“Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымы орнына конкурс жариялайды 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” ММ мекенжайы бойынша тапсыру керек, анықтама телефондары: 8(71840)9-13-55 факс:8(71840)9-18-03, электрондық пошта мекен-жайы: koshanova.abr@pavlodar.gov.kz, tulegenova.abr@pavlodar.gov.kz
1. Баянауыл ауданы әкімінің бас инспекторы, Е-3 санаты (27-01-05-02 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты
78797 теңгеден 106345 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету, аудан әкімінің қоғаммен өзара қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту. Ауданда туризмді дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында туризм мен демалу үшін жағдай жасау мониторингін құру, туристік инфраструкураларды дамыту бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.
Аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындау; Президент сайлауының, Парламент және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының, ауылдық округтер мен Майқайың кенті әкімдерінің сайлауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу. Ауылдық округтер мен Майқайың кенті әкімі аппараттарына және жеке бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (мемлекеттік және жергілікті басқару, ауылшаруашылық, техникалық ғылымдары, құқық, экономика, қызмет көрсету)
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4) ғылыми дәрежесінің болуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
2. Баянауыл ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің
бас маманы, E-R-4 санаты (1-04-03 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Өз міндетін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына және бөлімнің Ережесіне сәйкес атқарады. «АИС-ЕУОЛ» электрондық бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізу. Кадрлар жұмысын жүргізу. Ауданда мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша тапсырыстық жұмыс және мемлекеттік актілерін дайындау.Салынатын құрылыс нысандарына жобалық- смета жасау үшін тиісті құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету. Қайта құру жұмыстарының көлемін қалыптастыруда анықтау құжаттарын дайындауды қамтамасыз ету. Жүргізіліп жатқан күрделі құрылыс жұмыстарының сапасын және көлемін тексеру. Комиссияға қатысып құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуына жол бермеу. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру. Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру. Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлу жолақтарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға келісім беру. «Мекенжайлық тіркеме» ақпараттық жүйесі» қорын толтыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап беру. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (техникалық, сәулет, мемлекеттік басқару) немесе ортадан кейінгі білім (техникалық, сәулет).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
3. Баянауыл ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің
бас маманы-бухгалтер, E-R-4 санаты (1-04-04 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Бөлімнің қаржылық жұмысын болжай және жоспарлай білу, бөлім қызметкерлерінің еңбекақыларын уақытында есептеу және қазынашылық бөліміне өткізу, қаржылардың қөзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз ету, материалдық - шаруа заттарының есебін жүргізу және оны қадағалау. Мемлекеттік мекемеге бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты және уақытында игерілуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес аудан әкімінің WEB сайтына уақытында тиісті құжаттарды орналастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап беру. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау қажет.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (экономикалық, қаржыгерлік) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, қаржыгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
4. Баянауыл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (27-25-1-03-03 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Автомобиль жолдарын жазғы және қысқы мерзімдерде ұстау, ағымдық жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне мониторинг жасау, жол учаскелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дефектілік акт дайындау. Автомобиль жолдарына көктемгі және күзгі байқау жүргізу; ауданішілік (ауылішілік) жолаушылар тасымалын үйлестіру, әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалының шығынын есептеу, шамамен болжау; аудандағы сумен қамту нысандарының бірқалыпты үздіксіз жұмыс істеуінің мониторингін жүргізу; тұрғын үйге және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтардың кезектілігін жүргізу; бекітілген стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Қызметін болжай және жоспарлай білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (техникалық, экономикалық, заңгерлік, мемлекеттік басқару, қызмет көрсету) немесе ортадан кейінгі білім (техникалық, экономикалық, заңгерлік, қызмет көрсету).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
5. Баянауыл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (1-17-06 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Қажеттілікті талап ететін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек және мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны уақытымен тағайындап, төлеуді жүргізеді. «Е-собес» бағдарламасымен жұмыс жасау. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды. Бекітілген стандарт негізінде мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарымен, өтініштерімен жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы керек.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары (мемлекеттік басқару, экономикалық, заңгерлік, техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, заңгерлік, техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
6. Баянауыл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (1-17-05 коды) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезінде).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Барлық санаттағы мүгедектермен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, оларға теңестірілген тұлғалармен жұмыс жүргізіп, ұйымдастырады, жергілікті деңгейде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын үйлестіреді. «ЦБДИ», «Е-собес» бағдарламаларымен жұмыс істейді. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды. Бекітілген стандарт негізінде мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарымен, өтініштерімен жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы керек.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары (мемлекеттік басқару, экономикалық, заңгерлік, техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, заңгерлік, техникалық, педагогикалық, ауыл шаруашылық).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
7. Баянауыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (27-17-1-08-04 коды)
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Спортты дамытуда мемлекеттік саясаты еңгізу, жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту. Азаматтардың өтініш-шағымдарына жауап беру, бөлім жұмысын болжай және жоспарлай білу қабілетінің болуы тиіс, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -жоғары (мемлекеттік басқару, заңгерлік, экономикалық, педагогикалық) немесе ортадан кейінгі білім (заңгерлік, экономикалық, педагогикалық).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
8. Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (27-22-3-02-02 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындауға қатысу. Бекітілген стандарт негізінде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу. Бөлімнің ережесіне сәйкес аудан әкімінің және бөлім басшысының нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу. Жерді пайдалануға төлемдердің түсуін және жер телімдерін сатып алу мен жалға беру шарттарын бекітуді қамтамасыз ету. Бюджет қаражатын пайдалану бойынша ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерімен, бюджетке түсетін міндетті төлемдер бойынша салық басқармасымен бірлескен жұмыс жүргізу. Бөлімнің айлық, тоқсандық және жылдық жоспарларын жасау және орындалуын қадағалау. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Қызметін болжай және жоспарлай білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (жерді орналастыру, техникалық, мемлекеттік басқару, заңгерлік, экономикалық, ауыл шаруашылық) немесе ортадан кейінгі білім (жерді орналастыру, техникалық, заңгерлік, экономикалық, ауыл шаруашылық).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
9. Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
E-G-3 санаты (27-35-5-18-08 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53809 теңгеден 72383 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Ауылдық округ әкімі аппаратының қаржылық жұмысын болжай және жоспарлай білу; мемлекеттік мекемеге бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты және уақытында игерілуін қамтамасыз ету; бюджеттік сұранысты дайындап, уақытында тиісті органдарға ұсыну; ауылдық округінің әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақыларын уақытында есептеп, қазынашылық бөліміне өткізу; кент әкімі аппаратының қызметкерлерін уақытында тиісті материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Мәслихат депуттарының сайлау жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштермен жұмыс жүргізу. ауылдық округінің әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуіне дайындық жұмыстарын жүргізу. Әкім берген тапсырмаларды орындау. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (экономикалық, қаржыгерлік) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, қаржыгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы
нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Компьютерде Word,Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білуі тиіс.
10. Күркелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
E-G-3 санаты (27-31-06-10-03 коды) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезінде).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53809 теңгеден 72383 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Округ әкімі аппаратының бюджеттік қаржысын мақсатты және уақытында игерілуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу; қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу; округ әкімінің жеке тапсырмаларын орындау; хаттармен және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштермен жұмыс жүргізу; Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (экономикалық, қаржыгерлік) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, қаржыгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
11. Күркелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
E-G-3 санаты (27-31-06-10-04 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53809 теңгеден 72383 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Атаулы әлеуметтік көмек алушы және балаларға төленетін жәрдемақыға құжаттарды жинап, тапсыру; аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмысты үйлестіру; жергілікті салықтарды жинау және есебін тапсыру; иессіз ғимараттарды анықтап, тізімін жасау; БАҚ жазылуды ұйымдастыру; ақпараттық насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру; «АИС Избиратель - Сайлау» бағдарламасымен жұмыс жүргізу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу; округ әкімінің жеке тапсырмаларын орындау; хаттармен және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштермен жұмыс жүргізу; келісілген іс номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу.
Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (мемлекеттік басқару, педагогикалық, заңгерлік, ауылшаруашылық, ветеринариялық, техникалық, экономикалық, қаржыгерлік) немесе ортадан кейінгі білім (педагогикалық, заңгерлік, ауылшаруашылық, ветеринариялық, техникалық, экономикалық, қаржыгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
12. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
E-G-3 санаты (27-27-09-19-03 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53809 теңгеден 72383 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Округ әкімі аппаратының бюджеттік қаржысын мақсатты және уақытында игерілуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу; қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу; округ әкімінің жеке тапсырмаларын орындау; хаттармен және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштермен жұмыс жүргізу;
Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (экономикалық, қаржыгерлік) немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, қаржыгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
13. Майқайың кенті әкімі аппаратының бас маманы,
E-G-3 санаты (27-35-5-18-04 коды).
Лауазымдық айлықақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 53809 теңгеден 72383 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Заңды және жеке түлғалардан түскен өтініштермен және кент әкімі аппаратының іс-қағаздарымен жұмыс жүргізу. Азаматтардың өтініштеріне, арыз шағымдарымен жұмыс жүргізу. Кент әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуіне дайындық жұмыстарын жүргізу. Кент әкімінің негізгі қызмет жөнінде нормативтік қүқықтық актілерінің жобасын дайындау. АИС ЕУОЛ бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік стандарттар бойынша қызмет көрсету. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу; Кент әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуіне дайындық жұмыстарын жүргізу әкім берген тапсырмаларды орындау.
Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары (мемлекеттік басқару, педагогикалық, заңгерлік, техникалық, экономикалық, ауыл шаруашылық, ветеринариялық) немесе ортадан кейінгі білім (педагогикалық, заңгерлік, техникалық, экономикалық, ауыл шаруашылық, ветеринариялық).
Жұмыс тәжірибесі:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
«E-R-4» және «E-G-3» санаттары бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өтеді (бұдан әрі - Қағидалар) (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығы).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3 х 4 суретпен осы толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені расталғаны туралы сертификат.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен – жайына электронды түрде бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.
Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыру қамтамасыз етіледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Баспасөз ақпарат құралына хабарландыру шыққан уақыт:
«Сарыарқа самалы» газеті -15 сәуір 2014 жыл №41 (14625)
«Звезда Прииртышья» газеті -15 сәуір 2014 жыл №41 (18587)
Достарыңызбен бөлісу: |