Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды



Дата25.02.2016
өлшемі69 Kb.
#21210
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
      3) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысы.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:
      1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
      2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
      8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
      Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына өтініш білдірген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) баланың заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);
      2) туу туралы куәліктің көшірмесі;
      3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
      4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
      5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.
      Бастауыш білім беру ұйымына 1-сыныпқа келуші баланың заңды өкілдерінен өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
      1-сыныпқа қабылдау кезінде жекеменшік білім беру ұйымынан басқа бастауыш білім беру ұйымдары емтихан мен тестілеу жүргізбейді.
      Білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті алуға үміткер мемлекеттік қызметті алушы таңдаған оқыту бейініне сәйкес білім беру ұйымының мәртебесін, білім беру деңгейін, сондай-ақ, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергені жөн.
      12. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Министрліктің www.edu.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақпараттық стенділерінен алуға болады.
      13. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтінішті қабылдау нөмірі және уақыты;
      2) құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      15. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі:
      білім беру ұйымдарына өтініш берушінің жеке қатысуы арқылы.
      16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін:
      1) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакетінің толық берілмеуі;
      2) құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілердің (мәліметтердің) анықталуы;
      3) аталған білім беру ұйымында сұратылған білім беру деңгейінің жоқтығы немесе сәйкес келмеуі;
      4) мемлекеттік қызметті алушының оқу көрсеткішінің таңдалған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі;
      5) аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерінің сәйкес келмеуі.
      Аталған білім беру ұйымдарында қажетті оқыту бейіні жоқ болса, мемлекеттік қызметті алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы білім беретін мектептерде таңдаған оқыту бейіні бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат беріледі.
      Білім беру ұйымына қабылдау үшін өтініш берушінің құжаттарын қабылдау кезінде басшылар мемлекеттік қызметті алушыларды білім беру ұйымының Жарғысымен және басқа да білім беру үдерісін реттейтін құжаттармен таныстыруы тиіс.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Білім беру ұйымдарының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялылық;
      6) мемлекеттік қызметті алушының мерзімінде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағым беру тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі өңірлік уәкілетті білім беру органдарына: аудандық (қалалық) білім бөлімдері (бұдан әрі – аудан (қала)ББ) хабарласуына болады.


      Егер мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі қабылданған шараларға қанағаттанбаса не мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкіл Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде шағым жолдауына болады.
      Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндері министрліктің кеңсесі арқылы хат түрінде қолма-қол қабылданады.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар аудан (қала) білім бөлімдері бастығының атына шағымданады.
      23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 


білім берудің жалпы білім беретін  
бағдарламалары бойынша оқыту үшін 
ведомстволық бағыныстылығына    
қарамастан білім беру ұйымдарына  
құжаттарды қабылдау және оқуға   
қабылдау» мемлекеттік қызмет   
стандартына қосымша       

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мағынасы

Көрсеткіштің кейінгі жылдағы мақсаттық мағынасы

Көрсеткіштің есеп беру жылдағы ағымдық мағынасы

1

2

3

4

1. Уақтылылық

1.1. Құжат тапсыру кезінен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)







2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)







2.2. Құжаттардың дұрыс рәсімделу жағдайларының % (үлесі) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)







3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудің реттілігі жөнінде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)







3.2 Электронды форматта қолжетімді болған қызметтер, ақпараттар % (үлесі)







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)







5. Әдептілік

5.1. Қызметші персоналдың әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет