Бақытжан Жолдасқызы Ән мен биден шашу шашты



Дата11.07.2016
өлшемі13 Kb.
#191407
Бақытжан Жолдасқызы
Ән мен биден шашу шашты

Елордада ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына орай М.Қозыбаев атындаеы СҚМУ-дің "Музыка пәндері" кафедрасы Достық үйінде "Солтүстік Қазақ-стан облысының орыс қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесе "Өнер халықтарды біріктіреді" фестивалінің аясында өңірдің жастарымен шы-ғармашылық кеш өткізді.
Дарынды жастардың басын қосқан кеште М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің "Музыка пәндері" кафедрасы мен Петропавлдағы енер колледжінде оқитын болашақ кәсіби музыканттар ән мен биден шашу шашты. Сахна шымылдығын жоғары оқу орнының "Шертер" халық фольклорлық-этнографиялық ансамблі ашты. Құрманғазының күйін, Ақан серінің "Балқадиша" әнінің әуенін де ұлттық аспаптардың сүйемөлдеуінде орындады. 1999жылы құрылған ансамбль тағы бір әнді көрермен назарына ұсынды. Шәмші Қалдаяқовтың белгілі "Теріскей" әнін аталмыш жоғары оқу орнының студенті Медет Ибадуллаев шырқады.

Сахна төріне Петропавлдағы өнер колледжінің студенттері көтерілді. Олар да жоғары оқу орнының өнерлі жастарынан қалыс қалған жоқ. Скрипкашылар ансамблінен кейін концерттік бағдарламаны "Туған жер" әнімен колледждің соңғы курс студенті Ғалымжан Нұрпейісов жалғастырды. Өнер ордасының түлектері де әннен шашу шашты. Қазіргі таңда облыстық филармонияда қызмет ететін Радик Синтиков пен Бахыт Ілиясов артынан ерген өнерлі жастарға өз тілектерін білдірді.



Жоғары оқу орнының жанынан 2007 жылы құрылған "Меллос" ансамблі мен студенттік хор да бірнеше ән орындады.

// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 5 сәүір

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет