БҚату-ға 50 жыл 14. 01. 2013 15: 41 oraloniri Образование Орал өңірі



Дата12.07.2016
өлшемі28.85 Kb.
#193160

БҚАТУ-ға 50 жыл


14.01.2013 15:41 oraloniri Образование Орал өңірі

Еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылғанына биыл 50 жыл толмақ. «Елу жылда ел жаңа» демекші, жарты ғасырда үлкен жетістіктерге жетіп, замана үрдісімен қатар көркейіп келе жатқан білім ордасының мерейтойын жоғары деңгейде атап өту жоспарланып отыр.

Соған орай 9 қаңтар күні уни­верситетіміздің ғылыми кітап­ханасында 50 жылдыққа арнал­ған іс-шаралардың ресми тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің ке­ңесшісі, экономика ғылымдарының кан­дидаты, соғыс және еңбек ардагері, Ба­тыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ин­с­ти­тутын ұйымдастыру жөніндегі ко­мис­сия­сының төрағасы Бисен Жұмаға­лиев және тыл ардагері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Әмірхан Қарасаев арнайы шақырылды.

Алғашқы сөз кезегін алған университет ректоры, профессор Қазыбай Бозымов университеттің даму тарихымен және осы мақсат жолында аянбай еңбек еткен ардагерлердің қызметтік жолымен таныстырды.

- Орал қаласында ауыл шаруашы­лығы институтының ашылуына себепкер бол­ған қос ардагер ағамызды университетіміздің жарты ғасырлық ме­рейтойын тойлауға арналған іс-шара­лар­дың тұсаукесеріне шақыруымыздың өзін­­де үлкен мән бар. Өйткені оқу ор­дамыздың қаламызда ашылып, өркен жаюы ғалым-ұстаздарымыздың ерен еңбегі деп білеміз. Ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, университеттің бүгінгі таңдағы жетістігі мен жемісіне ұшан-теңіз үлес қосқан қос ардагер ағамыздың салған сара жолын жалғастыру – олардың ізіне ерген кейінгі толқынның парызы, - деді университет ректоры, профессор Қазыбай Бозымов.

Жиын барысында сөз алған соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев университет ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, оқу ордамыздың құрылу және қалыптасу жолына тоқталып өтті.

- Әлі есімде, осы университетті Оралдан ашу жөнінде ұсыныс жасалғанда еліміздің батыс облыстары таласты. Соның ішінде Ақтөбе қаласы өлке орталығы болғандықтан, сөзі өтімділеу болды. Дегенмен, жергілікті облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және Қазақ ССР-ның Министрлер кеңесі Орал өңірі байырғы өлке екенін, табиғаты мен экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы мамандарын даяр­лауға қолайлы және ғылыми ортасы дамығандығын ескере келе, педагогика­лық кадрлармен қамтамасыз етуге келеді деп шешім қабылдады. Сөйтіп, міне, ба­тыл шешімнің нәтижесінде университетіміз Батыс өлкесі ғана емес, бүкіл әлемге танылған білім-ғылымның ордасына айналып, облысымыздың әлеумет­тік-экономикалық дамуына зор үлес қос­у­­да. Қазіргі кездегі университетіміздің қар­­қынды дамып, ғылыми-зерттеу, ин­новациялық бағыттағы жетістіктерін ес­тіп, көріп қуанып отырамын. Болашақта бұдан да жақсы дамып, одан әрі өркен­дей беріңіздер, – деді Бисен ата.

Сонымен қатар бүкіл саналы ғұмы­рын маман даярлап, ұрпақ тәрбиелеуге арнаған Әмірхан Қа­расаев сөз сөйлеп, білім ордасындағы еңбек жолы, қызметі жайында айтып өтті.

- Мен әрдайым білім ордамыздың әрбір жетістігіне қуанып отырамын. Уни­верситеттің бүгінгі жетістігі бұл бірлігі мықты ұжымның аянбай еңбек етуінің жемісі деп білемін. Қазіргі таңда университетіміз жайлы тек қана Қазақстан Республикасы ғана емес, бүкіл алыс-жақын шет елдер де біліп, тануда. Бұл – университетімізге және бізге берген үлкен баға, өзге елдердің бізбен санасуы, - деді Әмірхан Әтенұлы.

Шара барысында университет жа­нындағы ардагерлер кеңесінің төраға­сы, профессор Әскерғали Шамғонов, экономика ғылымдарының кандидаты, про­фессор Сағындық Бисенов, философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиев сөз алып, қос ардагердің ұстаздық, азаматтық қадір-қасиеттерін ашып, университеттің тарихы жайында сыр шертті.

Кездесу соңында білім ордасының ректоры Қазыбай Қараұлы барша сту­денттердің және профессор-оқы­тушылар ұжымы атынан Бисен Жұма­ғалиев пен Әмірхан Қарасаевтың иық­тарына шапан жауып, гүл шоқтарын ұсынып, қаржылай марапаттап, алғыс білдірді. Кеш соңы­нан дас­тарқан жайылып, қонақасы берілді.

Кездесуге жиналғандар универси­теттің ғылыми кітапханасы дайында­ған ардагерлердің фотосуреттері мен еңбектерінің көрмесін қызыға тамаша­лады.



Мұратбек ЕРЖАҚЫПОВ,

Мейрамгүл СРАЛИЕВА, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет