5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында сабақтарға қатысу туралы
Анықтама
Оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі- бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі. Біріншіден бастауыш сыныпта бірнеше жыл бойы бір мұғалімнен ғана білім алып, қалыптасып қалған оқушыларға бұл кезеңге психологиялық жағынан өту қиындық туғызса, екінші жағынан оқу бағдарламасына жаңа пәндердің енгізілуі және әр пәннің жеке бөлмелерде өтілуі де оқушыларға зор әсер етеді. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан педагогикалық ұжым алдында 5-сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтауда қойылған мақсаттары:
Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар ұжымында педагогикалық жағдай туғызу;
Негізгі жағдаяттарды талқылау;
Туындаған жағдаяттарды шешудегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
Оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңіндегі мұғалімдердің тәжірибе алмасуы.
Оқушылардың білім сапасын, сынып ұжымының қалыптасу деңгейін, білім алудың екінші сатысындағы балалардың бейімделу деңгейін бақылау мақсатымен жоспарға сәйкес қазан айында сыныптық-қорытынды бақылау жүргізілді.
Математика пәнінің мұғалімі Баубеков Нурлан 5 «Б» сыныбында «Дәреже» тақырыбындағы сабақ бөлінгіш сандардың анықтамасын сұрау және мысал келтіру ден басталды. Үй жұиымын тексеру кезінде оқушыларды тақтаға шығарып жаздыртты. Кітаппен жұмыс болды.. Мұғалім оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді, оқушылармен қарым-қатынасы жақсы. Сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану және функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмаларды сабақта қолдану қажет етеді.
Орыс тілі пәнінен «Виды траспорта» тақырыбындағы сабақта жас маман Берік Мақпал сабақ мазмұнын меңгертуде түрлі көрнекіліктер мен тірек жазбаларын кеңінен қолданып, оқушылардың жас ерекшелігін ескерді. Сабақта тақырыптың нәтижелі меңгерілуіне оқылған орай өлеңді әнімен айтқыза отырып, олардың психологиясына әсер етіп, жағымды эмоция туғызды. Орыс тілінде сөздердің мазмұнын ашуға арналған түрлі салыстыру тәсілдері қолданылды. Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, жаңа материалдың өзіндік меңгерілуіне жетеледі. Теорияны практикамен байланыстыруға назар аударды. Сабақта сергіту сәті жүргізіліп, гигиеналық талаптар орындалды. Алдағы уақытта мұғалім сабақ уақытын үнемді пайдалану керек.
5 «Г» сыныбында орыс тілі пәні мұғалімі Сымтыков С.В. «Папа, мама и я дружная семья» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тапсырмалар орындады, «Кластер» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгерді. Оқушылардың орысша сөздердің дұрыс айтылымына мән беру керек. Мұғалім оқушылармен тіл табыса алады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылық бар. Сабақты жаңартылған мазмұнда жүргізу керек.
Математика пәні мұғалімі Нечаева Л.Л. проблемалық-диалогтық оқытуды қолдана отырып, өз сабақтарын құрастырады. Ол тапсырмаларды мұқият таңдайды, оларды сабақта АКТ қалыптастыруға практикалық бағыт тұрғысынан талдайды. Тамаша, шығармашылық сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары нақты анықталған. Сабақ әдістемелік сауатты және қол жетімді. Сабақта іс-шаралар жұптарда, топтарда оқылады. Мұғалім жұмысты оқушыларды байқауға, салыстыруға, қорытынды жасауға мәжбүр ететін етіп жасайды.
Ұсыныс:
Мұғалімдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолданады.
Сабақтың кезеңдері бойынша уақытты бөлуді бақылау
Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабақтарға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |