Барысы: Жүргізуші 1 Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар. Бүгінгі «Өнерлі Отбасы» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер



Дата04.05.2024
өлшемі17.1 Kb.
#500556
түріСценарий
Іс-шара сценарий


«Өнерлі отбасы» сайысы сценарийі
Мақсаты: Отбасы күнін атап өту. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
Барысы:

Жүргізуші 1


Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар. Бүгінгі «Өнерлі Отбасы» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші 2


Қарап тұрсам кезім емес жасқанар,
Бөгей алмас білім атты тас қамал.
Отанның аяулысы боларсың,
Отан деген отбасынан басталар!

Қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтып кеткендей, отбасы-ол қоғамдық институт. Ал қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты.


Жүргізуші 1


Ата - ана асқар тау алдымдағы,
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі.
Өзің берген өнеге, тәрбиеңмен
Бақытты жанұямыз баурыңдағы! –деп «Өнерлі отбасы!» атты отбасылық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші 2


Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен таныс болайық (қазылар алқасын таныстыру)

  1. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістеме кафедрасының аға-оқытушысы Рахимбаева Баян Турабековна

  2. ____________ Заира Жанұзақовна

  3. М. Жұмабаев атындағы гимназияның музыка пәні мұғалімі Медеубаева Толкын Муратбековна

Жүргізуші 1
Ендігі, Сайыстың өту ережесімен таныстырып өтейік.
Сайыс 8-сыныптар арасында өтеді. әр сыныптан 1 оқушы және 1 отбасы мүшесі қатысады.
Сайыс талаптары:
Киім үлгісі: Ұлттық нақыштағы киім
І кезең « Таныстыру»(әр отбасы өздерін таныстырады.Өз қалаулары бойынша өлеңмен немесе видеороликпен,тақпақ т.б)- бұл кезеңде жоғары ұпай саны 5 ұпай
Регламент: 1-2 мин.
ІІ кезең «Біз өнерлі отбасы»(өз өнерін көрсету ән,би,күй,өлең) жоғары ұпай саны -10 ұпай
Регламент: 3-5мин.
ІІІ кезең «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»…(сұрақ-жауап кезеңі) жоғары ұпай саны -5 ұпай
Ескере кететін жәйт сыныптың қолдауына да қосымша балл беріледі (плакат, қолдау номері т.б)
Жүргізуші 2
Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.
Көрелік ал ендеше жарыстырып
Келіп тұрған отбасылар
Жіберсін өздерін таныстырып дей келе «Таныстыру» кезеңіне кезек берейік
1.⁠ ⁠8А
2.⁠ ⁠8Ә
3.⁠ ⁠8Б
4.⁠ ⁠8В
5.⁠ ⁠8Г
Жүргізуші 1
Әділқазылар алқасынан 1ші кезеңіміздің бағасын бергенше Канапиянова Аружанның орындауында әсем әнге кезек берелік
Жүргізуші 2
(2-кезең)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Көрсетеді ән биді бойындағы.
Бүгінгі отбасылар сайысына,
Сайыскерлер аянбай- ақ жан салыпты дей келе, сайыскерлеріміздің дайындап келген өнерлерін тамашалайық.
1.⁠ ⁠8А
2.⁠ ⁠8Ә
3.⁠ ⁠8Б
4.⁠ ⁠8В
5.⁠ ⁠8Г
Жүргізуші 1
(3-кезең)
Жақсылыққа шын сенейік
Отбасыны, бір биікке теңейік
Өнеге үлгісін көрсететін
Сұрақ жауап бөліміне кезек берейік.
Бұл кезеңде қатысушылар сандықтағы сұрақтардан біреуін алып, жауап береді. Дұрыс, әрі нақты жауапқа 5 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1 Баласы үйден ата-анасының рұқсатынсыз шығыа кетті. Ата-ананың іс әрекеті, баланың жағдайдан шығуы.
2 Мұны дұрыс жасаған жоқсың! - деп, анаң саған ұрысып жатыр, ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме? Дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?
3 Баланың бөлмесін отбасы мүшесінің біреуі жинап, өз ойынша қажетсіз деген заттарды қоқысқа тастады. Бұны байқаған бала отбасы мүшесіне ренішін білдірді. Үлкеннің айтқаны дұрыс, бәрі-бір ол заттарды ұолданбайсын деді - отбасы мүшесі. -Кімдікі дұрыс? Жағдай кешірім сұрауды қажет ете ме?
4 Бала 1 апта бұрын досының туған күніне сұранды, сіз рұксатыңызды бердіңіз, бірақ баратын күні өз шешіміңізді өзгерттіңіз. Балаға болған жайтқа наразылығын білдіріп, өз дегенінше туған күнге кетіп қалды. Бұл жағдайда кімнің іс-әрекеті дұрыс?
5 Сіз біреуден балаңыздың жаман қылық көрсеткенін естідіңіз, бұл қылығы үшін жазаладыңыз. Біраз уақыттан кейін бұның жалған екенің білесіз. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Анаңыз/әпкеңіздің сүйікті түсі қандай?


Сүйікті тағамы қандай?
Аяқ киім өлшемі қандай?
Бала кезіңде кім боламын деп армандады?
Туған күні қашан?
Жүргізуші 2:
Осымен бүгінгі «Өнерлі отбасы» сайысы өз мәресіне жетті . Әділқазылар алқасы кеңесіп , байқау нәтижесін шығарғанша кезекті 8в сыныбы КВН-іне кезек берейік.
Жүргізуші1:
Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.
(Сайыстың қорытындысы)
1 орын «Театрға жолдама»
2 орын «Мұражайға жолдама»
3 орын «10 000 тенге»
Жүргізуші 2:
-Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаңыз сіз ұғатын.
Жүргізуші 1
Осымен «Өнерлі отбасы» атты отбасылық сайысымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет