Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту



Дата29.05.2022
өлшемі31 Kb.
#458779

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принципін сақтап, өнердің әр түрлі қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл ‑ ой және эстетикалық іс ‑ әрекеттерінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастады. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы ролі мен мәні артып келеді. Баланың ақыл – ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта даму жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл – ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл – ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімдерін игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу, жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.
Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс ‑ әрекеттің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Балалардың шығармашылығын ұйымдастырудың ерекше өзіндік мәні бар. Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым – қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым – қатынастық жаңа басым түрін анықтайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағылардың сөйлеуін және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Олар сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасады, сөйлеу іс ‑ әрекетіне шығармашылық пен кіріседі. Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балаларда ойлау объектісі арқылы сөйлеуге қызығушылық пайда болады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру, сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтары айқындалады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылы жоғарылай түседі. Түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың ойлау шығармашылығы дамып, ақыл – ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ойын кезінде балалардың қимыл ‑ әрекетімен қатар ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту жұмыстары арқылы шартты, мақсатты, ережелі ойындарды біле отырып, ол ойындарға шығармашылығын қосып та ойнайды, кейбір ойындарды өздері де өзгерте алады. Музыкалық сабақтарда балаладың іс ‑ әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын образдарын өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл – ой дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамыз.

20 лицей – мектебінің педагог - психологі:


Баильдинова Динара Сарсенбайқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет