Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы



Дата04.07.2016
өлшемі48 Kb.
#178601
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы

Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебі физика пәнінің мұғалімі

Айтжанова Бағила Бердешовна.

Тақырыбы: Байқоңыр – қазақ даласының ғарыштық айлағы.

(ғарышкерлер күніне арналған сайыс)
Мақсаты: оқушылардың бойына Отансүйкіштік,адамгершілік қасиеттерді

қалыптастыру,ғарыш саласы туралы білімдерін толықтыру.

а/ білімділік:оқушыларға ғарыш саласы туралы түсінік бере отырып,

Байқоңыр айлағының маңызды қасиеттерін түсіндіру.

б/дамытушылық:оқушылардың ғарыш туралы шығармашылық қабілетін

дамыту.


в/тәрбиелік: қоршаған ортаның тазалығы туралы және салауатты өмір

салтын ұстануға тәрбиелеу.


1.Ұйымдастыру бөлімі.Кіріспе сөз.

2.Баяндамалар «Халық қаhармандары»(Т.Мусабаев пенТ.Әубәкіров)

3.»Ойлан,тап» викториналық сұрақтар.

4.»Жердің серігі - Ай» суреттер көрмесі

5.»Тапқырлар,білгірлер» галактикадағы жаңалықтарға шолу.

6.Қорытындылау,марапаттау.


1.Кіріспе сөз.1961 жылы 12 сәірде қазақ даласындағы »Байқоңыр» ғарыш

айлағынан ішіне адам отырғызылған ғарыш кемесі ұшырылды.

Ю.А.Гагарин әлемде тұңғыш рет ғарышқа сапар шекті.Космодром құрылысы 1955 жылы басталып,1957 жылы мамыр айында пайдалануға

берілді.»Байқоңыр» қазақ тілінде бай,алтын жер деген мағнаны білдіреді.

Қазақтың осы бай алтын жерінен бірнеше комос карабльдері ұшырылды.

1991 жылы 2-10 қазан аралығында Талғат Мусабаев пен Тоқтар Әубәкіров

«Союз-ТМ -13» кораблімен «Мир» стансасында ұшу сапарын жасады.
Сайысқа 2 топ қатысады.1-топ «Капелла» ,2-топ «Комета».

1-жүргізуші.

...Неліктен

Жуық жұлдыз ұран бізге?

Неліктен

Жыр арқауы – қыран түзде?

Неліктен

Сұлулықтың асқар бәрі?

Неліктен

Жауап берер жырауды ізде.


2-хүргізуші.

Суарып дариялар даламызды,

Жарықпен жайнатады қаламызды

Жүрек-Жер айналады ұршығындай

Шүйкедей ширатып сай-саламызды.

Күйінсең


Қиялы ұшқыр жандай күйін

Ғарышта


Жермен бірге самғайды үйің

Көмескі-


Бір көрініп,

Бір жоғалған-

Жұлдызға жол салу,дос қандай қиын.
Баяндама.»Халық қаhармандар»(Т.Әубәкіров пен Т.Мусабаев туралы).
2-жүргізуші.

«Ойлан,тап» викториналық сұрақтар (Әр дұрыс жауап 1 ұпай).

1.»Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға бірінші болып жердің жасанды

серігі қай жылы ұшырылды? (1957 жылы)

2.Планетаның тұңғыш ғарышкері А.Ю.Гагарин қай жылы қадам басты?

(1961 жылы 12 сәуір).

3.1961 жылы 6 тамызда ұзағырақ ұшқан екінші ғарышкер кім?(Герман Титов)

4.»Байқоңыр» ғарыш айлағынан қанша зымыран,неше ғарыш аппараты

және қанша ғарышкер ғарышта болып қайтты? (2500 зымыран,3000-нан

астам ғарыш аппараты,130-дан астам ғарышкер).

5.Қазіргі заманғы химиялық отындарды пайдаланатын зымырандардағы

газ ағынының жылдамдығы қандай?(4 км/с-тан артпайды).

6.»Байқоңырдан» қандай ғарыш кемелері ұшырылды? («Восток»,«Восход»,

«Союз», «Прогресс», «Мир»)

7.»Байқоңыр» айлағы қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?

(солтүстіктен оңтүтікке қарай 75 километр,батыстан шығысқа қарай 90

километрге созылатын 6717 шаршы километр аумақты алып жатыр).

8.Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған ғалым?(К.ЭЦиолковский)

9.К.Э.Циолковскийдің идеяларын жалғастырған орыс ғалымы кім?(Королев)

10.Осы күнгі зымырандардың жасалуы неше сатыдан тұрады?(бірнеше әр

сатыда отын қоры болады.).

1-хүргіуші.

Болмаған кезде сәуле жарық елде,

Ұштасып бәрімен де ,

Әріменде

Нұр болып түн түнекті түріп тастау

Қиындау,

Қиынырақ бәрінен де.

«Жер серігі- Ай» суреттер көрмесі.(2 топ өздерінің салған суреттерін

түсіндіріп,қорғайды. мазмұндылығы,өзектілігі.).


5.»Тапқырлар,білгірлер» галактикадағы жаңалықтарға шолу.

(әр топ кезек-кезек жаңалықтарға тоқталады.)

1.1961 жылы 12 сәуір күні қазақтың ғарыш алаңы «Байқоңырдан» ұшқан

Юрий Гагарин жер шарын айналып шықты.Жерге оралғаннан кейін айтқан

оның бірінші сөзі мынадай:»Мен осы планетаның тұрғынымын».

2.1961 жылы 5 мамырда американдық Шеперд атмосферадан жоғары

көтерілді.

3.1969 жылы 20 шілдеде бірінші рет Ай бетіне Америка ғарышкері

Нил Армстронг із тастады.

4.1975 жылы 15 шілдеде Америка және Кеңес Одағының ғарышкерлері

ғарышта бірінші рет қол алысып амандасты.

5.1990 жылы ғарыш зонды «Улисс» ұшырылды,ал қазір бізге жақын жұлдыз

Күнді зерттеумен айналысып жатыр.Оның көмегімен Күннің оңтүстік

полюсінен шығатын газ ағыны 300 млн. км/сағ жылдамдықпен

қозғалатыны анықталды.

6.2015 жылы «Вояджер» соңғы рет жермен байланысқа шығады,сонда



ол күн жүйесі маңайынан алынған барлық информацияны жерге жібереді.
6.Қорытындылау.марапаттаулар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет