Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы
Астана қ. Л.Мирзоян көш. 2
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН
QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS
БІРГЕЛЕСЕ ОТЫРЫП ЖЫЛ СЕМИНАРЫН ҰСЫНАДЫ
2013 жылғы 27-28 мамыр күндері «Rixos Lake Borovoe» - қонақ үйінде (Ақмола облысы) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS Quacquarelli Symonds біргелесе отырып «Жоғары оқу орындарына арналған стратегиялар: глокальды қарастыру тәсілдері» атты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының басшыларына арналған халықаралық семинар өткізеді.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындары басшыларының алдында білім беру қызметтерін жақсарту мен ғылыми зерттеулерді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар, жахандық деңгейдегі танымалдылығын арттыру және алға ілгерілету жөніндегі міндеттер тұр.
Бүгінгі күні жоғары оқу орындары басшыларының алдында жергілікті деңгейдегі білім қызметі мен ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту міндеттері ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде танымалдықты арттыру, ілгерілету міндеттері тұр. Университет қызметін бағалауда маңызды құрал болып табылатын - ЖОО-ның әлемдік рейтингінде менеджмент пен тұрақты дамуды жақсарту саясатына да ықпалын тигізеді. Бұл бүгінгі таңда серпін алып отырған бәсекелестік контекстінде жаңа талаптар сұранысына ғаламдық және жергілікті тәжірибелердің байланысын жобалауға икемді глокальды қарастыру тәсілдері негізінде жауап бере алатын стратегияларды тиімді іске асырудың қажеттігін тудырады.
Осыған орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS Quacquarelli Symondsпен бірлесе отырып, алғаш рет ЖОО-ның басшыларына арналған тұрақты даму, интернационалдандыру және инновациялық менеджмент мәселелері бойынша танымал халықаралық сарапшылармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіншілік тудыратын, «Жоғары оқу орындарына арналған стратегиялар: глокальді қарастыру тәсілдері» атты халықаралық семинар өткізеді.
Семинар бағдарламасы дәрістерден, жаттығулардан, зерттеу кейстерінен және пікір алмасулардан тұрады
Семинар барысында келесідей тақырыптар талқыланады:
Заманауи контекстте әлемдік деңгейдегі университет құру: үндеулер, мүмкіндіктер және стратегиялар;
Университеттердің тұрақты дамуы;
Университеттердің әлемдік рейтингі: QS және басқа рейтинг ұйымдары;
Халықаралық білім беру шаралары мен жобалары;
Университеттің Веб-сайты - халықаралық имидждің бір көрінісі;
Университетті интернационалдандырудың тілдік аспектілері;
Рекрутер жазбалары: университетке халықаралық деңгейдегі танымал маманды тарту және тұрақты түрде қалдыруды қалай жүзеге асыруға болады?
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұлов қатысады.
Халықаралық деңгейде жоғары білім беру мекемелерін тізу және ілгерілету бойынша өздерінің көзқарастарымен QS негізін салушы және бас директоры. Кембридж Университеті мен Уортон бизнес мектебінің түлегі, QS TopMBA.com Applicant және Recruiter Survey жыл сайынғы зерттеулердің редакторы, QS World University Rankings-тің бірлескен авторы Нунцио Куакуарелли;
Гонконг Қалалық университетінің білім және талдау орталығының директоры. Гонконг Сити Университетінің оқытушылық шеберлігі үшін және АҚШ тағайындаған білім беруде инновациялық технологияларды пайдаланғаны үшін берілетін мәртебелі халықаралық сыйлықтардың лауреаты Кевин Даунинг;
QS-тің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры. Университеттердің халықаралық аренада танымалдығын арттыру, интернационалдау, студенттерді рекруттау саласының маманы. Зоя Зайцева;
Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтинг агенттігінің Испаниядағы Ғылыми зерттеулер жоғары кеңесі жанындағы Cibermetrics зертханасының басшысы Исидро Агилло;
Питтсбург мемлекеттік университеті Орталық Азия зерттеулер және Бизнес Орталығының директоры және профессоры, (Канзас, АҚШ), Орталық Азияда стратегияларды зерттеу мен енгізу тәжірибесі мен MBA бағдарламаларын Кореяда, Бразилияда және АҚШ-та жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық маман профессор Чунг Янг Ли;
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің академиялық хаттарды жетілдіру бойынша халықаралық кеңесшісі. ESL/EFL (English as a second language, English as a first language) жаңа бағдарламаларын енгізу бойынша маман, TESOL мүшесі Робин Бантел;
Odgers Berndtson коммерциялық емес және білім беру мекемелеріне арналған рекрутинг агенттігінің басшысы. Университеттерде әлемдік қатардағы мамандарды рекруттау бойынша халықаралық сарапшы Елена Чернышева бөліседі.
Қатал бәсекелестіктің қазіргі көрінісінде ЖОО нарықтың жағдайын ескермеуі мүмкін емес. Оның нәтижесінде ЖОО әлемдік деңгейде ілгерілету үшін білім беру саласындағы саясатқа ғаламдық маркетингтік әзірлемелерді енгізбей қоюға болмас.
Бұған семинарға қатысушылар көз жеткізер.
Ақпараттық технологиялардың дамуы барысында глокальды қарастыру тәсілдерін әлемге әйгілі ЖОО көпшілігі пайдалануда. Бұл жерде біріккен жұмыс барысындағы сенім мен іскерлік байланыс үлкен рөл атқарады. Шетелдік әріптестеріміздің ұлттық оқу орындарымызды халықаралық деңгейге шығаруға деген қызығушылықтарын семинар дәлелдеуде
Ұйымдастырушылар:
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
QS QUACQUARELLI SYMONDS
Өткізу күні:
2013 жыл 27-28 мамыр,
Өткізу орны:
Ақмола облысы
«RIXOS LAKE BOROVOE» қонақ үйі +7 (7172) 709 -548
+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 ішкі)
+ 7701 742 88 24, asel.sarsenbinova@mail.ru - Асель Сарсенбинова
+7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова
+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru –Еркжан Садвкасова
Достарыңызбен бөлісу: |