Беғазы-Дәндібай мәдениеті


Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі



бет3/3
Дата18.05.2022
өлшемі12.11 Kb.
#457089
1   2   3
6-БИЛЕТ-ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. 1778 жылғы мәліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды.Бірақ ол кезде Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күреске белсене араласпады: Сырымның Орал казак әскерлерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ қапаста қалған казактардың тұтқынынан 1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Старшындар Барақ, Тіленші, Оразбай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісімен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суыту Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет