БаоөЖ №2 Орындаған: Ерғабыл Д. Оқу тобы: сиб-23-1 п/я Қабылдаған: Қожақұлы Ө



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата28.03.2024
өлшемі229.23 Kb.
#496713
  1   2   3
БАОӨЖ №2



БАОӨЖ №2
Орындаған: Ерғабыл Д.
Оқу тобы: СИБ-23-1 п/я
Қабылдаған: Қожақұлы Ө.


Ұлы Жібек жолы жəне Қазақстан
1.Оңтүстік Қазақстан жəне Жетісу қалалық мəдениетінің
гүлденуі.
Ұлы Жібек жолы жəне Қазақстан. Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың
қатынасын нығайтқан, түрлі мəдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан
жеріндегі қала мəдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен
Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек
жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен ұсынған болатын.
Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи термин ғылыми
əдебиеттерде қалыптасып кетті. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды
құрайтын қашықтығына байланысты «ұлы» сөзі қосылды.
Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып,
Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының
Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын
қақпаларының бірі болған. Бұл тақырыпта келтірілген картада айқын көрінеді.
Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара
байланыстырушы буынға айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен білім мен
технологиялар, мəдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
тарады. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит т.б. асыл тастар мен
фарфор еді. Сауда дамыған сайын өнім өндіру тəсілдері артып, елдер ара- сында
өтімді тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бұйымдар
ағыла бастады. Мысалы, үйсін жері арқылы асыл тастар мен жібек, фарфор
артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.
Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек
өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар
ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза жəне
табиғи болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен
оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жəндіктердің жоламайтынын байқаған.
Жібек киімдер əдемі жəне ыңғайлы, сəнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы
ғасырлар бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы
арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс əкелген.


Қытайдан кейін жібек құрты Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран,
Византия елдерінде өндіріле басталды.
Түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдер киді. Мысалы, Тон Жабғу
қағанның (VII ғ.) жасыл жібек шапан кигені белгілі. Араб географы əл-Идриси
мəліметтері бойынша, дəулетті қимақтар түрлі түсті жібек киімдер киген. XVIII
ғасырдағы ғалым, этнограф И. Георги далалықтардың жібек матадан тігілген
киімдер кигені туралы жазады.
VI–XIII ғасырларда Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты Сирия – Иран жері – Орта
Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас, Шу алқабы – Ыстықкөл, Шығыс Түркістан
арқылы өткен.
Келесі бір тармағы Византиядан Дербент арқылы Каспий маңы даласы –
Маңғыстау – Арал бойы – Оңтүстік Қазақстан жерін байланыстырған. Тағы бір
бағыты Орталық Қазақстан аумағынан Шығыc Қазақстан мен Батыс Сібірге жеткен.


Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты Арал теңізін жағалай Сырдария, Шу өзендері
арқылы Жетісудан Жоңғар қақпасына жеткен. Соныменен Батыс пен Шығыс елдерін
байланыстыратын жол Қазақстан жері арқылы өтіп, сауда қарым-қатынас аясы
кеңейе түскен.
Түрік қағандары Жетісу аумағын басып өтетін сауда керуендерін қол астына
қаратып, толық бақылауына алды. Түрік билеушілері мен ауқатты түркілер ағылып
келіп жатқан тауарлардың ірі тұтынушысы еді. XIII ғасырда Ұлы Жібек жолын
Моңғол империясы тиімді пайдаланып, өз бақылауына алады.
Бұл кезеңде керуен жолы біршама гүлденіп, халықаралық сауда мен мəдени
байланыстарға өз үлесін қосып тұрды. Моңғолдар сауданың дамуын қолдап, дінге
қысым көрсетпеді. Моңғол билеушілерінің ордалары ірі сауда қалаларында
орналасты. Ұлы Жібек жолының кедендері мен транзиттік бекеттерінде жолаушылар
азық-түлік қорын толықтырып, болдырған аттарын алмастырды, қажет жағдайда
жолсерік қызметі де көрсетілді. Жол бойында жаңа қалалар мен керуен-сарайлар бой
көтерді. Керуеншілерге қызмет түрін ұсынып отырған керуен-сарайлардың
жолаушылар үшін маңызы зор еді. Көпестер үшін керуен-сарайлар тауар өткізетін
жəне тауар сатып алатын маңызды сауда орталығы саналды. Керуен-сарайлар ауыр
жəне алыс жолдағы керуеншілердің рухани мұқтажын өтейтін мəдени орталықтарға
айнала бастады.
Жібек жолын бақылауға алған империялар сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатымен керуендерге жəне діни миссияларға арнайы өкілеттік құқық пайзалар
табыс еткен. Олардың тоналуына жол бермеген. Жолды қорғау үшін қарулы күзет
қойылып, байланысшылар хабарды дер кезінде жеткізіп отырған.
Əмір Темір мемлекетінің тарих сахнасына шығуымен XIV ғасырдың соңында Ұлы
Жібек жолындағы сауда қатынастары біршама құлдырады. Əмір Темірдің əскери
ұрыс қимылдары мен шапқыншылық жорықтары нəтижесінде қалалар қирады,
жерлер тоналды, көрші елдердің экономикасы талқандалды, транзиттік сауда желісі
үзілді.
Теңіз жолдарының ашылуы да Ұлы Жібек жолының құлдырауына əсер етті.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезінде Ұлы Жібек жолының Ұлы
даламен өтетін тармағындағы сауда жандана түсті.


Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағытындағы сауданың дамуы ақша жүйесінің
қалыптасуына əкелді. Жол бойында əр елдердің теңгелерін айырбастау орындары
болды. Отырар, Испиджаб, Тараз, Жент, Қойлық қалаларында теңге сарайлары
жұмыс істеді. Теңгелер (пұл), мыс пен күміс ақшалар, дирхем, алтын динар
соғылды.
Жошы ұлысында теңгелер Сарайшық, Сығанақ жəне т.б. қалаларда шығарылды.
Қолөнершілер шаруашылыққа қажетті құрал-саймандар, сəндік бұйымдар жасаумен
айналысты. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасындағы экономикалық,
мəдени, дипломатиялық байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет