Шығармадағы көркемдегіш құралдар



бет1/2
Дата24.04.2024
өлшемі17.05 Kb.
#499700
  1   2
7-практикалық


Оралхан Бөкейдің "Құм мінезін" оқыла бастағаннан құмда қой баққан Бархан есімді қойшымен танысасың. Қыстаудағы қойшының азабы, күйзелісіне таң қаласың. Бетпақта жатқан қойшы Барханның жүйкесін тоздырып жүрген, «табан ет, маңдай тері сіңген адал еңбегіне» қол салып, қол салғанда да мол салып пайдаланып кете беретін Әліқұл мен Сейітқұл деген екі құлқыны зордың аузына жем болуынан басталады екен. Совхоз басшылары Сейітқұлға көмекке оқушылар жібереді, Сейітқұлдың шөбін жер қара, күн жылыда жиып береді, екі күннің бірінде ауданға, облысқа, тіпті, анау Алматыға машина жіберіп, шақыртып жатады, «маған неге?» деп Бархан іштей ғана күйзеледі. Осылай жуас қойшы ішкі менімен арпалысы өз сана сезімін шарпып, басшысы мен көрші бауырына деген наласын сыртқа шығара алмай құм далада жігері құм болып жүреді. Ғұмырында "жоқ" деп көрмеген, өзі түсінер деген Бархан, Әліқұл мен Сейітқұлдың алдында топас, ынжық болып көрінеді. Қара құйрық пен Бархан арасындағы нәзік байланыс, сондай сұлу даланың қоңыр аңымен жақындығы сонша екеуі бір бүтін тұлға, бір бұтін мұңлық еді. Екеуі де Сейтқұлдан жапа шекен, жара алған. Екеуінің де түбіне Сейтқұл жетеді. Біреуін оққа жем қылса, біреуін Қызыл құмнан көшіреді. Шығарманың кілті, шырқау шегі Сейтқұлдың қара құйрықты итке жем қылумен Барханның көзіне қан толып, Сейтқұлға кеткен есесін өмірінде алғаш рет қайтарумен өзі де, жұбайы Жұмагүлді де риза қылып уақиғаны тамамдайды.
Шығармадағы көркемдегіш құралдар:
«От жағып жылынайын десе, жуық маңайда тіс шұқыр ағаш жоқ, өңкей бір жұпжұмыр тақыр тауларға қарап тұрып қарның ашып, қасқырша ұлығың немесе ботадай
боздап жылағың келеді»- ботадай боздау тұрақты теңеуі –қазақ ұғымында төрт түліктің ішінде түйе қасиетті деп саналады. Түйе түлігімен байланысты ботадай
боздау тұрақты теңеуі қатты қайғырып жылау ұғымын білдіреді. Боздау етістігі тура мағынасында түйе малының дыбыс беруін білдірсе, ауыспалы мағынада жылау ұғымын да білдіреді.«Қасқырша ұлу, аш қасқырдай бұратылу аштық қасқырмен ассоциацияланады.»
Менің қолымнан не келеді?-деді Бархан сиырдың сілекейіндей созылып алған әңгімені
тұжырғысы келіп.

Ш.Айтматовтың "Ақ кемесінде" де "Құм мінездегі" "жоқ" деп айта алмайтын кейіпкер кездеседі. Елпек Момын атанған Момын шал бүкіл ауылдың той-томалағын, ас-суын бір өзі жайғап жүргені. Ал, сол елпектігінен алғыс алған, құрмет көрген Момын шал жоқ. Ыстықкөл жағасында өскен жас баланың атасы Момынмен бірге, атасының аңыз әңгімелерін тыңдауға және ақ кемелер жүзіп бара жатқанда көлге қарауға уақыт бөледі. Ол атасының Бого (Бұғы) тайпасы үшін қасиетті Мүйізді Ана туралы әңгімелеріне ерекше қызығушылық танытады. Романның соңында бірқатар қайғылы оқиғалар орын алады, ал аңшылар Момунмен және куәгер ретінде баламен бірге киелі маралды өлтіреді. Бұл баланы үмітсіздікке жібереді. Сүйіспеншілік пен қабылдауды аңсап, ол «балыққа айналу» үшін жақын маңдағы ағын суға түсіп, әкесін іздеп Ыстықкөл қарай жүзеді. Кеңестік «қаһармандардың» графикалық және зорлық-зомбылықпен бейнеленуіне, сондай-ақ балалардың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты кеңестерге байланысты дау шыққаннан кейін романды оқшаулап тастады. Шығармада ұрпақтар жалғастығы, сабақтастығы мәселесі баланың жүргізуші-солдатпен өзара әңгімесінде нақты көрсетіледі. Ата-бабалар шежіресін білу, жеті атаға дейін жаңылмай айту кейіпкерлердің мінез-құлқы және іс-әрекеті арқылы емес, өзара диалог арқылы беріледі. Бала әкесін де, шешесін де көрмеген, есіне түсіре алмайды. Бірақ әкесінің Ыстық көлде матрос болғанын біледі. Ал анасы әкесімен ажырасқан соң, баласын атасына қалдырып, өзі қалаға кетеді. Содан кейін одан бірде-бір хабар болмаған. Бала Ыстықкөлде жүзген ақ кеме ішінде әкесі бар екенін, оны көргісі келетінін армандайды. Жазушының «Ақ кеме» повесінде қосақабат өрілген екі сюжет бар. Бірі – баланың ақ кеме туралы ертегісі. Екіншісі – атасының, яғни Момын қарияның Ана-бұғы туралы ертегісі.


Шығармадағы көркемдегіш құралдар:
Айнала тау, жартас, мылқау мызғымайтын дүние орман. Анау көк жалтыр, карлы мұз тарау-тарау болып, жыландай жылжып төмен аккан жылғалар бас косып тек бері карай жакындағанда үн шалып, мәңгі-баки шулап аккан өзен. Тау дегеніңізде шек жок, элі ұйқыда жатқан алыптай меңіреу.- (бейнелеу)

Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басында жазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, қарапайым кісіні қанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнеше ойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімнің сүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма. Оны біржақты ғана әйел теңсіздігі туралы повесть дей салуға да келмейді. Мұның ию-қию тамыры тым тереңде жатыр. Өлеңмен өрілген ғажайып дүниелер. Күнікей көш бойында ән салса, келесіде әнді құрбысы, байдың қызы Шәмшиге күйеу келгенде, көп ішінде салады. Оны Аймауытов былайша айтады: «Күнікей үш ауыз өлең айтты: «Балқадиша», «Сұлушаш», «Әлди, бөпем» деген, үшеуі де теңіне қосыла алмаған әйелдің өлеңі еді». Осы бір деталь арқылы қазақ даласының арғы-бергі тарихында теңіне қосыла алмай, құсадан зарлап ән салған қыздардың өмірі мен Күнікейдің өмірін қатар қояды. Қатар қоя отырып, Күнікейді әрі сұлу, әрі әнші, әрі ақылды, еркелігі мен қылығы бір бойына жететін, мінезі мен бірбеткейлігі бір төбе жан ретінде көрсетеді. Дәл осы деталь арқылы Күнікейдің «жазығын», неден жа¬зық¬ты болғанын ашуға кілт тастап кететіндей. «Күнікейді жазықты еткен төрт жайт» Күнікей өмір сүріп отырған кезең, Екінші жазық Күнікейдің ата-анасында. Шешесінен көргенін қызы ойына тоқыды. «Бозбаламен өзі неге ойнайды?» деген сұрау Күнікейдің ойына ерте бекіді. Он төртке аяқ басқан соң-ақ көзі жанып тұрған Күнікей апасынан құрық әкетті. Үшінші жазық – Күнікей заманында жігіттіктің өлуінде: Жігіттен жігіттік көре алмаса, оны «мігіт» дейді екен. Повестен осы «мігіт» дерлік бөріктіні жиі кездестіреміз. Төртінші жазықты – Байман. Күнікейдің қалың малына беріп жүрген етікші Тұяқтың бейнесі, тек сол етікшіге Күнікейдің көңілі құла¬май тұрғаны болмаса. Кедей кемпір-шалдың жалғыз баласы, қара күштің иесі, қылаулатып салар әні бар Байман, көптің аузында, көктің ішінде жүрген Байман Күнікеймен серттесіп, ақырында серттен тайып, перзент сүйе алмаған, өзі ауруға шалдыққан Күнікейді тастап кетеді.


Атағы жер жарған, әдебиет әлемінен ойып орын алған осы аты аталған үш шығармадағы ортақ ұқсастық – адам мінезі. Ол қасиет сырттан келмейтінін, оны өзіміз бойымызға ақырындап сіңіріп, құлы болады екенбіз. Бархан да, Момын шал да, Тұяқ та не тапса сол жуастықтан тапты. Өз кезінде ояна алмаған тұйықтықтан тапты. Сол жуастықтың кесапаты тек өзіне емес айналасына да «шипасы жоқ обыр ауруы» тәрізді зиянын өзкізіп, жуастықтың иесін жойып жіберді. Кейіпкердің жасап жүрген заманы мен дәуіріне қарамай айтар сөзі мен жеткізер ойын оқырманға байқатпай «санасына салып» жіберуінде
Айырмашылығы авторлардың жеке шеберлігі, оқиғаның суреттелу дәуірі мен тарихи кезеңі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет