Нақты, айқын кері байланыс нені жақсарту немесе дамыту керек екендігін көрсетеді.
Жағымдылық – неге қол жеткізілді немесе дамытылғаны туралы нақты анықтама.
Дер кезінде берілуі – уақытылы және мағыналы болуы керек.
Жасы мен даму кезеңдеріне сәйкестік – ол кері байланысты алушыға түсінікті болуы тиіс.
Мысалы «Жарайсың!» сөзі тиімді емес; оның орнына «Сен ғимаратты сипаттау үшін жақсы сөздерді пайдаланғансың. Мәтінде нүкте мен бас әріптерді дұрыс пайдаланғаныңа көз жеткіз» деп айтып көріңіз.
Мұнымен қатар оқушыларға кері байланысты қолдану мүмкіндігін беру керек. Мұғалім жетістіктерді жаза білу керек және оқушы дағдыларын дамытуды қадағалай алуы үшін оның шеберлік деңгейін де білуі керек:
Оқушы дағдысын тек белгілі бір жағдаларда ғана, мысалы, жазбаша жаттығуларда ғана көрсете ала ма?
Ол өз дағдысын бірнеше рет көрсете ала ма (жарамды деңгейде)?
Ол дағдысын әртүрлі жағдайларда көрсете ала ма (жинақтау арқылы)?
Дағдысын автоматты түрде көрсете ала ма (ол толық меңгерілген дағды болып табыла ма)?
Сындарлы кері байланыс стратегиялары
Сапалы кері байланысты қамтамасыз етудің өзі дағды болып табылады, ол дайындауды талап етеді. Ол сондай-ақ балл немесе баға қойғанға қарағанда көбірек уақыт алады (әсіресе бастапқы кезеңдерде), сондықтан мұғалімдер бағалау көлемін азайтатын тәсілдерді іздеуі керек. Мүмкін стратегиялар төмендегідей болуы мүмкін:
Бағалар жазбасының санын қысқартыңыз (апта бойындағы), мұғалім түсіндіруге уақыт қалдыру үшін сыныптың үштен біріне қысқартыңыз.
Кері байланыс беру сабақтағы қалыпты жағдай болатындай етіп, топ оқушыларының дағдыларын дамытыңыз: мысалы, екі жұлдыз бір тілек стратегиясын қолдану.
Оқушылар тапсырманы түсініп, оқу кезеңінің соңында өз жұмысын бағалай алатындай, бағалау критерийлерін белгілеуге уақыт бөліңіз. Дұрыс жауабы бар парақтарды қолжетімді етіп, талдау мен түсіндірудегі қарама-қайшылықты жою үшін уақыт беруге болады – осының барлығы оқу үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ынталандыру және көмектесу үшін түсіндірмелердің әмбебап банкін құру пайдалы болуы мүмкін.
Оқуды бағалау арқылы алынған ақпарат негізінде сынып немесе топ үшін жұмыстың ең аз көлемді деңгейін белгілеу оқушыларды жақсы ынталандыруы мүмкін, өйткені оқушылар содан кейін олардан талап еткеннен көбірек нәрсеге қол жеткізе алатындығын түсіне алады, осылайша олардың ішкі ынтасы артады.
Оқушыларды мәселені табысты шешу жолын қалай түсінетінін анықтауға тарту. Жұмыс үлгілерін беру (мысалы, шабыттандыратын сын есімдерді пайдаланатын сөйлемдер, жетпейтін белгілерді көрсететін үлгілер) оқушыларды талдауға, не талап ететінін бағалауға немесе «табыс критерийлеріне» жетелейді. Содан кейін олар осы критерийлерді өз жұмыстарына жақсырақ қоса алады.
«Кемшіліктерді толықтыруға арналған көмекшілерді» пайдалану, мысалы, оқушылардың қазіргі білетіні мен әлі де білуі керек мәселердің арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін еске салу, ұсыныстар мен сұрақтарды пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |