Бастауыш сынып


Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата20.11.2023
өлшемі3.81 Mb.
#483852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын 
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін 
критериалды бағалауды өткізу тәртібі
Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру 
стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін 
және апробацияланатын Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру 


10
ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей 
бағалау рәсімдерімен реттеледі:
• қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу 
рәсімдері;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері; 
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері;
• білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.
Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып 
мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша 
нұсқаулық
Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру 
мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және 
тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін
олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы 
қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп 
үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық 
Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде 
критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар 
тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру 
бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп 
директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі 
рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және 
жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік 
қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. 
Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға 
арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын 
дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың 
негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. 
Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі 
бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде 
берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет