Сұрақ: 8 жыл бойы 400 жуық тоналған қарт пен ауру адамдар ШҚо шыңғысбанктегі өздерінің салымдарын ала алмауда. Жасына жетпей 60 адам қатыс болды. Талан-таражға салушылар қашып кетіп, борышкерлерді банкротқа ұшыратты



Дата27.02.2016
өлшемі31.5 Kb.
Сұрақ: 8 жыл бойы 400 жуық тоналған қарт пен ауру адамдар ШҚО Шыңғысбанктегі өздерінің салымдарын ала алмауда. Жасына жетпей 60 адам қатыс болды. Талан-таражға салушылар қашып кетіп, борышкерлерді банкротқа ұшыратты. Ал облыстағы экономика жандануда. Ардагерлерге қалған өмірін лайықты сүруге және өздерінің жалпы сомасы 55 млн. теңге мөлшеріндегі салымдарын алуға қол ұшын берсеңіздер.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі бұзғаны үшін Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі № 238 қаулысымен «Шыңғыс-банк» ААҚ-на банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия қайтарып алынды.

Өскемен қалалық соты 1999 жылғы 01 қыркүйекте «Шыңғыс-банк» ААҚ еріксіз тарату және банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабына сәйкес тарату комиссиясы банктің ісін аяқтау мен оның кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануда.

Банктің тарату комиссиясы мойындаған кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес және Заңның 74-2-бабымен белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады. Бұл ретте әр кезектің талаптары оның алдындағы талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана қанағаттандырылады.

Тарату комиссиясы жүргізген жұмыс барысында 2-кезектегі кредиторлармен есеп айырысу толық жүзеге асырылды, ал 3-кезектегі кредиторлармен есеп айырысу банк кредиторлары талаптарының тізілімінде белгіленген соманың 13% мөлшерінде талаптардың үйлесімді сомаларына жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда «Шыңғыс-банк» ААҚ тарату комиссиясы банк кредиторларымен есеп айырысуға қажетті тарату массасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Тарату массасы артуының негізгі көзі банк дебиторларынан несие берешегін өндірiп алу болып табылады.



Бірақ, аталған жұмыс тарату комиссиясының пайдасына шығарылған сот шешімдерінің ұзақ уақыт орындалмауына және банк борышкерлері мен өндірiп алуы мүмкін олардың мүліктерінің жоқ болуына байланысты қиындатылды.

Осыған байланысты, банк кредиторларымен есеп айырысуды «Шынғыс-банк» ААҚ тарату комиссиясы банктің ағымдағы шотына ақшаның түсу мүмкіндігіне қарай жүзеге асырады.
Каталог: attachments -> cont
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> ҚРӘМ №5362 19. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
cont -> ҚРӘМ №5165 07. 03. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді
cont -> Лицензияның қолданысы ерікті түрде қайтаруына байланысты 01. 01. 2009 ж бастап тоқтатылған ұйымдардың тізімі
cont -> ҚРӘМ №5542 10. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
cont -> ҚРӘМ №3422 04. 02. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> Ерікті медициналық сақтандыру туралы
cont -> ҚРӘМ №2941 12. 07. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет