4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
Қосымша
Нысан
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның толық
атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Өтініш
______________________
20 _____ жылғы «__»_______________ (елді мекен)
Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
2. Меншік нысаны: ______________________________________________
3. Құрылған жылы: ______________________________________________
4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:
____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)
5. Заңды мекенжайы: _____________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, тел/факс)
6. Қоса берілген құжаттар: _______________________________________
7. ___________________облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы «__»______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы «__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі: __________
____________________________________________________________________
8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі: ____________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берген күні «___»________________20____жыл.
Жеке/заңды тұлға ___________________
(қолы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса),
мөрдің орны
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
10 қосымша
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті:
екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы/тегін негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Төлемақы жасау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады, сонымен қатар портал арқылы алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Төлемақы мынадай кезде алынбайды:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және будандастыру үшін табиғи ортадан алған;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде алынбайды.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:
1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың көшірмесі;
2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;
4) эксперименталдық аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;
5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).
Порталға:
ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге электрондық құжат нысанында мына құжаттар қосымша тіркеледі:
1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың электрондық көшірмесі;
2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;
бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);
3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
4) эксперименталдық аулауға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді электрондық көшірмелері;
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтінім туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінімге қол қоюы керек.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы _______________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері____________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруді» (кәсіпшілік балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, эксперименттік аулау, мелиоративтік аулау, өсімді молайту мақсатындағы аулау) сұраймын______________________________________________________
Пайдалану түрі: ______________________________________________________
Су айдынының атауы: _________________________________________________
Aлу мақсаты: ________________________________________________________
Aлу тәсілдері: ________________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі_______
___________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалану үшін жауапты адамдар: ______________________________
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған: 201__жылғы«__»_____ №__ шарты
Балық аулауға арналған: 201__жылғы «__»___________ №____________ шарты
Мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны:
Объектілердің атауы
|
Саны (килограмм, тонна)
|
|
|
Жыныс-жасқұрамы (қажет болған жағдайда) _____________________________
Aлу мерзімі _____________________ бастап _________________________ дейін
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы __________________
____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алу қарулары:
Жүзу құралдары:
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы __________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №, телефоны)
Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері_______________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
«Жануарлар дүниесін пайдалануға: аң аулауға рұқсат» (аң аулау, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелеу және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға) беруді сұраймын.
Aлып қою мақсаты: ___________________________________________________
Aлып қою тәсілдері: __________________________________________________
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын адамдар тізімі_______
_________________________________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар: _________________________________
Мекендеу ортасынан алып қою жоспарланатын объектілердің тізбесі мен саны:
Жануарлардың түрлері
|
Саны (дарақтар)
|
Учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы
|
|
|
|
Жалпы құны (теңге) __________________________________________________ Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда): _________________________
Aлып қою мерзімі: ____________________ бастап ___________________ дейін.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн «__»___________20___жыл.
__________________________________________________________________
(өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), көрсетілетін қызметті алушының лауазымы, қолы,
мөрдің орны (заңды тұлғаларға)
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн
төлемақы мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Р/с
№
|
Жабайы жануарлардың түрлері
|
Төлемақы мөлшерлемесі, бір дарақ үшін (АЕК)
|
кәсіпшілік аң аулау
|
әуесқойлық және спорттық аң аулау
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Сүтқоректілер
|
|
|
1.1)
|
бұлан (еркегі)
|
-
|
16
|
1.2)
|
бұлан (ұрғашысы)
|
-
|
11
|
1.3)
|
бұлан (бір жасар төлі)
|
-
|
6
|
1.4)
|
марал (еркегі)
|
-
|
13
|
1.5)
|
марал (ұрғашысы)
|
-
|
7
|
1.6)
|
марал (бір жасар төлі)
|
-
|
4
|
1.7)
|
аскания бұғысы (еркегі)
|
-
|
9
|
1.8)
|
аскания бұғысы (ұрғашысы)
|
-
|
5
|
1.9)
|
аскания бұғысы (бір жасар төлі)
|
-
|
3,5
|
1.10)
|
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)
|
-
|
4
|
1.11)
|
елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)
|
-
|
3
|
1.12)
|
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)
|
-
|
3
|
1.13)
|
елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)
|
-
|
2
|
1.14)
|
сiбiр тау ешкiсi (еркегі)
|
-
|
4
|
1.15)
|
сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы)
|
-
|
3,5
|
1.16)
|
құдыр
|
-
|
2
|
1.17)
|
қабан (еркегі)
|
-
|
4
|
1.18)
|
қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы)
|
-
|
3
|
1.19)
|
киiк (еркегі)
|
4
|
5
|
1.20)
|
киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы)
|
3
|
4
|
1.21)
|
қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы)
|
-
|
14
|
1.22)
|
өзен құндызы, кәмшат (орта азиялықтан басқасы)
|
1
|
2
|
1.23)
|
бұлғын
|
2
|
4
|
1.24)
|
суырлар (Мензбир суырынан басқасы)
|
0,060
|
0,12
|
1.25)
|
ондатр
|
0,045
|
0,9
|
1.26)
|
борсық, түлкi
|
0,10
|
0,20
|
1.27)
|
қарсақ
|
0,045
|
0,10
|
1.28)
|
америка қаракүзенi
|
0,12
|
0,25
|
1.29)
|
сiлеусiн (түркiстандықтан басқасы)
|
-
|
0,45
|
1.30)
|
қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян)
|
0,010
|
0,045
|
1.31)
|
жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн
|
0,020
|
0,35
|
1.32)
|
саршұнақ (құм саршұнағы)
|
0,015
|
0,025
|
1.33)
|
қасқыр
|
0
|
0
|
1.34)
|
шиебөрі
|
0
|
0
|
2.
|
Құстар
|
|
|
2.1)
|
маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)
|
0,015
|
0,030
|
2.2)
|
саңырау құр
|
-
|
0,15
|
2.3)
|
құр
|
-
|
0,055
|
2.4)
|
гималай ұлары
|
-
|
0,20
|
2.5)
|
қырғауыл
|
0,020
|
0,060
|
2.6)
|
қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз
|
0,020
|
0,045
|
2.7)
|
үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)
|
0,010
|
0,020
|
2.8)
|
қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)
|
0,005
|
0,010
|
2.9)
|
бөдене
|
0,005
|
0,010
|
Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Р/с
№
|
Су жануарларының түрлері
|
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
|
бір дарағы үшін
|
бір килограмы үшін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:
|
|
|
1.1)
|
бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)
|
|
0,064
|
1.2)
|
майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ
|
|
0
|
1.3)
|
албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)
|
|
0,017
|
1.4)
|
ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян
|
|
0,012
|
1.5)
|
қаракөз
|
|
0,004
|
1.6)
|
итбалық
|
1,93
|
|
1.7)
|
ірi балықтар:
|
|
|
1.7.1)
|
ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке
|
|
0,013
|
1.8)
|
ұсақ балықтар:
|
|
|
1.8.1)
|
табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай
|
|
0,004
|
2.
|
Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:
|
|
|
2.1)
|
алып қоя отырып:
|
|
|
2.1.1)
|
ірі балықтар
|
|
0,017
|
2.1.2)
|
қортпа
|
|
6,5
|
2.1.3)
|
бекіре балықтары
|
|
5,5
|
2.1.4)
|
ақсақа, албырт балықтар
|
|
0,042
|
2.1.5)
|
ұсақ балықтар
|
|
0,008
|
2.1.6)
|
шаян
|
0,008
|
|
2.2)
|
«ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізiнде:
|
|
|
2.2.1)
|
ірі балықтар
|
|
0,1
|
2.2.2)
|
бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)
|
4,97
|
|
2.2.3)
|
ақсақа, албырт балықтар
|
|
0,27
|
2.2.4)
|
ұсақ балықтар
|
|
0,068
|
Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:
Р/с
№
|
Жануарлардың түрлері
|
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
|
бір дарағы
үшін
|
бір килограмы үшін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Сүтқоректілер:
|
|
|
1.1)
|
шұбар мысық немесе дала мысығы
|
0,030
|
-
|
1.2)
|
қарақас
|
0,015
|
-
|
2.
|
Құстар:
|
|
|
2.1)
|
кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан
|
0,010
|
-
|
2.2)
|
үлкен аққұтан
|
0,015
|
-
|
2.3)
|
маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты, орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық
|
0,005
|
|
2.4)
|
қаршыға
|
0,010
|
|
2.5)
|
қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары
|
0,045
|
|
3.
|
Бауырымен жорғалаушылар:
|
|
|
3.1)
|
орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы
|
0,020
|
-
|
3.2)
|
ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз
|
0,010
|
-
|
3.3)
|
бозша жылан
|
0,045
|
-
|
3.4)
|
өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы
|
0,035
|
-
|
3.5)
|
көлбақа
|
0,005
|
-
|
4.
|
Омыртқасыз су жануарлары:
|
|
|
4.1)
|
артемия (цисталары)
|
-
|
0,045
|
4.2)
|
гаммарус, шашақ мұрт шаяндар
|
-
|
0,010
|
4.3)
|
Сүлiктер
|
-
|
0,030
|
4.4)
|
басқа да су омыртқасыздары мен цисталары
|
-
|
0,005
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
11 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |