Банктік деректемелердің (ЖСК және БСК)
жаңа құрылымы туралы ақпарат
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тиімді үдерісі үшін банктік деректемелердің бірыңғай стандарттары қажет. 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN және ISO 9362: ВІС тиісінше халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері (ЖСК) және банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары (БСК) пайдаланылатын болады.
IBAN дегеніміз не?
IBAN (International Bank Account Number) – бұл Стандарттау жөніндегі Халықаралық Ұйым жəне Банктік стандарттардың Еуропа комитеті əзірлеген, ISO 13616 халықаралық стандартына сәйкес берілген клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік шотының нөмірі. Қазіргі уақытта ол əлемнің 45 елінде, оның ішінде Еуропа одағы елдерінде және олардың аумағында, және басқа да елдерде пайдаланылады.
IBAN елдің және алушы банктің белгісі бар әріптер мен цифрлар жиынтығынан тұрады, бұл кез келген елдің кез келген банкінде, егер осы елде IBAN стандарты пайдаланылса клиенттің шотын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Қазақстандық IBAN және оның құрылымы
Қазақстан Республикасында клиенттердің барлық банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы (банктер) шоттарының нөмірлері IBAN стандарттарына сәйкес елдің ішіндегі төлемдер үшін, сол сияқты халықаралық төлемдер үшін бірыңғай қағидат бойынша қалыптастырылады. Осылайша олар банктік шоттың осы стандартын пайдаланатын бүкіл Еуропа бойынша және басқа елдерде жеңіл танылатын болады, бұл трансшекаралық төлемдерді өңдеуді анағұрлым жеделдетуге мүмкіндік беретін болады.
Клиенттің банктік шоттың жаңа нөмірінің құрылымы Қазақстанда жиырма разрядтан тұратын болады жəне былайша көрінеді:
K Z С С Б Б Б Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х
Қазақстанның
коды
бақылау разряды
банктің коды
банк клиенті шотының банкаралық нөмірі
Халықаралық стандартқа сəйкес, IBAN-ды берудің айрықша құқығына тек шот иесінің банкі ғана ие болады. Екі таңбалы цифрлы бақылау разрядын сол банк қана есептейді. IBAN бақылау разрядының есеп айырысу формуласы IBAN барлық нөмірлері үшін барлық елдерде бірыңғай болғандықтан, шоттың дұрыстығын төлемнің бастамашысы болатын банкте, ақша аударуға тартылған корреспенденттік банктерде (егер алушы басқа банктің клиенті болса да) тексере алады.
Көзбен қараған кезде қабылдауды оңайлату мақсатында қағаз тасымалдауыштағы төлем жəне басқа құжаттарда шоттың нөмірін əрбір төрт таңбадан кейін ашық орын қалдырып көрсетуге рұқсат етіледі:
KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ
Алайда, электронды нысандағы төлем жəне басқа құжаттарды толтырған кезде банктік шоттың нөмірі бос орын қалдырылмай енгізілуі тиіс. Сондай-ақ бұл жағдайда банктік шот нөмірінің алдына ешқандай да басқа қысқартуларды қосуға болмайды (мысалы, IBAN, A/C, Account No жəне т.б.).
Жаңа банктік сәйкестендіру коды
Банктік сәйкестендіру коды (БСК) Қазақстан Республикасының төлем жүйелері қатысушыларының біркелкі сәйкестенуі үшін қажет.
Жаңа қазақстандық БСК құруға негіз болған ISO 9362: ВІС (Bank Identifier Codes) халықаралық стандарты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде қаржы институттарын бірегей сәйкестендіру үшін әлемдік қаржы бірлестігінде кеңінен қолданылады (SWIFT BIC ретінде де танымал)
Қазақстандық BIC және оның құрылымы
Қазақстан аумағында банкке ISO 9362: BIC стандартына сәйкес берілген БСК банктің ұлттық банктік сәйкестендіру коды ретінде қабылданады және ел ішіндегі төлемдер үшін де және халықаралық төлемдер үшін де қолданылатын болады. Банкте SWIFT BIC болмаған кезде Қазақстанның Ұлттық Банкі банкке БСК-ны ISO 9362 стандартына сәйкес беретін болады.
Бас банктердің жаңа БСК құрылымы 8 әріпті-цифрлық белгілерден тұрады және мынадай түрде болады.
Б Б Б Б K Z Х Х
банктің коды (атауларынан латын әріптері)
Қазақстанның коды
орналасқан жерінің коды
Банктің банктік шотының нөмірі және банктік сәйкестендіру коды төлем құжаттарын ресімдеу кезінде міндетті деректемелер болып табылады. Банк өз қарауы бойынша клиенттің шотын енгізуге (қызмет көрсетуге) байланысты өзге де құжаттарды клиентке беру кезінде жаңа құрылымға сәйкес клиент шотының нөмірін көрсетуге құқылы.
Банктерге не істеу керек?
2010 жылғы 1 қаңтарға барлық банктер банктік шоттың жаңа құрылымын күшіне енгізгенге дейін өз клиенттерінің бұрынғы шоттарының нөміріне IBAN стандартына және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келетін банктік шоттардың нөмірін, оны 2010 жылғы 7 маусымға дейін төлем құжаттарында нақты пайдаланбай беруі тиіс.
Жаңа банктік деректемелер күшіне енген күннен бастап -2010 жылғы 7 маусым, банктер клиенттерге шоттардың нөмірлерін тек IBAN стандартына және Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес беретін, сондай-ақ көрсетілген төлем құжаттарында дұрыс қойылуын тексеретін болады.
Осылайша банктерге:
-
әрбір клиентпен (жеке және заңды тұлғалармен) 2010 жылғы 7 маусымнан бастап клиенттің банктік шоты нөмірінің және оған қызмет көрсететін банктің банктік сәйкестендіру кодының өзгергендігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-
барлық клиенттерге өзгерген банктік деректемелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жіберу қажет.
IBAN банктік шоттардың және банктік сәйкестендіру кодтардың нөмірлері ел ішіндегі төлемдерді жүзеге асыру кезінде де, халықаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатындығын естеріңізге саламыз.
Клиенттерге не істеу қажет?
Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес банктік шоттың жаңа нөмірін беруге шот иегерінің банкі ғана құқылы.
Клиент IBAN өз нөмірін алу үшін өзінің шоты ашылған банкке баруы тиіс. Егер клиенттердің бірнеше банктерде шоттары болса, онда нақты шотқа сәйкес келетін IBAN нөмірін ол осы шот ашылған банкте алады. Сонымен қатар тиісті банктен өзінің жаңа банктің сәйкестендіру коды туралы ақпарат алуы қажет.
2010 жылғы 7 маусымнан бастап төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа банктік деректемелерді ғана көрсетуі қажет.
2010 жылғы 7 маусымнан бастап банк шоттарының және БСК бұрынғы нөмірлерін көрсетуге байланысты төлемдер және ақша аударымдары қайтарылуын болдырмау үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі іскер әріптестерін және басқа мүдделі тұлғаларды өздерінің жаңа банктік деректемелері және олардың қолданысқа енгізілу мерзімдері туралы хабардар етуі, сондай-ақ өздерінің қазақстандық әріптестері банктерінің IBAN шоттарының нөмірлерін және жаңа БСК білуі тиіс.
Сұрақтар туындаған кезде Сізге қызмет көрсететін Банкке, не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 8 727 270 47 20, 8 727 270 47 64 телефондары арқылы хабарласыңыздар.
Кейбір елдердің IBAN және BIC мысалдары
Ел
|
IBAN мысал
|
BIC мысал
|
Германия
|
DE89 3704 0044 0532 0130 00
|
DEUTDEBB
|
Ұлыбритания
|
GB29 NWBK 6016 1331 9268 19
|
BOFIGB2B
|
Финляндия
|
FI21 1234 5600 0007 85
|
HELSFIHH
|
Швеция
|
SE35 5000 0000 0549 1000 0003
|
NDEASESS
|
Нидерланд
|
NL39 RABO 0300 0652 64
|
ABNANL2A
|
Түркия
|
TR33 0006 1005 1978 6457 8413 26
|
ADABTRIS
|
Қазақстан
|
KZ75 125K ZT20 6910 0100
|
NBRKKZKX
|
Достарыңызбен бөлісу: |