Мәдениет – қоғамдық құбылыс.
"Мәдениет" ұғымы және оған қатысты көзқарастардың көптүрлілігі.
М әдениет ұғымы философиялық, әлеуметтанушылық, саяси және көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Бір ғана тарих курстарының өзінен біз алғашқы қауым адамдарының мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Пазырық мәдениеті, мәдениеттің орта ғасырлардағы дамуы және жаңа заман тұсындағы қарыштап өрлеуі деген ұғымдармен танысамыз. Демократиялық мәдениет, бұқараның саяси мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, киім кию мәдениеті деген түсініктер мен қалыптар да бар. Мәдениетке қатысты ұғым-дар мен түсініктер бұлармен шектелмейді.
Мәдениет туралы жазылған ғылыми еңбектерде берілген анықтамалар да көп. Мәде-ниеттің ұлттық және халық-аралық аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлер де әралуан. Мәдениет сөзінің көп мағыналы екендігі сонша, онда адамның жеке басында бар қасиеттерден бастап қоғамды тұтастай немесе бүкіл адамзат қауымдастығын қамти сипат-тайтын түрлі анықтамалар бар. Жалпы Еуропалық әдебиеттерде мәдениеттің жүздеген анықтамасы бар екендігі айтылады.
Сонымен мәдениет дегеніміз не? Әдетте мәдениет дегенде, адамның ақылымен, ойымен, адамның қолымен жасалған барлық құндылықтар мен игіліктердің жиынтығы көз алдымызға келеді
Мәдениет (лат. Сиltиrа - өсіру, өңдеу) - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларын қамтыған әлеуметтік-прогресшіл шығармашылық қызметі. Бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және тағы басқаларды жасау) және затсыздандыру (мәдени-рухани мұра және оны игеру) үдерістерінің диалектикалық бірлігі болып табылады. Мәдениет өнімдерін жасаудың мұраты айналадағы болмысты өзгертуге, адамзаттың тарихи дамуы үдерісінде жинаған бар байлығын жеке адамның рухани байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталуынан көрініс табады.
Рухани мәдениеттің сипаты.
К өпшілік қолды әдебиеттерде неғұрлым тар мағынасында, мәдениетті материалдық және рухани мәдениет деп бөліп қарастыру жиі ұшырасады. Материалдық мәдениетке адам өмірінің материалдық жағын қамтамасыз ететін құндылықтар — техника, өндірістік тәжірибе, материалдық байлық (тұрғын үй, киім, тамақ, транспорт құралдары, т.б.) жатады. Рухани мәдениет ғылым, әдебиет пен өнер, философия, мораль, білім беру істерін қамтиды. Сонымен қоса, рухани мәдениет бұқараның саяси мәдениетін де қамтиды. Қоғам мүшелерінің, таптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның қызметінің сапасы, көзқарастары, ділділігі тұтастай қоғамның мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Жеке адамның, әлеуметтік топтардың қоғамдық қатынастарды өзгерту субъектісі ретіндегі қызметінің сапалық көрсеткіштері әлеуметтік дамудың да шамасын сипаттайды.
Мәдениет - өркениет сатыларының алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Философиядағы материяның санаға, сананың материяға қатысынан туындайтын рухани мәдениет те материалдық мәдениетке қатынасы туралы екі қарама-қайшы тұжырым бар. Олардың біріншісі рухани мәдениетті материалдық игіліктерден ажырата қарастырады. Олай болғанда руханилық ештеңеге - материалдық қамтамасыздыққа тәуелді емес. Онымен кез келген адам, қандай ауыр жағдайда болса да, жоғары деңгейде айналыса алады және мәдениеттің қай саласында болса да, әдебиетте, бейнелеу өнерінде, музыкада, ғылымда, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде де теңдесі жоқ жетістіктерге жете алады. Оған адамзат тарихында мысалдар да аз емес.
Мысал:
С.Торайғыров ауыр әлеуметтік жағдайда өмір кешті, жазылмас дертке ұшырады, 27 жас қана өмір сүрді, сонда да артына өлмес, мол әдеби мұра қалдырды.
Бұл тұрғыны ұстанушылар кейде мәдениетті "таңдаулылардың" жетістігі деп түсіндіреді. Ағылшын әлеуметтанушысы А.Тоинби тарихтың қозғаушы күштері мәселелерін қарастыра келіп, "кұдайдың аян беруі" мен оған тартылу үмітін тарихтың мағынасы ретінде тануды жеке адамға, "шығармашыл индивидтерге немесе шығармашылық азшылыққа" табынумен ұштастырды.
Лев Толстой өнер және эстетика мәселелерін қарастырған еңбектерінде декаденттікке және ресми "мырзалар мәдениетіне" қарсы шықты. Өнерді жеке адамдардың қатынас, бір-бірімен сезім алмасу құралдарының бірі деп есептеп, зұлымдықты жеңуге, адамның өзін жетілдіруге көмектесетін, адамдарды жақындастыруға бағытталған әрекет деп түйді. Адамзаттың биік мақсаты жер бетінде "құдай патшылығын орнату" деп түсінген Толстой өнердің негізі эстетикалық идея емес, парасатты, діни идея болуы тиіс деген тұжырымға тоқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |