ТОП
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану
Тапсырма шарты: Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану үшін қажетті мәліметтерді ескере отырып, төменде ұсынылған үлгілерді негізге алып, социометрияны топ ішінен алыңыздар. Нәтижесін социограммада көрсетіңіздер. Ұсынылған екі диагностиканы топ ішінде жүргізіп, нәтижесін шығарыңыздар.
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану. Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.
Социометрия методикасы
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама үлестіріледі:
Кіммен бір партада отырғың келеді?
Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?
Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:
Таңдау матрицасы
№
|
Кім таңдайды?
|
Кімді таңдайды?
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қанша рет таңдалды?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады
Социограмма
4 шеңберден тұрады:
1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)
2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар
3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)
4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)
Зерттеу нәтижесі:....
Зерттеу қорытындысы:...
Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алуға болады.
№1 диагностикалық әдістеме «Мен тұратын үй »
Мақсаты: сынып оқушыларының өзара достық қарым-қатынастарын анықтау.
Барысы: сынып оқушылары бір парақ бетке көп қабатты үйге өзіне қымбат, жақын адамдарын әр қабат бойынша тұрғызып, аттарын жазуы керек.( олар: достары, ата-анасы, туыстары, сыныптастары)
№2 диагностикалық әдістеме « Судағы шеңберлер »
Мақсаты : Сыныптағы достық қарым-қатынастарын анықтау.
Барысы: Оқушыларға бірнеше шеңберлер салынған бір парақ қағаз беріледі. Олар осы шеңберлердің ішіне өзіне жақын сыныптастастарының атын біртіндеп жазуы тиіс, Әр шеңберге үш оқушының ғана аты жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |