Ақтоғай кенттік округінің әлеуметтік – экономикалық даму барысы туралы



Дата03.07.2016
өлшемі64.39 Kb.
#175625
Ақтоғай кенттік округінің әлеуметтік – экономикалық даму барысы туралы.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Ақтоғай кенті аудан орталығынан 280 км қашықтықта орналасқан және Ақтоғай кенттік округінің орталығы болып табылады,2014 жылға - тұрғындар саны 6404. Аудан орталығына темір жолмен 180 км қашықтықта орналасқан.

Ақтоғай кенті қызметінің негізгі бағыты өндірістік, себебі онда «Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен байыту комбинатының құрылыс жұмыстары басталды. Осыған байланысты көптеген адамдар жұмыспен қамтылды.

Ақтоғай кентінің маңайының Жаксы-Булак 57 шақырым және Шөл Қызыл 115 шақырым 66 адам тұратын 2 ауылдық елді мекен орналасқан. Ақтоғай кенті Алматы-Өскемен республикалық автокөлік трассасы бойынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің болмауына байланысты кенттің шаруашылық денгейінің өсуі төмен, алайда орташа және шағын бизнес пен қоса Казақстанда ірі компанияның бірі «КазакМыс» ЖШС-кен өңдеу комбинаты кенттің өсуіне жағдай жасайды.

Қатынас түрі темір жол және автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады. Ақтоғай кенті Алматы-Өскемен республикалық автокөлік жолының бойынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан.

Кенттің даму потенциалы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты секторы ретінде және де әлеуметтік шеңбері және инфрақұрылымдық кешені ретінде салмақты серпінділігімен сипатталады.

ҚТЖ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді өткізу рыноктары мен елді мекендерге көлік қатынасын жақсарту, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шараларды іске асыруды көздейді.

Ақтоғай кентінің ағымдағы даму жағдайы

Округтің жалпы ауданы 5017 га, оның ішінде елді-мекені 2979 га. Ақтоғай кентінде шаруа қожалықтар тіркелмеген.

Ауыл тұрғындарының саны 6404 адам, оның ішінде ерлер – 2956, әйелдер – 3448, зейнеткерлер-538, 18-29 жас аралығындағы жастар - 950, оқушылар-1200, тұрақты жұмысшылар-2722 оны ішінде темір жолшылар-2200, өзін-өзі қамтамасыз ететіндері-880.

Жұмысқа қабілетті адамдар саны-3560, олардың ішінде жұмыспен қамтылғандары-123, жеке кәсіпкерлер -52 адам, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде қызмет ететіндер - 225 адам (әкімшілікте -8, орта мектептерде -137 адам, бала-бақша, селолық ауруханада - 45, мәдениет үйінде -5, кітапханада-1, пошта бөлімшесінде-2).



Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны - 28 , (темір жол мекемелері-16, ауылдық округ әкімшілік аппараты-1, орта мектеп-2, мектеп алды даярлық -1, бала-бақша-1, мәдениет үйі-1, кітапхана-1, селолық аурухана-1, пошта бөлімшесі-1, мешіт-1, халыққа қызмет көрсету орталығы-1, «Халық банкінің» бөлімшесі – 1.

Ауылдағы әлеуметтік сала мекемелерінен- 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, оқушылар қазақ тілінде білім алады саны- 1200, селолық аурухана, мәдениет үйі, кітапхана қызмет етеді. Әлеуметтік нысандардан кентте -1200 оқушысы бар 2 қазақ орта мектебі, 2 бастауыш мектебі, бала-бақша-1, мәдениет үйі-1, кітапхана-1, селолық аурухана-1, пошта бөлімшесі-1, мешіт-1, гидрометеостанция 1, гидростанция 1, халыққа қызмет көрсету орталығы-1 жұмыс істеп тұр.



Шағын кәсіпкерлік Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамтудың айтарлықтай бөлігін құрайды. Кентіміздегі шағын кәсіпкерліктің дамуы үдемелі динамикада 42 дүкен, 2 тойхана, 2 асхана, 3 жанар жағар май бекеті, 3 дәріхана жұмыс істейді.

Ақтоғай кентінде 52 жеке кәсіпкер жұмыс істейді.



Ауыл шаруашылығы

Ақтоғай кентінде ауыл шаруашылық жерлерінің болмауына байланыста шаруа қожалықтар тіркелмеген, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 1060 Ірі қара мал, 35 жылқы, 1400 кой-ешкі және 465 құс тіркелген.

2012-2014 жылы ауылдық округтердің даму жоспарына сәйкес мынадай жобалар іске асты:


  1. Жылы жай салынды, жалпы сомасы 2 000,0 мың теңге, өз қаражаты бойынша, 4 адам жұмыспен қамтылды;

  2. Тойхана салынды, сомасы 3 000,0 мың теңге, өз қаражатымен, 6 адам жұмыспен қамтылды;

  3. 2 дүкен ашылды, жалпы сомасы 5 000,0 теңге, өз қаражаттарымен, 3 адам жұмыспен қамтылды;

  4. Наубайхана ашылды, салынған қаражат сомасы өз қаражаты 5000,0 теңге, 2 адам жұмыспен қамтылды.

  5. Тепловоз ескерткіші қойылды, жалпы соммасы 1000,0

Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру аясында екі жылда 31045,0 мың теңгеге 6 жоба жүзеге асып, 18 жаңа жұмыс орыны ашылды. Көшелер ағымдағы жөндеуден өткізілді, кент көшелері жарықтандырылды, стихиялық күл-қоқыстар шығарылды. Ауыл ішінде 6,8 шақырым жолдың 3 шақырым асфальттанған, сумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған, кәріз жүйесі бар. Кентіміздің көшелері жарықтандырылған, 1 көшенің жолы көтеріліп жасалды, автобус жоқ.

Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Ақтоғайда «Теміржолэнерго» ЖШС қарайтын торабтық телім жұмыс істеп тұр.

2014 жылы кенттік округке дамыту бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыруға республикалық облыстық және аудандық бюджеттен 25000,0 мың.теңге бөлініп, жоспар орындалды.

Байланыс

Ауыл әкімшілігінің маңында Казпочта бөлімшесі орналасқан, Транстелеком филиалы бөлек жерде орналасқан және де 861 номер тағайындалған, қосымша 1000 номерге сұраныс берілді. 2012 жылы Интернет Мегалайн қызметіне абоненттер қосылған. Ақтоғай кентінде Билайн, Актив, Ксеел ұялы байланыс ретрансляторы орнатылған.



Әлеуметтік сала

Ақтоғай кентінде екі орта мектеп, оқушылар саны 1260. Мектеп жасына дейінгі балалар саны 105 немесе мектепалды балалар ортақ санынан 10,5% құрайды. Мектепке дейінгі шағын орталық №8 мектеп ғимаратында орналасқан, 75 балаларға арналған. Одан бөлек 52 орынға арналған бала бақша бар. Демографиялық деңгейіміздің дамуына байланысты бала-бақша және мектеп салу қажеттіліктері бар.

Ақтоғай кентінде селолық аурухана дәрігерлік, амбулаториялық қызмет көрсетеді. Онда 9 дәрігер, 39 медбике қызмет етеді. 2013 жылы селолық аурухананың жұқпалы аурулар ғимараты, орталық қазандығын күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 58,550 мын тенге бөлініп, толықтай игерілді. Жалпы Ақтоғай кентінде жыл сайынғы демографияның өсуіне байланысты невропотолог, акушер-генеколог, анестиязолог, педиатор, травматолог, хирург дәрігерлерінің жетіспеуіне байланысты, қажетті мамандарды дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тарту қажеттілігі бар. Медициналық көмек көрсететін 2 алғашқы жәрдем көлігі бар.

Халық миграциясы.

Жалпы кенттегі халық саны өсу үстінде, 2014 жылдың 1 қаңтарында 6358 адам болса, 2015 жылдың 1 қаңтарына 6404 адам құрап тұр.



Халық қозғалысы:




Халық саны

Жаңа туғандар саны

Қайтыс болғандар саны

Табиғи өсуі

Келді

Кетті

Сальдо миграциясы

2013

6145

121

26

17

26

24

-214

2014

6358

148

21

20

38

36

4

2015

6404

151

20

16

41

35

10

Кентте 120 орындық мәдениет үйі бар. 2013 жылы 5 872,650 мың теңге көлемінде күрделі жөндеуден өткізілді. Ақтоғай кентінің мәдениет үйінде барлық мәдени іс-шаралар, мемлекеттік мерекелер өткізіледі. Мысалға: 1-желтоқсан ҚР президенті күні, Наурыз мейрамы, Ұлы жеңіс күніне арналған мәдени-патриоттық шаралар, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мейрамдары өткізіледі. Онда: кент тұрғындары концерттік бағдарламалар мен спорттық ойындар жарысының нәтижелерін тамашалауға жиналады.

Атқарылып жатқан әр бір игі істеріміз береке бірліктің – бірайғағы екендігі баршамызға аян. Әлі де болса өз шешімін таба алмай келе жатқан мәселелер аз емес. Олар:

1.Әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;

2. Өрт сөндіру автокөлігі қажет;

3.Жастарға спорт комплексін салу.



Осы алға қойған келелі мәселелерге көпшілік көмегімен жете аламыз деп сенімдемін.
Ақтоғай кенттік округінің әкімі Н.Туткушев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет