Баспасөз хабарламасы қазақстан Республикасы адам құқықтары бойынша Ұлттық баяндаманы табысты қорғады



Дата13.06.2016
өлшемі22.82 Kb.
#133844
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы адам құқықтары бойынша Ұлттық баяндаманы табысты қорғады
Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолуы Жұмыс тобының 20-сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Адамның негізгі құқықтары және бостандықтары саласында халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша Екінші ұлттық баяндамасын сәтті қорғап шықты.

Еліміздің құқық қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру туралы негізгі құжатты ҚР Әділет Министрінің орынбасары Э.Әзімова бастаған делегация ұсынды. Қазақстандық делегацияның құрамына Президент Әкімшілігінің, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшыларының орынбасарлары және жоғары деңгейлі қызметкерлер кірді.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қазақстан Республикасының соңғы жылдарғы негізгі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен және мемлекеттің басты даму басымдықтарымен таныстырды. Аталған үдерісте тұрақты дамуға негізгі рөл бөлінгені айрықша баса айтылды. Болашаққа арналған анық мақсаттар, мемлекеттік саясаттың барлық бағыттар бойынша негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасының «2050 – стратегиясы» бағдарламасында баяндалған.

2010 жылғы ақпанда Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі алғашқы баяндамасын ұсынғаннан кейін Қазақстан бұл салада елеулі табыстарға жетті: ұлттық алдын алу тетіктің құрылуы, гендерлік теңдік, білім беру бойынша жоғары көрсеткіш қамтамасыз етілді, сот және пенитенциарлық жүйелерде реформалар өткізілуде, балалардың және мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар ақтарылуда, мемлекеттік басқару жүйесі реформаланды, қылмыстық және әкімшілік заңнама жетілдірілуде. Стратегиялық құжаттар көпшілігінің адам құқықтары институтының дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы да болашаққа арналған нақты мақсаттар туралы айта алады. Қазақстан делегациясы басшысының баяндамасында жоғарыда көрсетілген бағыттардың әр біреуіне жеке-жеке көңіл бөлінді.

ҚР делегациясы басшысының баяндамасынан кейін болған интерактивті диалог барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше және байқаушы мемлекеттер еліміздегі адам құқықтары жөніндегі ахуалға қатысты мәлімдемелер жасады. Әр мәлімдеменің соңында адам құқықтарын қорғаудың заңнамалық тетігін және тәжірибесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Шетелдік мемлекеттердің делегациялары Қазақстан Республикасының этносаралық келісімді сақтаудағы, адам құқықтарын қорғау саласында негізгі халықаралық құжаттардың жетекші қағидаттарын орнатудағы заңнамалық, сот, әкімшілік және басқа іс-шараларды дамытудағы үдемелі прогрессті атап өтті. Қазақстан этносаралық интеграцияға деген таңдау жасайтыны туралы ерекше атап өтілді. Көпұлтты мемлекет болуына байланысты дәл осы саясат Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін бейбіт және келісімнің сақталуына алғышарттар туғызды.



Әмбебап кезеңдік шолудың 2-ші айналымы аясында елімізге 190 жуық ұсыныс берілді.

ҚР Женева қаласындығы

Тұрақты өкілдігі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет