2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың қорытындысы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №118 бұйрығын орындауда (ары қарай – ҚР БҒМ) «2015 жылғы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы » және Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 9 сыныптарында 2015 жылдың 7,10,14 және 16 сәуірінде ҚР БҒМ бекітілген өткізу кестесімен ОЖСБ оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсімі өткізілді.(ары қарай-ОЖСБ)
Облыстың 78 мектебі ОЖСБ-мен қамтылды, өткен жылға қарағанда 30-ға артық. Облыс орталығының жеті мектебінде және №4 Булаев орта мектебінде ОЖСБ компьютерлік тестілеу түрінде өткізілді.
Облыс мектептерінің 1473 тоғызыншы сынып оқушылары ОЖСБ рәсіміне қатысты, өткен жылға қарағанда 349 оқушыға артық.
Соның ішінде:
- қазақ тілінде оқитындар 360 оқушылар;
- орыс тілінде 1113 оқушылар.
Облыс бойынша тестілеу нәтижесінің орташа балы – 33,48 балды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1,57 балға төмен.
Ең жоғарғы орташа балл -52,3 Тайынша ауданының Талап орта мектебінде.Ең төменгі орташа балл-21,0 Тайынша ауданының Киров орта мектебінде.
Есіл ауданының Волошинка орта мектебінде және Аққайың ауданының №2 Смирнов орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары 4 пән бойынша ең төменгі 11 балл жинады. Қызылжар ауданының Бескөл мектеп-гиманзиясының оқушысы барлық тестілеу пәндері бойынша ең жоғарғы 67 балл динады.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка орта мектебінің оқушысы «математика» пәні бойынша ең жоғарғы 20 балды жинады.
Ағымдағы жылы облыстың жеті инновациялық мектебі ОЖСБ рәсімімен қамтылды. Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжіндегі жалпы білім беретін мектеп-лицейінің тоғызыншы сынып оқушылары (орташа балл – 45,4), Уәлиханов ауданының Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы (37,8), және Есіл ауданының Корнеевка гимназиясы (36,2) облыстың орташа балынан жоғары нәтиже көрсетті. Басқаларында нәтиже мынадай:
- Петропавл қаласының М.Айтхожин атындағы №1 инновациялық орта мектептің орташа балы- 33,2;
- Қызылжар ауданының Бескөл орта мектеп-гимназиясында-31,4;
- Мағжан Жұмабаев ауданы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясында- 29,1;
- И.П.Шухов атындағы преснов орта мектеп-гимназиясында - 28,2.
2015 жылы ОЖСБ өткізуді ұйымдастыруда жағымды жақтары байқалады:
1. ОЖСБ пәндері тестілу басталмай тұрып бірнеше кун бұрын ғана жарияланды.
2. Тестілеуде пәндердің саны көбірек болды. (4-тің орнына 6).
3. Аумақтық бақылау департаменттері аймақтық мектептерді лек бойынша бөлуді жүргізді.
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу кезінде жеке жағдайлар болды,бірақ та алдағы жұмыс кезінде болғызбау керек.
-
Ағымдағы жылы мемлекеттік аттестацияны өтетін және өткен 12 мектеп ОЖСБ рәсіміне түсті.
-
Компьютерлік тестілеу барысында бағдарлама бірнеше рет тоқтап қалды, алайда ол тестілеу барысы мен нәтижесіне өз кесірін тигізген жоқ және де оқушылардың жұмыстарын 10-20 минутқа арттырды.Сұрақ кітапшалрында және компьютерлік тестілеудің математика, химия, физика тестерінде жағдайлар орын алды:
- 2 дұрыс жауаптың болуы ;
- жауаптар болғанымен сұрақтың болмауы,
- тапсырмалар мен формулалардың жарым-жартылай болуы.
4. 1 лекте тоқсандық бағаның қойылуы мен тізімдеменің формасын енгізуіне байланысты жауап беттерді өңдеу кезінде бағдарлама тоқтап қалып тұрды.
Нұсқаулыққа байланысты ОЖСБ рәсімі бұзушылықтарсыз өтті. Бірақ СҚО БСБД қызметкерлері мен БҒМ өкілдерінің тоқтатуына қарамастан кейбір бөлек мектептерде қолданылмайтын заттарды қолдану орын алды.(шпаргалкалар, ұлы телефондар)
Достарыңызбен бөлісу: |