Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата03.07.2016
өлшемі147.25 Kb.
#175192

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4


109932

148242

C-O-6


74954

101604

С-R-4


73288

99106

I. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі, 150008, Петропавл қаласы, Горький көшесі, 209, анықтама телефоны 8 (7152) 55-11-93, 8 (7152) 55-11-91, 8 (7152) 55-11-92, факс 8 (7152) 55-11-93, e-mail: 712-0200@sud.kz, 712-0202@sud.kz, 712-0201@sud.kz бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі:

1. Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бөлімде жалпы басшылық жұмыстарын ұйымдастыру, бөлім қызметкерлерімен атқарушылық және еңбек тәртіптерін сақтауды қамтамасыз ету, ұсынымдарына сәйкес жергілікті соттарды техникалық жабдықтау және үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету, облыс соттарын транспортпен жабдықтау, веб-портал қызметтерін, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша жоғары білім, Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңын білуі.

2. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: соттардағы ішкі қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімін басшылыққа алу және оның жұмысын ұйымдастыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы тұру және алдын алу, сондай-ақ, олардың салдарын жою бойынша іс шараларды ұйымдастырып жүргізу. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» бейіні бойынша жоғары білім, Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Конституциялық заңдарын білуі.

3. Құжаттамалық қамтамасыз ету және басқармасының жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік (2018ж. 27.09. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақыты аралығында).

Функционалды міндеттері: кіріс және шығыс хат-хабарын тіркеу, мемлекеттік тілде іс жүргізілу, франкировалді машинамен өткізілген пошталық хаттамалық мәліметтерді жолдау, арнайы байланыс қызметімен жөнелтетін хат-хабарды жолдау, (мекеме, ұйым) мекенжайлығы бойынша хат-хабарды жеткізу, пошталық шығындар бойынша есеп жүргізу. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе ортадан кейінгі «құқық», немесе «білім», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика, іс жүргізу және мұрағат жүргізу (салалар және қолдану аясы бойынша) бейіндері бойынша жоғары білім, Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын білуі.

4. Қаржы бөлімінің жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: қызметкер санаттары бойынша уақытында еңбек ақыларын төлеу, есеп беру, кредиторлық және дебиторлық қарыздардың пайда, болуына жол бермеу бойынша бақылауды жүзеге асыру, Соттар әкімшісінің балансын жасау, әлеуметтік және жеке табыс салығы бойынша қоршаған ортаны ластау жөніндегі декларацияларды тоқсан сайын жасап тапсыру. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе статистика) бейіні бойынша немесе ортадан кейінгі «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе статистика) бейіндері бойынша білім, Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, «Бухгалтерлік есеп және қаржы есептелік туралы» Қазақстан Республикасы заңын білуі.

5. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің сот приставы С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, процессуалдық әрекеттерді орындауға, ғимаратты, судьяларды, сот процесіне қатысушыларды қорғауға көмектесу. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көлік техникасы және технологиялар, машина жасау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелері, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама), немесе «гуманитарлық ғылымдар» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша немесе ортадан кейінгі «құқық», немесе «көлік» (салалар бойынша), «металлургия және машина жасау» (машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)), «байланыс, телебайланыс және ақпараттық технологиялар Электронды техника» (ақпараттық жүйелері (қолдану аясы бойынша), автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша), есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама (түрлері бойынша), «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аударма ісі (түрлері бойынша)), экономика (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика, іс жүргізу және мұрағат жүргізу (салалар және қолдану аясы бойынша) бейіндері бойынша білім, Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасы «Сот приставы туралы» заңын білуі. (Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі №150-1 Заңы, 6-бабының 1-тармағына сәйкес, жас мөлшері 21 жастан төмен емес болу қажет).


Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

1. Бас маман (С-R-4, 5 бірлік): Петропавл қалалық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Айыртау ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Есіл аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Жамбыл аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; М.Жұмабаев аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік (2017ж. 08.10. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытта).

Функционалды міндеттері: заңнаманы жүйелеу және іріктеу, соттық тәжірибелердің қорытуларына қатысу, жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «гуманитарлық ғылымдары», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көлік техникасы және технологиялар, машина жасау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелері, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, математика және компьютерлік модельдеу) бейіндері бойынша жоғары білім. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарының іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын білу.

2. Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4, 13 бірлік): Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің – 1 бірлік (2018ж. 27.11. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытта); Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің – 1 бірлік (2018ж. 13.12. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытта); Петропавл қаласының №2 соты кеңсесінің – 4 бірлік (2017ж. 19.04. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытта – 1 бірлік); Тайынша ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы соты кеңсесінің – 2 бірлік; Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Айыртау аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Жамбыл аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Уәлиханов аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік (2018ж. 02.12. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытта).

Функционалды міндеттері: сот отырысын дайындау, сот отырысына қатысу, хаттама жазу, қаралғаннан кейін істерді кеңсеге тапсыру.«Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «гуманитарлық ғылымдары», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көлік техникасы және технологиялар, машина жасау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелері, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, математика және компьютерлік модельдеу) бейіндері бойынша жоғары білім. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарының іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын білу.

3. Аға сот приставы (С-R-4, 4 бірлік): Тайынша аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Айыртау ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Мамлют аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік; Шал ақын аудандық соты кеңсесінің – 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, процессуалдық әрекеттерді орындауға, ғимаратты, судьяларды, сот процесіне қатысушыларды қорғауға көмектесу, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалалардың орындалуын бақылау, сот отырысы залында және сот ғимаратында құқықбұзушылық жолдарының алдын алу. «Е-Кадр», «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көлік техникасы және технологиялар, машина жасау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелері, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама, математика және компьютерлік модельдеу) бейіндері бойынша жоғары білім. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; Осы санаттағы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Сот приставы туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттарының іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурска қатысуға тілек білдірген тұлға құжаттарын қолма-қол немесе электронды түрде электронды почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жолдайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сінің 712-0200@sud.kz, 712-0202@sud.kz, 712-0201@sud.kz электрондық почта не «E-gov» электронды порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жариялаған Жағарғы Сотының, Солтүстік Қазақстан облысы сотының және уәкілетті органның интернет-ресурстарында ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі Петропавл қаласы, Горький, 209 көшесі мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару (кадр қызметі) бөліміне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет