Бақытты бала
Әні: Қуаныш Құрманбаев
Сөзі: Аян Сейітов
Бабасының сал дәстүрін сақтаған
Анасының аппақ сүтін ақтаған
Болам десе бала бетін қақпаған
Қазақ болып туғаныма мақтанам
Атабабам төгіп қасық қанын
Қорғап кеткен олар ұрпақ қамын
Қызғалдағы байтақ кең даланың
Мен боламын, мен боламын.
Қайырмасы:
Бақыттың бал дәмін
Сыйлап әр бір таңым
Бейбіт күндей нұрлы
Менің бала шағым.
Айға жол ашамын,
Күнге жол ашамын
Бейбіт күндей жарқын
Менің болашағым.
Балапаның ұясында баптаған
Жеті атасын жеті жаста жаттаған
Қыз бен ұлдың ар намысын сатпаған
Қазақ болып туғаныма мақтанам
Атабабам төгіп қасық қанын
Қорғап кеткен олар ұрпақ қамын
Қызғалдағы байтақ кең даланың
Мен боламын, мен боламын.
Қайырмасы:
Бақыттың бал дәмін
Сыйлап әр бір таңым
Бейбіт күндей нұрлы
Менің бала шағым
Айға жол ашамын
Күнге жол ашамын
Бейбіт күндей жарқын
Менің болашағым
Атабабам төгіп қасық қанын
Қорғап кеткен олар ұрпақ қамын
Қызғалдағы байтақ кең даланың
Мен боламын, мен боламын.
қайырмасы
Достарыңызбен бөлісу: |