Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Достық» тренингі
Мақсаты: сыныптың ауызбіршлігін, ынтымақтастығын дамыту.
Тренингтің міндеті:
1) Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру.
2)Мәселелік жағдаяттарды шешуді үйрену және өзінің іс-әрекетін басқалардың қабілетімен үйлестіре білуге қалыптастыру.
3)Қойылған мақсатты бірігіп шешуге және іскерлікке үйрету.
4)Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту.
Танысу.
Оқушылар бір-біріне доп беру арқылы «Менің досым Айнұр» фразасын айтады.
Ой-толғау.
Дос дегеніміз не?
Қалай ойлайсыңдар, шынайы дос болу қиын ба?
Дос қандай болу керек?
Ойын «Құстар үйірі»
Жүргізуші: «Қазір барлықтарың кішкентай құсқа айналасыңдар. Сендер құстар әуенмен ұшасыңдар. Бір-біріңмен соқтығысып қалуларың мүмкін, абай болыңдар. Менің нұсқаулығым бойынша кішігірім үйірлерге жиналасыңдар, үйірдегі құстардың санын мен атаймын».
Біраз уақыттан кейін жүргізуші мысалы «бес» санын айтады. Қатысушалар бес-бестен топ құрайды. Кім топқа кіре алмай қалды сол ойыннан шығады.
«Орындарыңды ауыстыңдар»
Қатысушылар орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып мынандай фраза айтады: -«Орындарыңды ауыстырыңдар», кім балмұздақ жақсы көреді». Ойынның соңында қандайда бір қабілет айтылады. Кімде осы қабілет бар сол оырынымен ауысады. Жүргізушінің міндеті бос қалған орынға тез отыру. Кім орын тауып отыра алмады сол жүргізуші болады.
Жаттығудың психологиялық түсінігі
Бір-бірін жақсы тани білу, бір-біріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жаттығу «Бес мейірімді сөз»
Әрбір қатысушы параққа өзінің алақанын салып ортасына өзінің есімін жазады. Одан кейін суретін оң жақтағы көршісіне береді, өзі де көршісінің суретін алады. Суреттегі бір саусаққа мейірімді сөз, тілек жазады (сен-мейірімдісің, сен-көңілдісің және т.б.). Сурет шеңбермен жүреді. Осымен барлық саусақтар толтырылады. Егер саусаққа сыймай қалса алақаннының ішінде жазуға болады. Жаттығудың соңында сурет өз иелеріне беріледі, жазылған тілектерді оқуға болады.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздер айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |