есепке алынатын табыстың түрлері
12. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй іргесіндегі жер учаскесінен түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
3) тұрғын үй көмегі;
4) шартты ақшалай көмек;
5) жерлеуге арналған бiржолғы жәрдемақылар;
6) бала тууына байланысты берілетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) есептi кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада есептi кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;
8) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы фактi анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
9) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
10) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
11) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
12) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
13) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
14) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлiк-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектерге бөлінген жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа да оңалту құралдары;
тегін тамақтандыру мен білім беру ұйымдарында білім беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін көмек;
16) халықтың көші-қоны мәселелері жөнiндегi заңнамалық актілерімен оралмандарға:
тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін жеткізу жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
келген жерінде тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.
5. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы,
әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
14. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
жұмыс берушi төлеген кредит сомасы. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2-топтағы жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес берiлетiн, осы Қағидалардың 13-тармағының 14) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
15. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомасы қосылады.
16. Есептi кезеңнен асып түсетін кезеңнің табысы (бiр уақытта алынған кезде оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және басқа да берешектер), алынған табыс сол табыс алынған айлардың санына бөлінеді және есептi кезеңге келетін айлардың санына көбейтiледi.
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
17. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және басқа да жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
18. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
19. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс, олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік төлемдер түріндегі табысты алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесімен не Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлімшелері беретін анықтамамен расталады.
6. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік
және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
20. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiктік пайдан алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табысы есепке алынады.
21. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте, жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай эквивалентте қосылады.
22. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
23. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
7. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға
және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi
табыс
24. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
25. Адамдар асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұратын жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
Жиынтық табыс, егер төлеушi:
1) жұмыс iстемейтiн және жұмыпен қамту жөніндегі уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген анықтамасын ұсынған кезде);
3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеу профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
5) құзыреттi органның анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайларда, алименттi есепке алмай есептеледi.
26. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
27. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болған кезде сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын,
жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
28. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
29. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсiруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
30. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган қол қойған жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы және көлемі туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
31. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган мыналардың:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгілік жеке нормативтік карточкасы негізінде есептейдi.
Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын бағаларды жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзете алады.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
32. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдардың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
33. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiржолғы табыс қосылады. Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
34. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және басқа да) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
35. Осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
36. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс
37. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
38. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден түскен, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
39. Алынған кредиттердiң (шағын кредиттердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
40. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс он екi айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыстың, отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан түскен сомасы мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үміткер отбасының
жиынтық табысын есептеу
қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI
Облыс
|
Аудан, қала
|
1
|
2
|
1. Дала аймағы
|
|
Солтүстік Қазақстан
|
1. Айыртау
2. Ақжар
3. Мағжан Жұмабаев
4. Есіл
5. Жамбыл
6. Қызылжар
7. Мамлют
8. Шал ақын
9. Аққайың
10. Тайынша
11. Тимирязев
12. Уәлиханов
13. Ғабит Мүсiрепов
14. Петропавл қаласы
|
Ақмола
|
1. Еңбекшілдер
2. Зерендi
3. Щучье
4. Сандықтау
5. Бұланды
6. Ақкөл
7. Ерейментау
8. Жақсы
9. Көкшетау қаласы
10. Степногорск қаласы
|
Қостанай
|
1. Қарабалық
2. Федоров
3. Меңдіқара
4. Ұзынкөл
5. Денисов
6. Әулиекөл
7. Қарасу
8. Алтынсарин
9. Сарыкөл
10. Қостанай
11. Таранов
12. Қостанай қаласы
13. Рудный қаласы
|
Павлодар
|
1. Ертiс
2. Железин
3. Қашыр
|
2. Қуаң дала аймағы
|
|
Батыс Қазақстан
|
1. Ақжайық
2. Тасқала
3. Зеленов
4. Теректi
5. Бөрлі
6. Шыңғырлау
7. Орал қаласы
|
Ақтөбе
|
1. Қобда
2. Мәртөк
3. Әйтеке би
4. Қарғалы
5. Алға
6. Ақтөбе қаласы
|
Қостанай
|
1. Қамысты
2. Наурызым
3. Жiтiқара
4. Лисаковск қаласы
|
Ақмола
|
1. Есiл
2. Атбасар
3. Қорғалжын
4. Шортанды
5. Целиноград
6. Астрахан
7. Аршалы
8. Егiндiкөл
9. Жарқайың
|
Астана қаласы
|
Қарағанды
|
1. Нұра
2. Қарқаралы
3. Осакаров
4. Абай
5. Бұқар жырау
6. Қарағанды қаласы
7. Саран қаласы
8. Шахтинск қаласы
9. Темiртау қаласы
|
Павлодар
|
1. Ақтоғай
2. Баянауыл
3. Лебяжье
4. Май
5. Павлодар
6. Успен
7. Шарбақты
8. Павлодар қаласы
9. Ақсу қаласы
10. Екiбастұз қаласы
|
Шығыс Қазақстан
|
1. Бесқарағай
2. Бородулиха
3. Зырян
4. Көкпектi
|
3. Шөлейтті аймақ
|
|
Алматы
|
1. Қапшағай
|
Батыс Қазақстан
|
1. Бөкейордасы
2. Жаңақала
3. Жәнібек
4. Қазталов
5. Қаратөбе
6. Сырым
|
Қостанай
|
1. Амангелдi
2. Жангелдi
3.Арқалық қаласы
|
Ақтөбе
|
1. Ойыл
2. Темiр
3. Ырғыз
4. Хромтау
5. Мұғалжар
|
Қарағанды
|
1. Жаңаарқа
2. Шет
3. Ақтоғай
4. Ұлытау
5. Жезқазған қаласы
6. Балқаш қаласы
7. Қаражал қаласы
8. Приозерск қаласы
9. Сәтбаев қаласы
|
Шығыс Қазақстан
|
1. Абай
2. Аягөз
3. Жарма
4. Семей қаласы
5. Курчатов қаласы
|
4. Шөлдi аймақ
|
|
Атырау
|
1. Жылыой
2. Индер
3. Исатай
4. Құрманғазы
5. Қызылқоға
6. Мақат
7. Махамбет
8. Атырау қаласы
|
Қызылорда
|
1. Арал
2. Жалағаш
3. Жаңақорған
4. Қазалы
5. Қармақшы
6. Сырдария
7. Шиелi
8. Қызылорда қаласы
|
Ақтөбе
|
1. Байғанин
2. Шалқар
|
Маңғыстау
|
1. Бейнеу
2. Қарақия
3. Маңғыстау
4. Түпқараған
5. Ақтау қаласы
6. Жаңаөзен қаласы
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1. Созақ
2. Отырар
|
Жамбыл
|
1. Сарысу
2. Талас
3. Тұрар Рысқұлов
|
Алматы
|
1. Балқаш
|
5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ
|
|
Алматы
|
1. Ақсу
2. Алакөл
3. Еңбекшіқазақ
4. Жамбыл
5. Кербұлақ
6. Көксу
7. Қаратал
8. Қарасай
9. Панфилов
10. Райымбек
11. Сарқант
12. Талғар
13. Ескелдi
14. Ұйғыр
15. Iле
16. Талдықорған қаласы
17. Текелi қаласы
|
Алматы қаласы
|
|
Жамбыл
|
1. Байзақ
2. Жамбыл
3. Жуалы
4. Қордай
5. Мерке
6. Мойынқұм
7. Шу
8. Тараз қаласы
|
Оңтүстiк Қазақстан
|
1. Арыс
2. Бәйдiбек
3. Қазығұрт
4. Мақтаарал
5. Ордабасы
6. Сайрам
7. Сарыағаш
8. Төле би
9. Түлкiбас
10. Шардара
11. Кентау қаласы
12. Түркiстан қаласы
13. Шымкент қаласы
|
Шығыс Қазақстан
|
1. Үржар
2. Зайсан
|
6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы
|
|
Шығыс Қазақстан
|
1. Глубокое
2. Қатонқарағай
3. Шемонаиха
4. Тарбағатай
5. Күршім
6. Ұлан
7. Өскемен қаласы
8. Риддер қаласы
|
Достарыңызбен бөлісу: |