Қазыналы құтты өлке Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл



Дата03.07.2016
өлшемі66.16 Kb.
#175482
Қазыналы құтты өлке

Қарағанды облысының құрылғанына – 70 жыл
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан.

Облыс 1932 жылдың 10 наурызында құрылды.

Облыс орталығы — 1934 жылы іргесі қаланған Қарағанды қаласы*.

Облыстың аумағы республика территориясының 15 процентін құрайды. Бұл – 428,0 мың шаршы километр.

2001 жылдың басындағы алдын-ала есептеу мәліметі бойынша облыстағы халық саны 1381,6 мың адам болды. Оның ішінде қалалар мен қала үлгісіндегі кенттерде 1138,4 мың адам, ауылдық жерлерде 243,2 мың адам тұрды.

Облыста 11 қала, оның тоғызы республикалық және облыстық бағынымда, 39 кент, 9 селолық аудан, 168 ауылдық округ бар.



*алғашқыда облыс орталығы Петропавловск қаласы болып, 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін, Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласына көшіріді.
Биылғы жылдың 10 наурызында Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл толады. Алып құрылық Еуразияның қақ ортасындағы ауқымды кеңістікті ен жайлап жатқан Қазақстан Республикасы атты байтақ мемлекет үшін қазыналы өлкеміздің қадірі бөлек екенін біз, қарағандылықтар, орынды мақтаныш етеміз.

Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір, толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Тарих қарияға жүгінсек, осынау далада адамзат дамуының ұлы көшіне ықпалын тигізген талай оқиғалар мен құбылыстардың өткенінен куә боламыз. Ғайса пайғамбар, туғаннан бергі жыл санаудың VІІІ-ХІ ғасырларында бұл өңірде көне сақтар мен көк түріктердің өзін басып қимақтар мен қыпшақтардың куатты бірлестігі Қимақ қағанаты ғұмыр сүріп, кейін оның орнына Дешті Қыпшақ державасы құрылған дейді шежіре шерткен сыр.

Әлем билеушісі Шыңғысханның шапқыншылығынан кейін Бату құрған Алтын Орданың құрамына кірген Сарыарқа XV ғасырдың ортасында өздерінің дербес хандығының шаңырағын көтерген қазақ атты көшпелі көкжалдардың мемлекеттігін, оның экономикасын нығайтуға, халқының әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуге онды әсер еткені хақ.

Орталық Азияда XVIII ғасырдан бастап орын алған тарихи оқиғалардың, әсіресе, көшпелі қырқыстардың салдарынан Қазақстан Ресей тарапынан отарлана бастады. Сөйтіп, осыдан 200 жылдай бұрын Сарыарқкада Ресей империясының алғашқы бекіністері — Қарқаралы (1824), Ақтау (1837), Ұлытау (1841), т.б. қазақ-орыс станицалары пайда болса, көп ұзамай ол халықтар түрмесіне айналып, жергілікті жұрттың тынысын тарылта түсті.

1833 жылы Аппақ Байжановтың Қарағанды өзектен тапқан көмір кені арада бір ғасыр өткен соң Орталық Қазақстан өңірінде өнеркәсіпті облыстың құрылуына септігін тигізгенімен, дәл сол мезгілде шетел басқыншыларының, Батыс пайдақорларының аранын ашқаннан басқа түк те бермегені анық. Тіпті, адам қанын судай шашып, бұрынғы патшалық Ресейдің орнына құрылған Социалистік Одақ та қазақ даласының ен байлығын исн иеленуден басқа пиғыл ұстанбағаны баршаға мәлім.

Суы — бал, көдесі — май, самалы — саумал Сарыарқада бұрын-сонды болмаған нәубет ұйымдастырып, жергілікті халықты ақсөңке қылып қырған соң онда қылмыскерлердің ордалы ұясын — КарЛАГ орнатып, өктем ұлттың империялық саясатын одан әрі өрбітумен болды. Өнеркәсіпті дамыту, тың игеру желеуімен облыс өңірінс қашқандар мен пысқандарды қойдай тоғытып, қазақтардың өз жерінде азшылыққа айналуына әкеліп тіреді.

Негізінен шикізат өндірумсн шектелген, Одақтың Ресейлік бөлігіндсгі ұқсатушы кәсіпорындарға тәуелді мұндай өнеркәсіп ошақтарының қабілет-қарымы қызыл империя ыдыраған алғашқы жылдардың өзінде-ақ байқалып қалды. Оның үстіне, республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 5-6 жыл бойы облыс тізгінін қолына ұстаған, Қазақстанның келелі келешегіне көз тігуден гөрі тарихи отанына көбірек жалтақтайтын, өздерінің сөзімен айтқанда, канша асырасаң да орманға қарап ұлитын ұлттың өкілдері облысты тұралатып-ақ тастады. Бұл кері кету процесі тек соңғы 3-4 жыддың жүзінде ғана тоқталып, табандылықпен жүргізілген салауатты саясаттың, шетелдік және отандық инвестицияны орынды пайдалана білудің арқасында жаңа мыңжылдықтың жүзі ауғаннан бері қазыналы өңірде оң қадамдар байқала бастады. Облыстық Мәслихаттың XV сессиясында облыс әкімі К.Мұхамеджановтың 2001 жылғы өнеркәсіптегі өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,1%, ауыл шаруашылығында 15%, негізгі капиталға инвестиция тарту 23,3% артық орындалғанын ашып айтуы жоғарыдағы пікірімізге дәлел болады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, тоқктап қалған кәсіпіорындарды іске қосу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқасында облыстағы жұмыссыздық деңгейі белгіленген үш проценттік межеден 1,9% деңгейге дейін төмендегені де оңды нәтиженің белгісі.

Әлемдік картада қазақтың ұсақ шоқылы даласы деп көрсетілген Сарыарқаның құбыласында киіз туырлықты қазақтың ұлт болып ұйысу, халық болыл қалыптасу процесінде тарихи роль атқарған ұлыс ұясы Ұлытау жатыр. Тек Алаш жұртының ғана емес, дүниежүзілік тарихтың дамуына ықпал еткен Жошы, Тоқтамыс, Едіге, Ақсақ Темір сияқты алыптардың, Кетбұға, Қотан, Асан Қайғы, Қазтуған тәрізді айыр көмей, жез таңдай жыраулардың дала демократиясының дарабозы Қаздауысты Қазыбектің, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың табаны тиген касиетті топырақ бұл.

Бетбақ даланы көктей өтіп, Көкше теңіз — Балқашқа төніп тұрған, сыры да, сымбаты да бөлек Бектауатадан терістік шығысқа назар салсаңыз, Орталық Қазақстандағы ең биік шоқы — Қызыларайдың Ақсораңы (1565 м) мен мұндалайды.

Адамзат өркениетінің өткен бір белесіне Беғазы — Дандыбай деген атаумен із қалдырған мәдениет жәдігерлері осы таудың қойнауында жатыр. Арқадағы жер жаннаты Қарқаралы осыдан қол созым жерде, іргесінде Кенттің керім қарағайлары, кербез жартастары көз тартады. Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған Біржан салдың, аспандағы аққуға үнін қосқан Айтбай Демікпеұлының, Шөже мен Кемпірбайдың, күш атасы Қажымұқан мен сұлу Майраның өнеріне тәнті болған Қоянды жәрменкесінің шығыс қапталында Балқантау мұнартады.

Көмекей әулие атанған Бұқар жырау бабамыздың есімін иеленген ауданда тағы бір биік — Семізбұғы бар. Жыр алыбының мүрдесі де қарағайы мен қайыңы, талы мен терегі аралас өскен тау ішінде — терістікке қарай созылып барып Баянға ұласатын Далбаның қойнауында.

Осы таулардан бастау алатын үлкенді-кішілі өзендер облыстың төрт құбыласына түгел тарайтынын аңғарамыз. Сарыарқаның күретамыры болып табылатын Нұра Қарақуыс тауынан көзін ашып, батысқа қарай ақса, бастауы сонымен қапталдас Талды — терістікке, Түндікті — шығысқа, Тоқырауын — түстікке тартады. Бұғылыдан бастау алып түстік-батысты бетке ұстаған Сарысу Бетбақ даланы жарып етіп, Шұға жетіп жығылуға ұмтылады. Есіл мен Құланөтпес солтүстікке сырғиды. Облысымыздың батысындағы Арғанаты тауының қолат-қойнауларынан нәр алатын ағын сулар да әр тарапқа: Кеңгір — оңтүстікке, Байқоңыр — құбылаға, Бозай — батысқа, Терісаққан — солтүстікке қарай ағатынына куә боламыз. Сарыарқаның қыр арқасы облыс өңірінен өтетініне осының өзі-ақ дәлел.

Балқаш, Қарасор, Балықтыкөл тәрізді су айдындары тек облыстағы ғана емес, бүкіл республикадағы ірі көлдердің қатарына жатады.

Алдымыздағы арғымақ жылының қарсаңында 70 жасқа толғалы отырған облысымыздың орталығы Қарағанды тұрғындарының саны, инфрақұрылымдық сипаты жағынан республикамыздағы екінші шаһар екені баршаға аян. Ол стратегиялық тұрғыдан да еліміздегі аса маңызды орталықтардың бірі болып саналады Мұнда ғылым мен білім бер; өнеркәсіп пен қаржы жүйесінің денсаулық сактау саласы ме спорттың, мәдениет пен өнерді ірі, кешенді орталықтар шоғырланған. Өзін қамтамасыз етумен ғана шектеліп калмай, республикалық бюджетті қалыптасуына да едәуір үлес қосып келе жатқан облысты экономикасы өркендеуіне, халықтың әлеуметтік мұктаждары шешілуіне, мәден деңгейінің жоғарылауын Жезқазған, Теміртау, Балқаш сияқты өнеркәсіп алыптарының, Сәтбаев, Саран тәріз; біршама дамыған қалаларды онды ықпал жасап отырғаны де туғызбайды. Соңғы уақыттар: Шахтинск, Қаражал қалалары облыс шаңырағын демеуші уық қатарына косылып қалған селолық аудандары да нарықты экономикаға бейімділік танытып, дербес күн көруге кабілеттіліктерін көрсете бастады Бұл қалалар мен аудандарды құрылу, қалыптасу, даму жолдары, оларға тән ерекшелікте облыстың ортақ игілігіне қосып отырған үлестері жайлы дербе әңгіме өрбітетін боламыз.

Осыдан бір-ақ ай бұрын өзіні 10 жылдык мерейтойын атап өткен республикамыздың экономикалық дамуында, қорғаны күш-қуатының артуында орны бөлек облыс болып саналатын Қарағанды құрыш қорытып мыс айыратын, көмір қазып машина жасайтын, дән өсіріп, мал бағатын өренімен ғана емес ұлттық мәдениетке, қала бері адамзат өркениетіне қосаты өнерімен де ерекшеленеді.

Ұлт рухының қалыптасуын өлшеусіз үлес қосқан Қаздауысты Қазыбек, Бұқар жырау тәрізді абыздарға атақоныс болған топырақтан шертпе күйдің бабасы Тәттімбет, кос ішекті қоңыр домбыраның күмбірімен өлі табиғатқа жан бітірген Қыздарбек, Сайдалы Сары Тоқа, Аққыз, қыл қобызымен жүрек кылын козғаған Ықылас тәрізді дәулескер күйшілер, халықтың арман шерін айтқан Жанақ, Шортанбай, Нарманбет, Әсет, Доскей, Жолдыкей сынды ақын-жыршылар, Арқадағы ән мектебінің біртуар өкілдері Айтбай, Мәди, Шашубай, Төлебай сал, Ғаббас Қали шығуы заңдылық Сарыарқа — Шабанбай Қараменде, Жанғұтты тәрізді қара қылды қақ жарған би шешендер, Сеңкібай, Жалаңтөс Жарылғап, Байғозы, Матақ, Ақжолтай Ағыбай сындь батырлар туған өлке.



Сол дүлдүл мен бұлбұлдардың асыл қасиетін, мұрасын тал бойына қондырған, өркенді облысымыздың өткені мен бүгінін өшпес ерлігімен, өршіл өнерімен, өлшеусіз еңбегімен өрнектеп келе жатқан өрендер де жетерлік. Газеттің алдағы номерлерінде жарық көретін шығармалардың біразы соларға арналмақ.

Ермек Балташұлы

Орталық Қазақстан.- 2002.- 9 қаңтар.-7 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет