Бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір заңдылықтар аясында жұмыс



Дата13.10.2023
өлшемі15.77 Kb.
#480671

Бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір заңдылықтар аясында жұмыс істейді. Өйткені оның қай елде қызмет атқарса да, алдымен лицензиялық құжаттары болып, құқықтық тұрғыдан рұқсаты болуы тиіс. Ондайда мемлекеттік немесе заңдық тіркеуден өтіп, заңды куәлігі алынуы қажет.Сол арқылы ұжым жасақтап, өздерінің ішкі жұмыс нормаларын анықтайды.
Ұжым болған соң бірнеше мамандар бас қосып еңбек етуге тура келеді. Алайда «бес саусақ бірдей емес» деген секілді, әркімнің өз жұмыс стилі, мінезі, шығармашылық ахуалы бірдей болмайтыны тағы түсінікті. Басшы- қосшыдан бастап, барлық журналистер бірлесіп, тіл табысып жұмыс атқаруы керек. Әрбір ұжым мүшесінің өзінің жеке бас этикасымен бірге, бүкіл ұжымның этикасын сақтауына тура келеді. Мұның өзі олардың сыйластық, достық қарым-қатынасына негізделсе жұмыс та өнімді, табысты боларына сөз жоқ.Біздің елімізде журналист пен БАҚ еркін жұмыс істейтінін айттық.
Олардың сондай-ақ тиісті міндеттері бар екенін де ұмытпау керек:-
Журналист ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып, өзі шарттық қатынастарда тұрған БАҚ қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға міндетті.-Журналист
шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға міндетті.-Журналист ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсетпеу туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға міндетті.-Журналист жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге міндетті.-Журналист ҚР заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындауға тиіс.
Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды. Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл ұжым болып ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу
қажет. Бұл орайда журналистердің интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру да қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек.
Мұндай тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда тұр мен стильді

жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Стандарттан қашып, тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын тигізеді.
Газеттің, радио мен телехабардың мазмұны мен характерін, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын
жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймауға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға жағдай жасайды. Ой тереңдігіне, сөздің өткірлігіне, тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпалы тиеді.
Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, сонымен бірге әрбір
журнадистің немесе ұжымның жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі эсер етеді. Демократиялық қоғам үшін бұқаралық ақпарат құралдары көп жұмыс істеуі тиіс. Бұл өмірге тереңдеп ену, шындықты айту, қажетті де, өзекті фактілерді таба білу, оны зерттеп халыққа ұсыну үлкен
жауапкершілікті тілейді.
Әрине, шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей ала беру, үйрене берудің негізі жоқ. Ең жаңашыл, бұрын айтылмаған нәрселерді таңдай білген жөн. Алдымен халыққа не қажет және нені айту керек, соны байқаған дұрыс. Бұл үшін өткен мен жаңаны, сондай-ақ өзімізде не бар, не жоқ, соны біліп барып ажырату керек. Қажеттісін ескеріп, қажетсізіне сын көзбен қараған орынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет