Медициналық сұхбат,оның құрылымы. Емделушіні сұрау



бет1/4
Дата02.10.2024
өлшемі1.47 Mb.
#504228
түріСабақ
  1   2   3   4
№10 сабақ Медииналық сұхбат, емделушіні сұрау ЛД ІІІ курс


ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
Мамандығы: 0301000- «Мейіргер ісі»
Курс: ІІ
Топ: МІ – 203, 204, 207
Пәні: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Тақырып: Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.


Сабақтың мақсаты: медициналық сұхбаттың құрылымы мен оны жүргізу және аяқтау дағдыларын сипаттау және түсіндіру.

Медициналық сұхбат

Тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.

Мақсаты:

1. Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп,бағалау.

2. Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін, ауырлығын жіктеу.

3. Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.

Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.

  • Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
  • Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының ,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.

Сұхбаттасудың функциялары.

Сұхбаттасудың функциялары.

1. Диагностикалық

2. Терапевтік

Олар бірге, параллелді түрде жүзеге асу керек,себебі тек үйлесу жағдайында, ғана медициналық мақсатына жетеді. Көбінесе науқас өзінің шағымдарын, мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды. Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін дәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет