.теңгеге сатып алу фактілері анықталған.

Шетелдік селекцияның ірі қара малының асыл тұқымды төлін сатып алу жөніндегі нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген, 2010-2011 жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге бөлінген трансферттердің 599,2 млн.теңгесі игерілмеген.

Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерде 2010-2011 жылдары Қосшы ауылында 519,4 млн.теңгеге денсаулық сақтау және білім беру объектілерін, 1462,5 млн.теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі жоспарланған іс-шаралар орындалмаған.

Жалпы сомасы 619,9 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмаған көлемі үшін ақы төлеу фактілері анықталды. «Қосшы ауылында «Северная» 110/10 кВА қосалқы станциясы» объектісіндегі жұмыстар үшін шартта көзделгеннен артық 45,5 млн.теңге төленген, бухгалтерлік есепте 18,6 млн.теңге мөлшерінде аванс көрсетілмеген, «СМР Павлодар» ЖШС-ның 97,2 млн.теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегі өтелмеген.

Облыстың әлеуметтік маңызы бар объектілерін салу кезінде 363,5 млн.теңгенің жеткізілмеген жабдықтарына, жиһаздары мен материалдарына ақы төленген.

Талапкер ауылында 900 орынға арналған мектеп құрылысы техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асырылған. ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы болмаса да, объектілерді салуға 1 272,4 млн.теңге және екі жоба бойынша ТЭН-нің болмағанына қарамастан, 2 938,3 млн.теңге бөлінген.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, бес объекті бойынша жалпы 326,5 млн. теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының (МСҚБ) рұқсатынсыз орындалған, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган 2 912,8 млн.теңгенің 3 жұмыс жобасын бекітпеген.

Көкшетау қаласындағы күл үйіндісі «табақшасын» салу жөніндегі сметада ескерілмеген елеулі жұмыстардың болғанына қарамастан, ЖСҚ түзетілмеген және қайта бекітілмеген. Бұл ретте «INTERSTROY-ART» ЖШС 223,3 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындамаған.

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын іске асыруға бөлінген нысаналы трансферттер игерілмегендіктен, оның жекелеген бағыттары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген. 2011 жылы экономикалық әлеуеті төмен ауылдық елді мекендерден 53 отбасын экономикалық белсенді орталықтарға көшіру қамтамасыз етілмеген, сөйтіп, осы мақсатқа бөлінген 5,6 млн.теңге игерілмей қалған.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредиттер беру жөніндегі талаптардың бірқатар бұзушылықтары атап өтіледі. «Жарқайың-Бизнес» кредиттік серіктесігі» ЖШС-да 17 қарыз алушы 36,6 млн.теңге мөлшеріндегі кредиттерді нысаналы пайдаланғандары туралы құжаттар ұсынбаған.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырудың шеңберінде 2011 жылы және 2012 жылдың 5 айында бөлінген жалпы сомасы 361,5 млн.теңге нысаналы трансферттер игерілмеген, Бағдарламаның жекелеген жобалары іске асырылмауда. Индустриялық инфрақұрылымды дамытуға арналған бағдарлама аясында бөлінген 195,0 млн.теңге игерілмеген, облыстың кемінде 6 кәсіпорнын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген республикалық бюджеттің 2 692,4 млн.теңге нысаналы трансферті қолданыстағы заңнаманы бұза отырып пайдаланылған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті және Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы:

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетімен бірлесіп, автобөлшектер деген желеумен бөлшектелген түрде автосүйрегіштер әкелуден Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ішкі нарығын қорғау жөнінде шаралар кешенін әзірлеп, осы мәселені Кеден одағының Еуразия экономикалық комитетінде қарастыру жөнінде бастамашылық жасауды;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде КТмС бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы міндетті түрде тіркеу органына ұсынуға қатысты бөлігінде белгіленген тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауды;

- Ақмола облысының әкіміне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Астана қаласын дамытуға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың, қаржының игерілмеуін, инвестициялық жобалардың қымбаттауын және сапасыз жоспарлануын ескере отырып, олардың басқарудың тиімділігіне Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясымен бірлесіп жүргізілген бақылаудың қорытындысын қарап, бюджет және өзге де заңнама талаптарының 17 832,1 млн.теңгеге бұзушылығы атап өтілді.

Жүргізілген бақылаудың нәтижелері Астана қаласы әкімдігі, уәкілетті органдар көлік инфрақұрылымының, білім берудің, денсаулық сақтаудың және энергетиканың объектілері бойынша инвестициялық жобаларды жетілдірудің қажетті деңгейін қамтамасыз етпегенін көрсетеді. 2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы инвестициялық жобалардың саны 23,6%-ға өскен, қаржыландыру көлемі 14,7%-ға ұлғайып, 172,8 млрд.теңге болған. Бұл ретте білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру жүргізілмеген, ал автокөлік жолдары саласында қоса қаржыландыру жоспарланған көрсеткіштің 33,3%-ын құраған.

Астана қаласын дамытуға бөлінген бюджет қаражаты салықтық базаны ұлғайтуға оң әсерін тигізбей отыр. Бұл ретте 2012 жылы салықтық түсімдер 2011 жылғы деңгейден 2 366,9 млн.теңгеге төмен жоспарланған, қала бюджетінің кіріс бөлігі көбінесе республикалық бюджет трансферттерінің есебінен толықтырылуда. Ал 2011 жылы 5301,2 млн. теңге нысаналы трансферт игерілмеген.

Бюджет қаражаты жобалар бойынша бөлінгенімен, сол жобалардың көпшілігінің іске асырылуы қаржы жылы ішінде тоқтатылып қалуда. Бұл ретте инвестициялық жобалар тізбесіне жаңа объектілер енгізілуде. Нәтижесінде тек 2011 жылы жалпы 21 жоба, соның ішінде 7 білім беру объектісі, 14 көлік инфрақұрылымы объектісі аяқталмаған. Пайдалануға берілуі жоспарланған 9 балабақшаның тек 4-уі тапсырылып, 2 мектеп пайдалануға берілмеген.

Жолдарды салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде жер учаскелерін босату мәселелері жеткілікті дәрежеде пысықталмаған. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып, республикалық бюджеттің елеулі қаражаты жобалардың іске асырылуына емес, жер учаскелерін сатып алуға бағытталған. Мәселен, жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген болса да, «Иманов көшесі бойындағы жолды Республика даңғылынан Гумилев көшесіне дейін реконструкциялау» объектісі бойынша жер учаскесін сатып алуға 2 067,4 млн. теңге жұмсалған.

Дәл осылайша «Сейфуллин көшесі бойындағы жолды Күмісбеков көшесінен Бейсеков көшесіне дейін салу» және «Қонаев көшесі бойындағы жолды салу» объектілері бойынша жер учаскелерін сатып алуға, тиісінше, 437,1 млн.теңге және 211,5 млн.теңге мөлшерінде шығыстар жұмсалған.

2010-2011 жылдары білім беру объектілерінің құны жалпы 1064,0 млн.теңгеге, денсаулық сақтау объектілері – 5539,1 млн.теңгеге, көлік инфрақұрылымы объектілері 6557,0 млн.теңгеге қымбаттаған. Олардың қымбаттауының негізгі себептері: жобалауға арналған тапсырмалардың тиісті дәрежеде дайындалмауы, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптаманы жүргізу сапасының төмендігі, құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталмауы, құрылыстың нормативтік мерзімдерінің бұзылуы және т.б.

Құрылыс жүргізу барысында қосымша келісімдер негізінде объектілерді пайдалануға берудің мерзімдерін ауыстыру тәжірибесі қолданылуда. Мәселен, «Астана қаласында жауын-шашын кәріз жүйесін дамыту» жобасы жөніндегі шартқа 18 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жобаны іске асырудың мерзімі 2013 жылға ауыстырылған. Білім беру, денсаулық сақтау және автожол салаларындағы жобалар бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан.

2008 жылғы 19 мамырда ашық конкурс тәсілімен өткізілген «Астана қаласының Көктал-2 ауданында 800 орынға арналған мектеп құрылысы» объектісі бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптары 1079,9 млн. теңгеге бұзылған. Біліктілік талаптарына сай келмейтін «Нур-Текс» ЖШС жеңімпаз деп танылған, ал оның материалдық базасының бар-жоғын растайтын құжаттары конкурстық өтінімінде болмаған.

Өз кезегінде, «Астана қаласында Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай 1200 орынға арналған мектеп құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензиясында технологиялық жабдықтарды монтаждауға рұқсаты болмағандықтан, біліктілік талаптарына сай келмейтін «ДЮК» сауда компаниясы» ЖШС жеңімпаз деп танылған.

2011 жылғы 25 ақпанда «Медициналық кластерлердің №1 және №2 өту жолдарын салу» объектілері бойынша жұмыстарды 628,0 млн.теңгеге конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу конкурстық өтінімдерді қабылдаудан негізсіз бас тарту арқылы жүргізілген.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2011 жылғы 10 наурыздағы актісімен қабылданған «Астана қаласының Көктал-2 ауданында 800 орынға арналған мектеп құрылысы» объектісінің құны балансқа қабылдау кезінде 60,5 млн.теңгеге төмендетілген.

Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұза отырып, яғни орындалған жұмыс актілері болмаса да, мердігерге 224,1 млн.теңге аударған, бұл 2011 жылдың соңына дебиторлық берешектің 934,7 млн.теңгеге дейін өсуіне алып келген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 654-бабының 1-тармағын бұза отырып, жобалау-сметалық құжаттамасыз, жұмыс жобасы бойынша, өнім берушілердің шот-фактураларының негізінде 2011 жылы технологиялық жабдықтар үшін сметадан тыс 326,0 млн.теңге ақы төленіп, 472,1 млн.теңгенің жер учаскелерін алып қоюға шығындар жүргізілген.

Бақылау жүргізілген кезде жалпы сомасы 1,4 млрд.теңгенің жер учаскелерін алып қою жөніндегі шығындарды алып тастау бөлігінде жобаның құнын азайту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жүргізілмеген.

Жерді сатып алу бойынша көрсетілген қызметтерге 225,0 млн.теңге ақы негізсіз төленген. Мердігер – «Центрстрой-комплект НС» ЖШС жер учаскелерін сатып алу жөніндегі жұмыстарды іс жүзінде жүргізбеген.

Есеп комитеті және Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы бақылаудың қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды таңдау мәселелерінде жүйеліліктің жоқ екендігіне, олардың іске асырылу барысына мониторинг пен бақылаудың тиісінше ұйымдастырылмағандығына, бұл құрылыс объектілерінің құнының қымбаттауына және пайдалануға уақтылы берілмеуіне, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімсіз пайдаланылуына Астана қаласы әкімінің назарын аударды.

Жамбыл облысына, соның ішінде индустриялық-инновациялық жобалардың іске асырылуына 2010-2011 жылдары және 2012 жылдың 1-жартыжылдығында бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың, бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының тиімділігіне Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясымен бірге жүргізген бірлескен бақылаудың барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы сомасы 1 931,9 млн.теңгеге бұзушылықтары, 629,5 млн.теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны және бюджеттің 1 891,1 млн.теңгеге шығын шеккені анықталды.

Бірқатар жағдайда республикалық бюджет қаражатының есебінен іске асырылатын өңірлік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген. Аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырудың барысында 2011 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 13 нысаналы индикаторына қол жеткізілмеген, нәтижелердің 360 көрсеткішінің 44-і орындалмаған.

Түсімдер жоспарының асыра орындалғанына қарамастан, облыстың бюджеті субвенциялық болып табылады, бұл ретте бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлесі 2010 жылы 81,3%-ды, 2011 жылы – 80,8 %-ды, 2012 жылы 81,9 пайызды құрады.

Жалпы өңірлік өнімде (бұдан әрі – ЖӨӨ) облыстың жергілікті бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің үлесі, 2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы 0,2 %-ға төмендегені байқалады. 2010 жылға қарағанда, 2011 жылы ЖӨӨ-нің өсу қарқыны салықтық түсімдердің өсу қарқынын 11,4 пайызға басып озған.

Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін резервтер іздестіру жөнінде шаралар қабылданбауда. Бақылау барысында жүргізілген талдауға сәйкес, Жамбыл облысының жергілікті бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің 2011 жылғы есепті көлемі 25,9 млрд.теңгені құрайды, бұл нақты түскен түсімдерден 1,6 млрд.теңгеге жоғары. Әлеуметтік салық және қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын жинау бойынша жалпы 139 млн.теңгенің резерві анықталды.

2011 жылы орташа республикалық мәнде жергілікті бюджеттердегі жеке табыс және әлеуметтік салықтардың үлесі 64,4%-ды, Жамбыл облысында осы салықтардың үлесі 57,9%-ды құрады, бұл орташа көрсеткіштен 6,5%-ға төмен.

Салықтық әкімшілік етудің тиімділігінің жеткілікті дәрежеде болмау фактілері анықталды. «Сатып алушылар мен жеткізушілер бойынша пирамида» атты есептің пысықталмаған өзара есеп айырысулары бойынша республикалық бюджеттің салықтарға қатысты болжалды шығындары 1,5 млн.теңгені құрады.

Тараз қаласы бойынша салық басқармасында қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебінен уақтылы алынбау фактілері анықталды, салық төлеушілер 1,7 млрд.теңге мөлшерінде ҚҚС сомасы бар шот-фактуралар жазған. Бұл аталған кәсіпорындардың контрагенттеріне осы сомаларды есепке жазуға, сөйтіп ҚҚС бойынша төлемдерді азайтуға не бюджетке аудармауға мүмкіндік берген.

Облыс бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдерінің негізгі көлемі Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС-ның есебінен қамтамасыз етілген, бұл ретте кірістер жоспарының асыра орындалуы белгіленген мерзімінен бұрын түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есебінен қалыптасқан. Мәселен, 2010 жылы 6 923,5 млн.теңге артық төленіп, осы жылғы республикалық бюджеттің салықтық түсімдерінің 41,2 %-ын құраса, 2011 жылы ол 9 646,3 млн.теңгеге (70%) дейін ұлғайған.

Ақпараттық алмасу шеңберінде айқын өзара іс-қимылдың болмауы, Жамбыл облысы бойынша салық департаментіне импорт бойынша шектелген мәліметтердің уақтылы ұсынылмауы облыс бюджетіне 342,0 млн.теңге салықтың толық түспеуіне алып келген.

Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің тауарларды декларациялау бойынша деректер базасына сәйкес, 47,7 млн.АҚШ доллары тұратын тауарлардың импортын жүзеге асырған, бюджетке тиісті салықтарды төлеместен, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан 37 кәсіпкер анықталды.

Бақылау кезінде кеден заңнамасының бұзушылықтары, яғни жалпы 18,6 млн.теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарының бюджетке толық түспегені анықталды.

Тауарлардың декларацияларының сапасы төмен екендігі байқалады, нәтижесінде болжамды шығындар 26 млн.теңгені құрады.

Алмаға Бірыңғай кедендік тариф енгізілген сәттен бастап, кедендік әкімшілік ету деңгейінің нашарлығы Қырғыз Республикасынан қытай алмасы импортының айтарлықтай азайып, қырғыз алмасы импортының бақылаусыз ұлғаюына алып келді. Бұл ретте ресейліктермен салыстырғанда, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Орталық кедендік зертханасының өнімді шығарған елді айқындау бойынша өңдеу кезінде пайдаланатын заттарды анықтау жолымен кедендік сараптама жүргізуге мүмкіндіктері жоқ.

Сөйтіп, әкелінетін алма импортына салынатын кеден баждарын төлеу кезінде тарифтік артықшылықтар беру көлемі 171,6 млн.теңгеге ұлғайған.

Мемлекеттік сатып алу және шарт жасасу рәсімдерінің ұзақтығы, 2010-2011 жылдары өткізілмеген конкурстар, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жасалмауы, өнім берушілердің материалдарды (қызметтерді) уақтылы жеткізбеуі 2 412,7 млн.теңге нысаналы трансферттердің, 154,9 млн.теңге кредиттердің игерілмеуіне алып келген. Облыста денсаулық сақтаудың, білім берудің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың бірқатар объектілері белгіленген мерзімде пайдалануға берілмеген.

Мәселен, Асса ауылында құрылысы 2008 жылы басталған, ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананы салу аяқталмаған. Бұл ретте шарт 10 мәрте өзгерген, соңғы қосымша келісім бойынша объектіні пайдалануға беру мерзімі 2012 жылдың наурыз айына ауыстырылған, алайда осы уақытқа дейін объект әлі салынбаған, 2012 жылғы 1 шілдеге мердігер «Стандарт Строй» ЖШС-ға 73 млн.теңге мөлшерінде дебиторлық берешек есептелген.

Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін реконструкциялау, салу жөніндегі жұмыстар жыл сайын қаржыландырылғанына қарамастан, ауыл тұрғындарын орталықтандырылған су көздерінен алынатын сумен жабдықтау деңгейінің төмендігі атап өтіледі. Сумен қамтамасыз етудің 13 объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуіне байланысты, қымбаттау 1 532,6 млн.теңгені құрады.

Тараз қаласындағы құны 585,5 млн.теңгенің «Бурыл А, Б, В» алабының су таратқыштары мен су құбыры желілері» объектісін салу Құрылыс нормалары мен ережелері бұзыла отырып жүргізілуде, су өлшеу құралын орнату, әрбір үйге дейін су құбырын жеткізу қарастырылмаған.

2011 жылы Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» алқабының су таратқышы мен су құбырлары желісін салу жұмыстары аяқталмағандықтан, аталған алқапқа арнап 2008 жылы салынған құны 109,5 млн.теңгенің су жинақтау құрылысы пайдаланылмауда.

Жаңатас қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау кезінде ЖСҚ-да көзделмеген жалпы 50,7 млн.теңгенің жұмысына, Тараз қаласында 10,6 млн.теңгенің орындалмаған жұмысына ақы төленгені анықталды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Жаңатас қаласындағы құны 258,9 млн.теңгенің магистральдық жылу желісін «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің балансына бермеген.

«Тараз қаласындағы РК-4-тен «Бәйтерек» ықшамауданына дейін магистральдық жылу желілерін салу» жобасының 2-кезеңі бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімін бұзып, шарттық міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін мердігер «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-дан 13,9 млн.теңге тұрақсыздық төлемі өндіріп алынбаған.

Тараз қаласында құны 512,0 млн.теңге бюджеттік кредиттердің есебінен салынып, 2011 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген екі 30 пәтерлік үйге тұрғындар қоныстанбаған.

Денсаулық сақтау басқармасында 485,1 млн.теңгеге медициналық техникамен жарақтандыру стандарттарының ең аз көлемінің тізбесіне енгізілмеген жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қажеттіліктен тыс сатып алу атап өтіледі.

Қордай орталық аудандық ауруханасы 2011 жылы пайдаланылмаған 4,8 млн.теңге трансферттер республикалық бюджетке қайтарылмаған.

Мойынқұм орталық аудандық ауруханасында, облыстық ауруханада әкімшілік-шаруашылық персоналдың жылжымалы медициналық кешенде жұмыс істеген дәрігерлердің ұтқыр бригадаларының құрамына негізсіз енгізілуіне байланысты, жалпы сомасы 475,4 мың теңге жалақы және жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар төленген.

Білім берудің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақыға бөлінген 38,5 млн.теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер келісімде көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған.

«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысын бұза отырып, екі жоба бойынша автожолды орташа жөндеуге арналған қаржыландыру нормативі 152,8 млн.теңгеге асырып көрсетілген.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы бойында Шу өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарына арналған 100,0 млн.теңге қаражаттың игерілмеуі келісімнің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеуге алып келген. 2011 жылы қаражат толық игерілгенімен, келісімнің тікелей нәтижелеріне қол жеткізілмеген. Шу өзеніндегі авариялық қалпына келтіру және жағалауды нығайту бойынша құны 6 002,6 млн. теңгенің инвестициялық жобасына салалық сараптама жүргізілмеген.

Масанчи ауылындағы 900 орынға арналған орта мектептің құрылысына бақылау өлшемін жүргізу барысында мердігер «ЗАК Сервис» ЖШС-ға орындалмаған жұмыс көлемі үшін 28,2 млн.теңге бюджет қаражаты аударылғаны анықталды.

Масанчи ауылындағы 825 орынға арналған мектепті және Қордай ауданы, Қордай ауылындағы Балпықов көшесіндегі 280 орынға арналған балабақшаны салуға бөлінген қаражаттың есебінен 931,5 мың теңгенің конкурстық құжаттамасына келісімде қарастырылмаған мемлекеттік сараптама жүргізілген.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге арналған іс-шараларды іске асыру барысында 4 жоба бойынша жалпы сомасы 961,2 мың теңгенің жұмыстарының орындалмауына жол берілген.

Ауыл шаруашылығы басқармасы 2010-2011 жылдары облыс шаруашылықтарына сүт және ет бағытындағы тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу үшін жалпы сомасы 4,9 млн.теңге субсидия артық төленген.

Мерке ауданының «Үміт», «Жайлау», Шу ауданының «Қалқа» және Байзақ ауданының «Аида» шаруашылық қожалықтарында субсидиялардың есебінен 2,3 млн.теңгеге сатып алынған 50 бас асыл тұқымды малдың (бие мен ірі қара малдың төлдері) жетіспегені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысын бұза отырып, тексерілген кезеңде ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарында 5 жыл жұмыс істемеген 29 маман (келген мамандардың 3%-ы) алған 1,5 млн.теңге көтерме жәрдемақыларын қайтармай, жұмыстан шығып кеткен.

2011 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге бөлінген 215,5 млн.теңге трансферттердің игерілмеуіне байланысты, келісімде көзделген көрсеткіштің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

Облыста «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары 2010-2011 жылдары жеткілікті дәрежеде тиімді іске асырылмаған.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының аясында кәсіпкерлерді қолдау үйлестіру кеңесінде мақұлданған 26 жобаның 21-і бойынша жүзеге асырылған, бұл ретте кемінде 4 кредитті ішінара кепілдендіру орындалмаған, осылайша Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламаны іске асыру қамтамасыз етілмеген.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасының және «Даму» КДҚ» АҚ-ның арасындағы үйлестіру деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, қосымша құрылған жұмыс орындары бойынша деректерде алшақтықтар бар. 2011 жылдың есебінде қосымша құрылған жұмыс орындарының саны – 631, ал іс жүзінде барлығы 148 қосымша жұмыс орны құрылған, сөйтіп 483 жұмыс орны асырып көрсетілген.

Микрокредиттік ұйымдарға және кредит серіктестіктеріне кредит беру туралы ережелерде, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында, кредиттік келісімдер мен шарттарда кредиттердің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын растайтын құжаттардың нысаны көрсетілмеген.

Есеп комитетінің және Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының бірлескен бақылауының қорытындысымен жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін анықтау жөніндегі жұмыстың қанағаттандырарлықсыз дәрежеде ұйымдастырылғанына, салықтық әкімшілік ету тиімділігінің төмендігіне, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипатын қамтамасыз етуге қажетті шаралардың қабылданбағанына Жамбыл облысы әкімінің назарын аударды.

Үкіметке:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет