Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі қалыптастыруда электронды білім беру платформаларын қолдану әдістемесі



Дата15.06.2022
өлшемі43.5 Kb.
#459264
Гулжайна


Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі қалыптастыруда электронды білім беру платформаларын қолдану әдістемесі
Қазақстан Республикасының ашық ақпараттық қоғам ретінде дамуы бастауыш мектептің оқыту процесінде ақпараттық технологияларды пайдалануды қажет етеді. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайда білгірлікті аса қысқа уақытта меңгеру, бастауыш мектептерге койылатын талаптар негізінен оқушылардың білім сапасын арттыруға, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жүмысыньщ мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетте пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру, ізгілендіру.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақ-станда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бүгінгі іргелі жаңалықтар мен ақпараттық технологияға толы ақпараттық қоғамда маңызды әлеуметтік мақсат – бұл жаңа ойлау стилін қалыптастыру болып отыр. Интеллектінің аса үдетпелі дамуы бастауыш мектеп жасында жүзеге асады және зейін ерікті болып, ойлаудың көрнекі-бейнеліктен сөздік логикалыққа ауысуы жүреді, қабылдау талдамалы, дифференциалды сипатқа ие болады. Соған сәйкес бастауыш сынып оқушылары жоғары сынып оқу-шыларына қарағанда қазіргі ақпараттық технологияларды тез және жеңіл меңгереді, өйткені олардың ойлауының стереотипі қалыптаспаған. Оқушыны қазіргі оқу ақпаратының қуатты ағымында бағдарлануға үйрету, оның негізгісін айыра білу, ақпараттың бағыттылығын түсіну, қайта өңдеу, олардың заңдылықтарын таба білу және қазіргі ақпараттық технология-лардың көмегімен кез-келген практикалық іс-әрекетте, түрлі жағдаятта сауатты қолдана білу талабы жылдан-жылға күшеюде.Бүгінгі күні бала компьютермен мектепке дейін-ақ танысады, яғни оқу дағдысын меңгермей тұрып-ақ ол компьютерден ақпарат алады. Сол себепті де бастауыш мектепке келген бала компьютермен жұмыс нәтижесінде өзіне пайдалы нәрсе ала білуі өте маңызды.Соның ішінде керектісін алып, керек емесін алып тастай білу дағдысына ие болуы аса қажет.Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабыр-ғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалып-тастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекет-тік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін жәнс ғаламдық деңгейде ойлай білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құнды-лығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім стандартында «Мектептің әрбір сатысында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға алған жалпы білімдері тірек бола алады. Электронды оқулықтар бұл дәстүрлі оқулықтардың мәртебесі мен Интернет-ресурстар-дың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа буын әдебиеттері болып табылады. Олардың оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін дамытуда атқаратын ролі ерекше, атап айтсақ: -оқу жүйесін жобалауда, сабақққа дайындалу барысында және оқытудың мақсатына сәйкес оқу материалын таңдап алуда, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқу еңбегін жеделдетеді және оңтайландырады;

  • оқу іс-әрекеті оқушылар үшін қызықты, әртүрлі ойын түрінде (білік, бақылау-тесті, т.с.с.) іске асырылады;

  • оқушылардың ақыл-ой күшінің неғұрлым аз жұмсалуын көздейтін эргономикалық талаптар қамтамасыз етіледі;

  • нақты объектілерді машина арқылы имитациялау мүмкіндігі туады;

  • ақпаратты гипермәтіндер мен мультимедиялар арқылы беру пайдаланылады;

  • достыққа негізделген интерфейсті құру, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алу арқылы жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалады;

  • көлемді ақпараттарды сақтаудың қарапайымдылығы қамтамасыз етіледі;

  • экологиялық талаптар іске асырылады.

Сонымен бірге электронды оқулықтар оқу үрдісін ұйымдастыруда қолайлы болып табылып, оқулықтың авторы мен оны пайдаланушы оқушылар арасында өзара тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін олар өздігінен білім алудың қайнар көзі болып табылады, әрбір оқушы дербес компьютер арқылы кез келген уақытта білімін өздігінше толықтыруға, өзін-өзі бақылауға, білімін тексеруге және аралық, кезектегі, қорытынды бақылауларға дайындалуға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда оқу орындарында электронды оқулық мақсаттан нәтижеге жетуде автоматтандырылған оқыту процесі ретінде, ал, екінші жағынан - ашық әдістемелік жүйе ретінде қолданылады. Біраз жылдар бұрын электронды оқулықтар педагогика ғылымында жаңа құбылыс болып есептелінген. Ал бүгінгі күні ақпараттық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болып, білім беру жүйесінде электронды оқулықтар, электронды-білім бағдарламалары, электронды-педагогикалық жүйелер (Г.Б.Ахметова, Р.Ч.Бектұрғанова, Ө.З.Имангожина, Ш.Х.Құрманалина, Г.Қ.Нұрғалиева, Ф.Лагедер), электронды кітаптар (В.А.Каймин, Т.Дубнищева, А.Мицель, М.Веретенников), электронды картотекалар (М.В.Жайворонок), гипер мәтіндік жүйелер (Л.Д.Орлова, А.Н.Дрога), мультимедиа кеңістігіндегі электронды оқу курстары (О.Околелов, Т.М.Полякова, Н.И.Лобова, В.О.Николаев, Д.С.Суслов), on-line режимі кезіндегі оқыту процесі (Н.А.Полянских және т.б.)кеңінен қолданылуда. Электронды оқулықтарды жасау көпфакторлы және көп өлшемді құбылыс екенін айта отырып, ғалымдар (Е.Аленичева, Н.Монастырев) оны тиімді пайдаланудың шарттарын бөліп көрсетеді: функциональдық, ұйымдас-тырушылық, техникалық, гигиеналық және арнайы шарттар. Функциональды шарттар электронды оқулықтың атқаратын қызметіне, яғни оқушыларда білім, білік, дағды қалыыптастыруға сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. Сонымен бірге функциональдық шарттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • оқулық мазмұнының сол уақытта басшыллыққа алынып отырған мемлекеттік білім беру стандарттардың талаптарына сәйкестігі;

  • оқу материалының дидактикалық принциптерге сәйкес құрылуы;

  • негізгі педагогикалық қызметтерді (анықтамалық-ақпараттық, бақылау, жаттықтыру, т.с.с.) жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • оқушылардың дербес ерекшеліктерін (дайындық деңгейі, ойлау процестерінің жүру жылдамдығы, ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, т.с.с.) есепке алу;

  • жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау.

Ұйымдастырушылық шарттар табысты оқытуды қамтамасыз ететін практикалық сипаттағы талаптармен анықталады. Мұның өзі электронды оқулықтарды жасаған кезде құрылатын бағдарламалық өнімнің мақсатты бағдарын, пайдаланушылардың дербес ерекшеліктерін, оларды оқыту формалары мен сабақты өткізу орындарын есепке алу қажеттілігін білдіреді.
ХХ ғасырдың аяғы жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде пайдаланылған техникалық оқу құралдары түрлерінің көбеюімен және ауқымдылығымен мазмұндалады. Білім беру саласы түбегейлі жаңа ақпараттық құралдармен қамтамасыз етілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет