7- қосымша
Ақтөбе облыстық әкімшілік
қаулысымен бекітілген
25.12. 2012 жыл _№_464
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1.Негізгі түсініктер
1. Пайдаланылған терминдер мен аббревиатуралар анықтамалары:
1) үйден оқыту-денсаулығына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымына келе алмайтын тұлғаның тиісті білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арқылы, соның ішінде қашықтықтан оқыту құралын қолдану арқылы жалпы білім беру бағдарламасын игеруі;
2) психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес (ПМПК) – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетімдік сүйемелдеу алуын, білім алу түрлерін анықтау, жеке оңалту бағдарламасын құру мақсаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
3) ДКК- дәрігерлік –денсаулық сақтау Министрлігінің дәрігерлік-кеңес комиссиясы ұйымдарындағы мекен-жайы бойынша алғашқы медико-санитарлық көмек;
4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар)- 18 жасқа дейінгі физикалық немесе психикалық жетіспеушілігі бар, өмір сүру қабілеті шектелген, туа біткен, тұқым қуалаушылықпен, жүре пайда болған аурулар бар және жарақат алған балалар;
5) мемлекеттік қызмет алушы (тұтынушы) - мемлекет жәрдем көрсетіп отырған жеке тұлғалар;
6) ҚҚБ-құрылымдық-қызмет бірліктері – мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қатысушы жауапты тұлғалар.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық анықтамасы: Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
3. Мемлекеттік қызмет көрсету Ақтөбе облысы бойынша тұтынушының мекен-жайына, осы Стандарттағы 1 қосымшада көрсетілген мекен-жайы бойынша барлық типтегі жалпыға бірдей білім беру ұйымдары бойынша қызмет етеді (әрі қарай- уәкілетті орган)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі-автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мына негіздер арқылы жүзеге асады:
1) Қазақстан Республикасының 2007 жыл 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңымен;
2) Қазақстан Республикасының 2002 жыл 11 шілдедегі «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жыл 3 ақпандағы №100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында арнайы (түзетім) қызметін ұйымдастыру туралы Ережесімен;
4) Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 2004 жыл 26 қарашадағы «Стационарлық емдеу - алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» №974 Бұйрығымен;
5) Қазақстан Республикасының 2012 жыл 30 тамыздағы №1119 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен (ары қарай – Стандарт);
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы білім беру ұйымына қабылдау туралы жалпы бұйрық болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарының ресми сайттарында ілінеді, сонымен қатар ҚР білім және ғылым Министрлігінің ресми сайтында www.edu.dov.kz және білім басқармасы aktouo@rambler.ru.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс пен мереке күндерін қоспағанда күнделікті сағат 8.00 ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезекпен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған күннен бастап 3 күннен артық емес жұмыс күнін құрайды:
2) Мемлекеттік қызмет көрсетушіге қызмет ету уақыты тапсырған күннен бастап сол орында 30 минуттан кем емес.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетушіге күту уақыты тапсырған күннен бастап сол орында 30 минуттан кем емес.
10. Тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына тұтынушының құжаттарды толық ұсынбауы негіз болады;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
-
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттарды тексеру мен
қабылдауды жүзеге асырады, өтініштерді кіріс құжаттары журналына тіркейді, құжаттың қабылданған күні туралы белгі қояды және қабылданғаны жөнінде қолхат береді.
-
Кіріс құжаттарына тіркелген құжаттар білім беру ұйымдарының
басшысына тексеру және білім беру ұйымына қабылдануы туралы қарар жазуға жіберіледі немесе қызмет көрсетілмейтіндігі хабарланып кері қайтарылады;
-
Басшының қарары жазылған құжаттар білім беру ұйымының
жауапты тұлғасына қабылдау туралы бұйрық дайындауға немесе тапсырылған құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда кері қайтару үшін жолданады;
-
Білім беру ұйымына қабылдау туралы және үйде жеке оқыту ұсыну
немесе дәлелді қабылданбау туралы бұйрық бірінші басшының қолы қойылған екі дана құжат бұйрық кітабына немесе шығыс журналына тіркеліп, бір данасы ұйымда сақталады, екінші данасы мемлекеттік қызмет алушы заңды тұлғаға тапсырылады.
12.Мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне қабылдау жұмысына құжаттарды қабылдау қызметін 1 қызметкер жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету іс – әрекетінің (өзара байланысы) сипаттамасы
13. Жалпыға бірдей білім беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексереді, кіріс журналына өтініштерді тіркейді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету қызметін алушы 1 қосымшада көрсетілген Стандартқа сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет..
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне құрылымдық-қызмет – бірлігі (ары қарай – ҚҚБ) ат салысады:
1) білім беру ұйымының бірінші басшысы;
2) білім беру ұйымының құжаттарды қабылдап, тіркейтін жауапты тұлғасы.
16. Қызметтің мәтіндік кестелік нәтижесі мен әкімшілік қызмет әрекеті әр ҚҚБ-те көрсетілген мерзім бойынша осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген..
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мен құрылымдық – қызметтік-бірліктер арасындағы байланыс пен мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әрекеттің логикалық бірізділігі кесте түрінде осы Стандарттың 3 қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырушы лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
18.Мемлекеттік қызмет көрсетуге шешім қабылдаған және әрекет еткен (әрекет етпеген) лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1 қосымша
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуға құжаттар қабылдайтын білім беру ұйымдарының тізімдері
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2 қосымша
1 кесте. Құрылымдық-қызмет бірліктерінің (ҚҚБ) іс-әрекеттер сипаттамасы
Негізгі үрдіс іс-әрекеті
|
1
|
әрекет № (барысы, жұмыс легі)
|
1
|
2
|
2
|
ҚҚБ атауы
|
Білім беру ұйымына жауапты тұлға
|
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
3
|
Әрекет атауы (үрдіс,
операция процедуралары) және оларды бейнелеу
|
Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды тексеру және қабылдау
|
Түскен құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау туралы шешім қабылдау және қызмет көрсетушінің бір құжаты болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тарту
|
4
|
Аяқталу түрі
|
Журналға кіріс құжаттарын тіркеу, бірінші басшыға тексеру үшін құжаттарды тапсыру, қолхат беру
|
Жауапты тұлғаға бұйрық дайындау үшін немесе дәлелді себеппен кері қайтару бойынша құжаттарды тапсыру
|
5
|
Орындалу уақыты
|
30 минут
|
30 минут
|
6
|
Келесі әрекет нөмірі
|
2
|
3
|
1
|
№ әрекет (барысы, жұмыс легі)
|
3
|
4
|
2
|
ҚҚБ атауы
|
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
3
|
әрекет атауы (үрдіс,
операция процедуралары) және оларды бейнелеу
|
Бұйрық немесе дәлелді себеппен бас тарту туралы жауап дайындау
|
Бұйрықпен немесе бас тарту туралы жауаппен танысу
|
4
|
Аяқталу түрі
|
Бірінші басшыға бұйрыққа немесе бас тарту жауабына қол қоюға беру.
|
Бұйрыққа немесе себепті бас тарту құжатына қол қойдыру.
|
5
|
Орындалу уақыты
|
3 күн бойы
|
1 сағат
|
|
Келесі әрекет нөмірі
|
4
|
5
|
1
|
Әрекет № (барысы, жұмыс легі)
|
5
|
2
|
ҚҚБ атауы
|
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
3
|
Әрекет атауы (процесс, операция процедуралары) және олардың сипаттамсы
|
Бұйрықтар кітабына бұйрықтарды немесе бас тарту туралы жауаптарды шығыс құжаттарына тіркеу.
|
4
|
Аяқталу түрі
|
Мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету қорытындысының нәтижесін тапсыру
|
5
|
Орындалу уақыты
|
Күн ішінде
|
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс.
1топ
ҚҚБ
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
2 топ
ҚҚБ
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, тексеру,тіркеу
|
№ 2 әрекет
Өтініштерді қарау, тіркеу туралы шешімді қабылдау
|
№ 3 әрекет
Бұйрықтарды дайындау
|
№ 4 әрекет
Бұйрықтарға қол қою
|
№ 5 әрекет
Бұйрықтар кітабына бұйрықтарды тіркеу
|
|
№ 6 әрекет
Алушыға бұйрықтарды тапсыру
|
|
3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдіс.
1топ
ҚҚБ
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
2 топ
ҚҚБ
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, тексеру,тіркеу
|
№ 2 әрекет
Құжаттарды қарау, бас тарту резолюциясы
|
№ 3 әрекет
Себепті бас тарту туралы жауап дайындау
|
№ 4 әрекет
Себепті бас тарту туралы жауапқа қол қою
|
№ 5 әрекет
Бас тарту туралы жауапты шығыс құжаттарына тіркеу
|
|
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды
ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
3 Қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚҚБ үрдісінде өзара
логикалық әкімшілік іс-әрекетін айқындайтын
Кесте
ҚҚБ-1
|
ҚҚБ-2
|
-
-
Бұйрық немесе себепті бас тарту туралы жауап дайындау
|
-
Бұйрықтар кітабына бұйрықтарды немесе бас тарту туралы жауаптарды шығыс құжаттарына тіркеу.
|
|
-
Түскен құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау туралы немесе себепті бас тарту туралы шешім қабылдау
|
-
Бұйрыққа немесе себепті бас тарту туралы құжатқа қол қою
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |