Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
. 1.2.Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемесі... 13
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС.ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ. 2.1 Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жаңа технологиялары 25
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс.тәсілдері ... ... 29
Қорытынды 49
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық
ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу сабақтарында қолдануға болатын жаңа технологияларға, тиімді әдіс-тәсілдерге талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |