Батыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы



Дата08.07.2016
өлшемі53.14 Kb.
#184474





№ исх: 9 от: 19.01.2016



Батыс Қазақстан облысы бойынша

бәсекелес ортаға беруге жататын

коммуналдық меншіктегі ұйымдардың

тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

  2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Бөкейорда, Сырым аудандары мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылды деп танылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.



Облыс әкімі Н. Ноғаев

2016 жылғы «__» _______ № _____

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі




Р/с


Ұйымның атауы

Бәсекелес ортаға берілетін мемлекеттік қатысу үлесінің мөлшері, %

Іске асыру мерзімі


1.

Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Тұрғын үй Уральск» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




2016 жылғы

қазан


2.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны




2016 жылғы

қаңтар


3.

Орал қаласы әкімдігінің Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорны




2020 жылғы

желтоқсан



4.

Бөрлі ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Горкомхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны




2018 жылғы

желтоқсан



5.

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны




2017 жылғы

желтоқсан



6.

«Ақжайық» футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2019 жылғы

қараша


7.

«Ақжайық» спорт клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2019 жылғы

қараша


8.

«Жайық жарығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2020 жылғы

қазан


9.

«Орал Таза сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2016 жылғы

қазан


10.

«Уральскгордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2020 жылғы

желтоқсан



11.

«Батысагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2016 жылғы

қазан


12.

«Жымпиты-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100%

2019 жылғы

желтоқсан


2016 жылғы «__» ______ №___

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған



кейбір қаулыларының тізімі


  1. 2014 жылғы 9 маусымдағы №150 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

  2. 2014 жылғы 13 маусымдағы №158 «Батыс Қазақстан облысы бойынша оңтайландыруға жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

  3. 2014 жылғы 2 қыркүйектегі №229 «Облыстық коммуналдық мүліктерді жекешелендірудің кейбір мәселелері» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

  4. 2015 жылғы 5 мамырдағы №122 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №150 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

  5. 2015 жылғы 22 қыркүйектегі №273 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №150 «Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы;

  6. 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №356 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №158 «Батыс Қазақстан облысы бойынша оңтайландыруға жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет