Беғазы-Дәндібай мәдениеті



бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі12.11 Kb.
#457089
  1   2   3
6-БИЛЕТ-ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


6-БИЛЕТ
1) Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Беғазы-Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында (Беғазыбұлақ, Беғазы өзені) сақталғандықтан «Беғазы» деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды.Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай (1933), Беғазы (1946) Бұғылы ІІ-ІІІ (1952), Саңғыру І,ІІІ (1955), Қойшоқы (1967) жәдігелері, т.б. ескерткіштер. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады. Қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар, әшекей бұйымдар табылған.
2)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет