Балқаш бар байлықтың бастауы/Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. 2001. 16 мамыр



Дата15.06.2016
өлшемі25.5 Kb.
#137813
Жанысбай С.

Балқаш - бар байлықтың бастауы/Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан.-2001.-16 мамыр

Балқаш көлі — Каспий жэне Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді жэне ағын-сыз су қоймасы. Көлдің үзындығы — 614 км., ені — 3,5 километрден 44 километрге дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады.Айдын көл-дің аумағы 18200 шаршы километр болса, тоғандарының ауданы 413000 километр.

Балқаштың бір ерекшелігі — оның жіңішке бүғазбен жалғасып жатқан батыс жэне шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бүрын суы көп болған Іледен толығатын-дықтан суы түщы болады да, шығыс бөлігі — ащы. Қазір көлге Іле, Қаратал жэне Пепсі өзендері қүяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз езенінің де суы жетеді. Бүл көл төрт облысты — Алматы, Қарағанды, Жамбыл жэне Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып түр. Батысында ең сусыз жэне тіршілік иелері өте аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық жэне оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты — күрт континентальды. Жазғы жэне көктемгі, күзгі маусымдарда ағып қүйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле — Балқаш бассейнінің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы түрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шүбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын жэне басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның ала-бүғасы Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс пен тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдаған түрлі қүстар үя салады. Солардың арасында Қазақстанның «Қызыл кітабына» жазылған жиырмадан астам қүс түрі бар. Бүл жерде қабандар мен ондаторлар, киіктер көптеп саналады. Бір кезде Балқаштың оңтүстік жағалауында Түран жолбарысы билік жүргізген еді. Оның соңғысы отызыншы жылдардың ішінде атып өлтірілген екен.

Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, элемдік кэсіпорынның алдыңғыларының бірі — «Балқашмыс» АҚ орын тепкен.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мүнда жыл сайын еліміздің эр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.



Кейінгі кездері Балқаш көлінің суы азайып тартылып барады. Сондықтан да «Сарыарқа» бетінің бүгінгі саны осы Балқаш мэселесіне арналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет