«Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша шағым беру тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлағаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, www.mtc.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон (8-7172) 24-13-12 не Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (Министрліктің www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурстағы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің блогы» парақшасы) беріледі.
Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараны қабылдау үшін жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығы 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шығымды Портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Достарыңызбен бөлісу: |