«Бақытсыз Жамалдың» қысқаша мазмұны



Дата20.01.2023
өлшемі18.24 Kb.
#468566
Бақытсыз Жамал романы.Қысқаша мазмұны.


«Бақытсыз Жамалдың» қысқаша мазмұны:
Сəрсембай дейтін бай, момын бір адамның үлкен əйелі Қалампырдан перзент болмаған соң, жасы қырықтардан асып, əркім «қу бас» деуге айналған соң, Сəрсембай тоқал алуға ойланып, ағайындарымен ақылдасады да, белін буады. Бəйбішесі ұнатпағанмен, көптің аузы бірігіп кеткен соң «қарсы емеспін» деген болады.
Қыз іздеген Сəрсембайдың көзіне Жарас дейтін өлген молланың Шолпан атты 14 жасар қызы түседі. Осы қызға кісі салып, қырық жетіні қырқа матап береді де, Шолпан 15-ке шыққан жылы алады. Екі жыл отасқаннан кейін Шолпаннан Жамал дейтін қыз бала туады. Жамалдың туғанын Сəрсембай елге шыққан крестьянский нашəлнік тоқтаған ауылда жиылыста естиді. Баладан зарығып жүрген Сəрсембай ұл, қыз демей, үйіне келіп той қылады. Жамал тоғызға келеді. Үрлеп ауызға салғандай бүлдіршін – сұлу боп өседі. Əкесі Жамалды 9 жастарында ескіше оқытатын Қасен деген молдаға бергісі келгенмен, Қасеннің тұратын ауылы жырақ болғандықтан іреті келмейді.
Жамал онға қараған жылы, жаз, Сəрсембайдікіне Упідегі Татар мектебінде оқитын, жаз елден бала оқытып, қаражат табуға шығатын Ғазер деген ноғай жігіті келеді. Осы Ғазерді Сəрсембай аулына бала оқытуға жалдайды. Ғазер ел əдебиетінен қорқып, оқуды ескіше оқытады. Бір күні Жамалдың зеректігіне сүйінген Ғазер шешесі Шолпанға оңашада «Жамалға қағаз танытайын деп ем» деген сөзді айтады. Шолпан өз əкесінен хат танып қалған, оқудың қадірін білетін адам болғандықтан, «жасырып оқыта бер» деген ақылды айтады. Сол жасырып оқытумен Жамал мұғалімнің күз қайтар кезінде хатқа судай боп қалады.
Ғазерден кейін Сəрсембай молда жалдамайды. Бірақ сауаты ашылған Жамал, өз бетімен кітап оқуға, əсіресе əдебиет кітаптарын оқуға қызығып, оқуын тереңдетеді. 14-15 жасқа келген кезде Жамал, бір жағынан елді сұлулығымен таңырқатқан қыз болса, екінші жағынан əнші, өлеңші, домбырашы, ашық, сауықшыл қыз болды.
Жамалды Байжан дейтін елдің атақты бір биі, Жұман дейтін басы таз, жаратылысы нашар баласына атастырады. Сəрсембай Жамалды Жұманның жамандығын көре-тұра береді. Оған себеп мынау болады: Жамалдың жасырақ кезінде, елдің қыдырма тіл атқамінерлері Сəрсембайды Нұрпейіс дейтін бимен билікке таласуға қыздырады. Сəрсембай оған еріп, атын, асын, ақшасын шашып таласады. Бірақ Нұрпейісті ел ақсақалдары, əсіресе, елге беделді Байжан биі қуаттаған соң, Сəрсембай құр малын шашып, босқа қалады да Нұрпейіс би боп кетеді. Осы кекті ұмытпай жүрген Сəрсембай, Байжан Жамалды сұратқан соң Шолпанның көнбегеніне қарамай, Байжанмен құда болады да, келер сайлауда би боп шығады. Бірақ ол биліктен, сиез кезінде біреуді ұрамын деп түсіп қалады.
Сұлулық, ақылдылық, шешендік түгел біткен Жамал Жұманның жамандығын естіп, іштен тынады. Басындағы мұңын айтып, өлең шығара бастайды. Ол өлеңінің біреуін Шолпан тауып алып оқиды да, «осы Жамал Жұманға баратын емес, жүдеп барады, бекер бердік. Жылатпайық» десе, Сəрсембай «құдай бұйрығы» деп тыңдамайды.
Жамал өзіне тең іздейді. Ол тең бір ойында табылады. Ол табылған жігіт, көзі ашық, оқулы Ғали деген жігіт болады. Ғали сол ойында Жамалмен түсінісіп алады да, артынан көп ұзамай Жамалмен жақындасады. Сүйтіп, екеуі «ойнап-күлумен» жүргенде, Жұман қайнына ұрын барады – деген лақап жайылады – лақап рас боп шығады. Жұманнан аза бойы тік тұратын Жамал көргісі келмей, не де болса Ғалимен кеткісі келеді. Ғали бір келгенде екеуі сөздерін бекітеді де, бір жұмадан кейін Жамал Шолпанмен ақылдасып, бір түнде Ғалимен жоқ болады. Ғали сол кеткен бетімен бір шаһарға барып, Фатихолла деген саудагер ноғайға паналайды.
Жамалдың кетіп қалғанын, оны Ғали əкеткенін сезген Сəрсембай мен елі Байжанға хабар салады. Байжан елін жиып, Сəрсембайға келеді. Сəрсембайдан да, Ғалидың елінен де барымта алдырады. Ел арасы бүлінеді. Ахметжан деген указной молданы Байжан алдырып, заңға келтіру үшін Жамалды Жұманның алған қатыны ғып, неке – талақ кітабына тіркетеді. Бірақ бұл кезде Ғали Оязной начальниктен Жамалдың басына еркіндік алып қояды.
Барымталасып, бүлінген ел Ғали мен Жамалдың қайда кеткенін астыртын іздетіп, Фатихоллада жатқанын білген соң Фатихоллаға «үйінен қашақ татарды қусын, əйтпесе, елдегі 2000 мың сомдық несиесін бермейміз» деп хабар салады. Фатихолла бұл дүмпуге шыдай алмай, Ғалиға айтады. Ғали ол сөзді мақұлдап, 300 шақырым жердегі нағашысына баратындығын білдіреді. Фатихолла мұнысын мақұлдап, ат арба, 50 сом ақша береді де, аттандырады.
Fалиды нағашылары қарсы алады. Бірақ бақытсыздықка қарай, нағашысына барғаннан кейін, 10 күннен соң Ғали ауырып өледі. Жамалдың басына қара күн туады. Нағашылары да ренжіп, дін жолының бұйырған кəдесін істейді де. Ғали мен Жамалдың еліне хабар салады. Улап-шулап елден туысқандары келеді. Қайғылы Жамалды шешесі Шолпан еліне алып қайтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет