Байболат ҚҰлтанов, М.Қозыбаев атындағы СҚму-дің 1-курс студенті Студенттеріміз – 3-ші орында



Дата04.07.2016
өлшемі19.06 Kb.
#177785
Байболат ҚҰЛТАНОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 1-курс студенті
Студенттеріміз – 3-ші орында
Қостанайда Қазақстан Республикасының V қысқы универсиадасы болып өтті. Еліміздің 31 жоғары оқу орнынан 1000-нан аса студент қатысқан спорттық додада М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 61 студенті бақтарын сынап, жалпы командалық есепте 3-ші жүлделі орынға ие болды.

cheapest cialis 80cialis usa pharmacygeneric cialis discussion board forumcanadian drugs cialiscialis viagra onlinecialis online discouncialis online bestellencialis buy onlineonline pharmacy cialis on linecheap cialis tadalafilrx online cialissafe sites to buy cialiscialis viagra onlineorder quality cialiscialis 20 mg side effects

argaiv1371

Университеттің “Сұңқар” спорттық клубының қоржыны 10 алтын медаль, 11 күміс және 13 қола медальмен толықты. Облыс намысын қорғаған студенттер өз шеберліктерін спорттың 5 түрінен көрсетті: шаңғы, қысқы спорттық бағдарлау, қысқы президенттік көпжарыс, гір спорты мен қол күресі.

Жалпы 31 жоғары орнының ішінде жүлделі үшінші орынға ие болған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің жоғары дайындықтары атап өтуге тұрарлық. Әсіресе, университет гір көтерушілерінің бүгінгі жетістіктері орасан зор. Осы спорттың түрімен айналысатын студент жастардың арасында әлем чемпиондары да бар. Осының бәрі –тәжірибелі жаттықтырушы Андрей Глывяктың еңбегінің арқасы.

Жеңіс тұғырының ең биік шыңынан көрінген спортшылардың қатарында Александр Марчук пен Михаил Косинов бар. Александр Марчук – университеттің Тіл және әдебиет институтының 4-курс студенті. Гір көтеру спортынан спорт шебері Александр 95 килограмм салмақта өнер көрсетіп, топ жарды. Бала күнінен гір көтеру спортына қызығатын жеңімпаз: “Бұл жеңіс тыңғылықты дайындық пен еңбектің арқа сы”, – дейді.

– Мен мектепте білім алып жүргенде ауыр атлетикамен шұғылдана бастадым. Бүгінгі жеңісім ұзақ дайындықтың арқасы деп ойлаймын. Жалпы жарыстың ұйымдастырушылық деңгейі өте жоғары болды. Қарсыластарым мықты болғанымен, жеңіске жетуге тырыстым, – дейді Александр.

Қысқы Президенттік көпсайыста жақсы жетістіктер бар. Мәселен, оқу орнының магистранты, спорт шебері Марина Вострикова жеке есепте бірінші орынға ие болды. Ал таяуда ғана Германияда өткен Еуропа чемпионатынан оралған жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің 1-курс студенті Ринат Мухин шаңғы спортынан жарысқа қатысты. Ринат осы жолы 10 шақырым қашықтықты 24 минут 46 секундта бағындырып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Келесі республикалық қысқы универсиада 2016 жылы Алматы қаласында өтпек. Ал 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиада жалауы біздің елімізде көтерілмек.


// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 18 наурыз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет