Сипатмеже | Талаптар |
Білімі
|
Жоғары, гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекттік және жергілікті басқару) және құқық (құқықтану, халықаралық құқық)
|
Құзыреттері
|
Бастамашы, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
|
Жұмыс
тәжірибесі
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
|
Білуі
|
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын
|
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын
|
Офистік бағдарламалармен және құжатайналымы бағдарламаларымен жұмыс істеу икемділігі
|
Қызметтік міндеттері
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және жүзеге асыру . Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы тапсырмаларының орындалуы жөніндегі аппарат бөлімдерінің жұмысын үйлестіру. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын анықтамалық, ақпараттық және талдамалық материалдармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының ресмі шығу кездесулерінің хаттамасың жүргізу.
|