ӘОЖ: 616.34:578.347]-053.31:57.083.1 Қолжазба құқығында
Бегадилова Толкын Сембаевна
Нәрестелердің қалыпты микрофлорасының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі колибактериофагтардың маңызы
03.00.07 – микробиология
Медицина ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде орындалды
Ғылыми жетекші
|
медицина ғылымдарының докторы, профессор Рамазанова Б.А.
|
Ресми оппоненттері
|
медицина ғылымдарының докторы, профессор Алмағамбетов К.Х.
|
|
медицина ғылымдарының докторы, профессор Нурушева С.М.
|
Жетекші ұйым
|
Масғұт Айқымбаев атындағы Казақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы
|
Қорғау «29» қарашада 16.00-де С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде Д 09.01.01.диссертациялық кеңесінің отырысында өтеді. Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94.
Диссертациямен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 153.
Автореферат 2010 жылдың «28» қазан айында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, медицина
ғылымдарының докторы, профессор А.К.Дүйсенова
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Микробиоценоздың уақытылы және дұрыс қалыптасуы жаңа туған нәрестелердің денсаулық жағдайына және оның дамуына әсерін тигізеді [Бондаренко В.М., 2001; Macfarlane GT, 1997; Salminen S, 1995; Денисов М. Ю., 2003]. Маңызды медициналық-әлеуметтік міндеттердің бірі-жаңа туған нәрестелердің денсаулық жағдайын бақылау. Мәселеленің микробиологиялық аспектілері маңызды болып саналады, бірақ ол әлі күнге дейін толық қарастырылмаған. Бұл аспект «жаңа туған нәрестелер организмінің қалыпты микрофлорасының дұрыс қалыптасуы және құралуымен жалпы жағдайда түсіндіріледі де, қалыпты микрофлора - сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсетін эволюциялық микробиоценоздың бірлестігі боп саналады [Воробьева Л.И., 2002; Воробьев Е.И., 1985].
Жаңа туған нәрестенің сыртқы ортамен жанасуында анасының микрофлорасының орны ерекше [Красноголовец В.Н., 1989; Денисов М. Ю., 2003; Савичева А.М., 1996; Маянский А.Н., 2006]. Ішек микрофлорасының құрамы әр балада әр түрлі, әрі алғашқы күннен бастап-ақ қалыптаса бастайды. Қалыпты микрофлораның қалыптасуында маңызды орын алатын факторлардың бірі-табиғи тамақтану. Себебі, ана сүтінің құрамында «бифидум-фактор» [Petueli F., 1957; Petueli F., 1986] кездеседі, олар ішекке қажетті микроорганизмдердің мекендеуіне және қажетті мөлшерде түсуіне жағдай жасайды. Жасанды жолмен тамақтандырылған нәрестелер дені сау анасының қынап микрофлорасымен кездесіп, табиғи жолмен уақытында туылғанның өзінде, қалыпты микрофлораның қалыптасуы ойдағыдай болмайды [Янковский Д.С., 2005].
Бактериофагия, микробиологияның тар саласы болып басталғанына қарамастан, бүгінгі күні жалпы биологиялық мәні бар сала болып отыр. Қазіргі кездегі медицинаның (ақуыздардың синтезі, вирустардың табиғаты, олардың онтогенезі, тұқымқуалаушылық және өзгергіштік және т.б.) іргелі мәселелері фагтардың үлгілерін пайдалану арқылы шешімін тауып отыр.
Организмде паразитоценозды жағдайда кездесетін қосымша механизмдер бірінші дәрежелі мағыналы эписомалардың көмегімен жүзеге асады (әлсіз фагтар эписомалық элементтерге жатады) [Songjinda P., 2005].
Фаг әр-түрлі әсерлерге тұрақтылық. Ол қоршаған ортаның кез-келген объектілерінен табылған.
Бактериофагтарды зерттеудегі жетістіктерге қарамастан, олардың биоценоздағы биологиялық рөлі, қалыпты микрофлора мен ішек микрофлорасының өзара байланысы әлі зерттелмеген.
Сонымен бірге жаңа туған, әсіресе, ана сүтімен тамақтандырылған, нәрестелердің ішегінде фагтардың пайда болуын динамикалық жағынан зерттеу – маңызды мәселе.
Зерттеудің мақсаты:
Ішек таяқшалары мен олардың фагтарының жаңа туған нәрестенің ішек микрофлорасының қалыптасуы мен құрылуындағы рөлін және олардың денсаулық жағдайын болжамдау мүмкіндігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
-
Жаңа туған нәрестелердің ішек микрофлорасының сандық–сапалық құрамын динамикалық жағдайда тамақтану типіне, туу жоларына, туылу уақытына байланысты бақылау.
-
Жаңа туған нәрестелердің және олардың аналарының ішектерінде колифагтардың таралуын анықтау.
-
Нәрестелердің ішегінен бөлінетін колифагтардың морфологиялық және дақылдық қасиеттерін динамикалық жағдайда анықтау (1-2-3 тәулік).
-
УКС мен температураны фагтардың морфологиялық қасиеттері мен олардың титрлерін өзгерту үшін пайдалану.
-
Нәресте ішегінде «ішек таяқшасы-колифаг» кешенінің пайда болу уақытын болжамдау.
-
Жаңа туған нәрестелердің тамақтану типіне, туу жолдарына, туылу уақытына байланысты пайда болған колифагтары мен ішек таяқшаларының арасындағы байланысты анықтау.
Ғылыми жаңалықтары:
-
Алғаш рет колибактериофагтар жаңа туған нәрестелер ішегінің өкілі ретінде қарастырылды және сол биоценоздың қалыптасуындағы олардың рөлі анықталды.
-
Алғаш рет жаңа туған нәрестелердің ішегінде колибактериофагтардың пайда болуына бірнеше факторлардың, яғни, тамақтану түрі, туу жолы, туылу уақыты әсер ететіндігі дәлелденді.
-
Алғаш рет колифагтар мен ішек таяқшасының пайда болуының сандық-сапалық байланысының бар екендігі анықталып, оның оларды болжамдауда маңыздылығы анықталды.
-
Нәрестелердің ішегінен бөлінген колифагтардың морфологиялық және дақылдық ерекшеліктерін динамикалық жағдайда бақылаудағы диагностикалық көрсеткіш ретінде пайдалану ұсынылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы
Жұмыстың нәтижесі, ішек биоценозында, әсіресе жаңа туған нәрестелер ішегінің микрофлорасының қалыптасуында, фагтардың рөлі туралы теориялық түсінікті кеңейтеді.
Ізденістің нәтижелері жаңа туған нәрестелердің және олардың аналарының микробиоценоз жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, ол келешекте «жаңа туған нәресте организмінің қалыпты микрофлорасының дұрыс қалыптасуы мен құрылуының» дамуы түсінігін қалыптастырады.
Алынған нәтижелер «бактериофаг–микроб-иесі» кешені негізінде денсаулық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Морфологиялық, дақылдық қасиеттері, колифаг пен ішек таяқшасының пайда болуының арасындағы корреляция бойынша алынған мәліметтер ішек биоценозы бойынша зертханалық диагностикалық сызба-нұсқасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар
-
Жаңа туған нәрестелердің және олардың аналарының ішегінен бөлінген колифагтардың таралуы анықталды. Аналарының барлығында 100% жағдайда колифаг бөлінді, ал нәрестелерде фагтардың пайда болуы тамақтану типіне, туылу уақытына, нәрестелердің тіршілік ету күніне байланысты болды.
-
Динамикалық жағдайда нәрестелердің ішегінен бөлінген колифагтардың морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері анықталды. Нәрестелерден бөлінген колифагтардың төрт морфологиялық типі және олардың (101 – 102КТБ\мл) дифференциалды жұмысшы титрі анықталды. Типтер арасындағы өзгерістер фагтардың пайда болу уақытына байланысты болды, ол қалыпты биоценоздың қалыптасуына әсер етеді. Лизогендік (белсенді) фагтар жаңа туылған нәресте ішегінен ферменттік белсенділігі төмен ішек таяқшасының түрімен бірге бөлініп отырды.
-
Сыртқы орта факторлары (УКС және температурамен индукциялау) фагтардың белсенділігін жоғарылататын дифференциалды жұмысшы титріне әсер еткен жоқ, әрі өзінің тұрақтылығын сақтады.
-
Колифагтар мен ішек таяқшаларының пайда болу уақыты арасында корреляциялық байланыс нәрестенің туылу жолына, тамақтану типіне байланысты екендігі анықталды.
Зерттеу нәтижелерінің ресми жариялануы
Диссертация тақырыбы бойынша 9 ғылыми жұмыс басылымға шықты, олардың ішінде 7- ҚР ҒЗМ білім және ғылыми бағытын бақылау бойынша Комитетінің басылымына берілді, 1 жұмыс қабырғалық баяндама түрінде баяндалған.
Диссертацияның көлемі мен құрлымы
Диссертация жазбасы 108 беттен тұрады, оған нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, әдеби шолу, өзіндік зерттеулер, зерттеу нәтижелерінің талдаулары, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі енгізілді.
Жұмыс 26 кесте және 19 суретпен көркемделді. Қолданылған әдебиеттер тізімі 280 ғылыми еңбектерден, соның ішінде 215 отандық авторлар, 65 шетел ғалымдарының еңбектері.
Негізгі бөлім
Зерттеу материалдары көлемі және әдістері
Микробиологиялық зерттеулер С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының зертханасында жүргізілді (кесте 1). Жаңа туған дені сау нәрестелерді зерттеуге алуға перзентхананың мамандары көмектесті.
Нәрестелердің ішегінің қалыпты микрофлорасының туғаннан кейін қалыптасуын және колибактериофагтардың пайда болуын анықтау үшін жаңа туған нәрестелер және олардың аналары зерттеуге алынды (жалпы 246 адам):
– дені сау, уақытында туылған нәрестелер (100 нәресте);
– дені сау, уақытынан ерте туылғандар (73 нәресте). Зерттеуге жаңа туған нәрестелердің тіршілігінің 1-, 2-, 3- тәулігінде нәжіс (мекони) алынды;
– жаңа туған нәрестелердің аналарынан (73 адам) перзентханадан шығар алдында ( босанғаннан кейін 3- тәулікте) нәжіс алынды;
– динамикалық жағдайда бір айдан бір жасқа дейінгі балалардан (59 адам) зерттеуге нәжіс алынды.
Кесте 1–Жұмыс барысында қолданылған негізгі әдістер мен зерттелген жұмыс көлемі
Зерттеу әдістері
|
Сынамалар және
штамдардың саны
|
Бактериологиялық зерттеу:
|
Бөлініп алынған және анықталған микроорганизмдердің штамдары
|
771 штамм
|
Бөлініп алынған және анықталған колифаг дақылы
Жалпы:
|
145 дақыл
|
Пассаж жасау нәтижесінде бөлінген колифаг дақылдары
|
435 дақыл
|
Колифаг фаголизаты
|
20 дақыл
|
Колифагты индукциялауда қолданылған колифагтардың дақылы,
Жалпы:
|
39 дақыл
|
Нәрестелерден бөлінген E.coli (lac+) штамын колифагтың ерітуін анықтау үшін қолданылды:
|
20 штамм
20 дақыл
|
Зерттеуге жалпы 651 сынама алынды: жаңа туған нәрестелердің ішек микрофлорасын анықтауға 300 сынама, ішекте колифагтардың пайда болуын анықтау үшін-219, олардың аналарынан-73, динамикалық жағдайда, бір айдан бір жасқа дейінгі балалардан 59 сынама алынды.
Ішек микрофлорасын анықтау үшін А.Л. Котованың (2004) «Клиническая микробиология» әдістемелік нұсқауы негізге алына отырып зерттеу жүргізілді. Бактериофагтарды бөліп алуда Д.М.Гольдфарбтың (1961) әдістемесі қолданылды. Фагты индикациялауда Грацияның (1976) «агарлы қабат» әдісі қолданылды. Ультра күлгін сәулесімен индукциялауда Альфенди (1957) әдісін, жоғары температурамен индукциялауда И.М.Габрилович (1968) әдісі қолданылды. Колифагтардың еріткіштік әсерінің спектрін анықтауда М.Адамс (1961) әдісі қолданылды. Нәтижелерді статистикалық өңдеу үшін келесі статистикалық әдістер қолданылды; зерттеу нәтижелерінің шынайылығы анықталды. Екі орта шаманың (М1 және М2) немесе екі салыстырмалы өлшемдердің (Р1 и Р2) айырмашылығының анықтығын қатенің жоғары деңгейі «t» көрсеткішімен және нәтижелерді белгілі нақтылықпен табуға байланысты болды. Корреляциялық байланысты факторлы және нәтижелі белгілердің арасындағы байланысты талдаудан өткізу үшін Пирсонның (r) квадратты тәсілі пайдаланылды. Алынған мәліметтерді өңдеу компъютерлік бағдарламалар мәлімдемелерінің жинағына негізделіп жасалды. Статистикалық өңдеуден кейін Windows-ке арналған «Statistica 6,0», Microsoft Office және Corel Draw бағдарламаларының көмегімен кестелерге, графиктерге, диаграммаларға және суреттерге аударылып, алынған мәліметтердің шынайылығы дәлелденіп қана қоймай, олардың ақпараттылығы арттырылды және түсінуге жеңілдетілді.
Зерттеудің нәтижелері, оны талдау
Жаңа туылған нәрестелердің асқазан-ішек жолының (АІЖ) микробтармен жанасуының жылдамдығы және қалыпты микрофлорасының қалыптасуында келесі факторлардың орны ерекше болады: туылу уақыты, туылу жолы және тамақтанудың түрі т.б.
Алматы қаласының №1 перзентханасында 173 дені сау жаңа туылған нәрестелер тіршілігінің 3-тәулігінде ішек микрофлорасының қалыптасу жағдайы зерттелді. Нәрестелердің денсаулығын мамандар Апгар шкаласының
8-9 балымен бағалады. Нәрестелер уақытында туылғандар және уақытынан ерте туылғандар деп екі топқа бөлінді. Екі топтың да нәрестелерін тамақтану түріне, туу жолына байланысты бөлінді (кесте 2).
Кесте 2 – Зерттеуге алынған жаңа туылған нәрестелердің саны
Көрсеткіші
|
Уақытында
туылғандар
|
Уақытынан ерте туылғандар
|
Аbs
|
%
|
Аbs
|
%
|
Ана сүтімен тамақтанғандар
|
89
|
89±3,1
|
44
|
60,3±5.7
|
Жасанды жолмен тамақтанғандар
|
11
|
11±3,1
|
29
|
39,7±5.7
|
Табиғи жолмен туылғандар
|
84
|
84±3,7*
|
57
|
78,1±4,8*
|
Жасанды жолмен туылғандар
|
16
|
16±3,7*
|
16
|
21,9±4,8*
|
Ескерту – * p<0,05 – топтар арасындағы шынайылық
|
Уақытында туылғандар-«толық дені сау», гестация уақыты 38-40 аптаны қамтитын, антропометриялық сараптамалары сәйкес нәрестелерді айтады. Уақытынан ерте туылған нәрестелер белгілі бір жетілу кезеңдерінен ерте туылады, соның ішінде, асқазан–ішек моторикасы толық дамып жетілмейді.
Әртүрлі факторлардың әсеріне нәзік сезімталдылық білдіретін адам денсаулығының ең сезімтал индикаторының бірі-қалыпты микрофлора болып саналады.
Дені сау, уақытында туылған нәрестелер-анасының сүтімен тамақтанған, перзентханада анасымен бірге алғашқы сағаттардан бастап бірге болғандар. Жасанды жолмен тамақтанғандар да анасымен қатынаста алғашқы тәуліктерден бастап болған. Жаңа туған, дені сау, ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелердің нәжісі (меконий) алғашқы 1–2 - күні қоймалжың, созылыңқы, қою жасыл түсті болды. Ана сүтімен белсенді тамақтана бастағанда нәжіс бөлу жиілене түсті, консистенциясы гомогенді емес (құрамында шырыш, қойыртпалар, сұйық заттар). Түсі де өзгерген (қою жасыл түс жасылтым сарғыш, ақ аралас) және көбінде сұйық, бұндай нәжісті ауыспалы деп атайды, яғни табиғи жолмен тамақтанғандарда нәжістің сипаты қалыпты жағдайда болды. Жасанды жолмен тамақтандырылғандарда нәжісінің құрамында шырыш аз және консистенциясы тығыз, нәжіс бөлу жиілігі төмен болды, ол қалыпты жағдайдан ауытқушылықты көрсетеді.
Кесте 3–Дені сау, уақытында туылған нәрестелердің ішек микробиоценозының құрамы (%,M+m КОЕ/г нәжіс)
Микрофлора
|
Қалыпты жағдайда
|
Ана сүтімен тамақтанды
рылғандар
|
Жасанды жолмен тамақтандырылғандар
|
Патогенді флора
|
0
|
-
|
-
|
Ішек таяқшасының жалпы саны
|
106–108
|
108
|
108
|
Шартты патогенді бактериялар
|
< 106
|
-
|
-
|
Ферменттік белсенділігі төмен ішек таяқшасы
|
<10%
|
20%
|
27%
|
Гемолиздеуші ішек таяқшасы
|
0
|
-
|
-
|
Сапрофитті коктар, жалпы саны (энтерококтар)
|
< 10%
|
11%
|
6%
|
Гемолиздеуші стафилококтар
|
0
|
-
|
-
|
Бифидобактериялар
|
107 <
|
107
|
105
|
Протей туыстастығының бактериялары
|
<104
|
-
|
-
|
Кандида туыстастығының бактериялары
|
< 104
|
-
|
-
|
Лактобациллалар
|
< 107
|
105
|
103
|
Дені сау нәрестелердің ішек микрофлорасы құрамына қарай қарапайым екендігін көрсетті. Екі топта да тамақтану түріне қарамастан қалыпты микрофлораның негізгі өкілдері Bifidobacterium, Lactobacillus, Escherichia туыстастығының бактериялары тұрақты бөлінді (3-кесте).
Ана сүтімен тамақтанған дені сау жаңа туылған нәрестелердің тобында облигатты флора өкілдері бифидобактериялар 107-дәрежені көрсетіп, 70% жағдайда кездесті, ал лактобактериялар 105-87% нәрестеден бөлінді. Керісінше, ферменттік белсенділігі төмен ішек таяқшалары 20% жағдайда бөлінсе, ал жасанды жолмен тамақтандырылғандарда одан да жоғары-27%. Жасанды жолмен тамақтандырылған нәрестелерде бифидобактериялар (105-72%) мен лактобактериялар төмен (103-54% ) көрсеткіш болды. Сапалық жағынан айырмашылық айқын емес. Топтар арасында бифидобактериялар мен лактобактериялардың кездесу жиілігі мен санында айырмашылық байқалды, яғни, ана сүтімен тамақтандырылып, алғашқы тәуліктің алғашқы сағаттарынан бастап анасының уыз сүтін емген нәрестелерде лактобактериялар-87% (4,69±0,25), ал, керісінше, ана уызын ембей, алғашқы сағаттардан жасанды жолмен тамақтандырылғандарда 54% (3±0,59) құрды, ол топтар арасындағы шынайылығының жоғары екендігін көрсетті (p<0,01).
Кесте 4 – Тамақтандырылуына байланысты уақытында туылған нәрестелердің нәжісіндегі микроорганизмдерінің кездесу жиілігі (lg %,M+m КОЕ/г нәжіс)
Құрамы
|
Ана сүтімен тамақтанды
рылғандар,
M±m
|
Жиілігі, %
|
Жасанды жолмен тамақтандырылғандар, M±m
|
Жиілігі, %
|
E coli (lac+)
|
8,51±0,07
|
100%
|
7,54±0,15**
|
100%
|
E coli (lac-)
|
8,01±0,03
|
52%
|
8,11±0,11
|
81%
|
Bifidobacterium spp.
|
6,54±0,49
|
70%
|
5,6±0,91
|
72%
|
Lactobacillus spp.
|
4,69±0,25*
|
87%
|
3±0,59*
|
54%
|
Enterococcus faecalis
|
8,11±0,06
|
64%
|
8,0±0,03
|
90%
|
Ескерту: * p<0,01 – топтар арасында шынайылығы нақты;
** p<0,001 - топтар арасында шынайылығы нақты.
|
Бифидобактериялар табиғи тамақтанғандарда жоғары болса - 70% (6,54±0,49), жасанды жолмен тамақтанғандарда (5,6±0,91) төмендеу болды. Enterococcus (64%) туыстастығының бактериялары да бөліп алынды. Қалыпты микрофлора құрамына кіретін Candida туыстастығының саңырауқұлақтары, Сlostridium, Staphylococcus т.б. туыстастықтың бактериялары және басқа патогенді және шартты – патогенді микроорганизмдер нәресте тіршілігінің 3-ші тәулігінде кездескен жоқ. Түрлік құрлымдарын анықтағанда екі топта да типтік ферменттік қасиеті бар Escherichia coli-100% жағдайда кездесті (p<0,001), ал лактозаны ферменттемейтін E.сoli ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелерде 52% болса, жасанды жолмен тамақтандырылғандарда 81%, сондай-ақ бірінші топта E.faecalis 8,11%, екіншіде 8,0% жағдайда бөлінді.
Уақытынан ерте туылғандарда мұндай нәтижелер нәресте туыла салысымен анасының уыз сүтін емсе, анасының флорасымен тығыз қарым–қатынасқа түссе, ішек биоценозының негізгі өкілдері бифидобактериялар мен лактобактериялардың мөлшері басым болатындығы анықталып отыр.
Ана сүтінің құрамында, неонатальды кезеңнің басында бифидобактериялар, лактобациллалар, энтерококтар және факультативті микроорганизмдердің кездесетіндігі бүгінгі күні дәлелденген. Ана сүтінің иммунды модуляторлық қызметі бар екендігі де белгілі. Соған байланысты ана сүтін алғашқы сағаттардан бастап емген нәрестеде ішек биоценозының қалыптасу жылдамдығы жоғары. Зерттеудің нәтижесіндегі бифидобактериялардың алғашқы күннен бастап қалыпты мөлшерде бөлінгендігі, ана сүтімен тамақтындыруға байланысты болып отыр.
Cурет 1–Туу жолына байланысты ана сүтімен тамақтанған нәрестелердің ішек микрофлорасының спектрі
Табиғи жолмен уақытында туылған, ана сүтімен тамақтанғандарда да (91%) уақытынан ерте туылған табиғи жолмен тамақтанған (64%), жаңа туған нәрестелерде лактобактериялардың мөлшері жоғары болды, жасанды табиғи жолмен туылғандардың жасанды жолмен тамақтанғандарында бифидофактор жиі кездесті (72%), бірақ сандық көрсеткіші төмен болды-104, керісінше табиғи жолмен туылған, ана сүтімен тамақтанғандарда сандық көрсеткішітің-107, кездесу жиілігі-70% жағдайды көрсетті.
Уақытында туылған, ана сүтімен тамақтанған балалардың ішек биоценозының жалпы микробтарының санының жоғары көрсеткіші 3 айлық балаларда ерекше байқалып тұр, 1 ай мен 3 ай арасындағы айырмашылық жағдайдың шынайылықың нақтылығын білдіреді (р<0,05). Бифидобактериялар 1 айлық балаларда қалыпты жағдайға жақын болса келесі уақыттарда төмен жағдайда анықталды. Ал лактобактериялар болса, керісінше, бастапқыда төмен болса, кейіннен, бір жылға жақындағанда қалыпты жағдайда болды. Бірақ типтік ішек тұқымдас бактериялар үнемі жоғары көрсеткішті ұстап тұрды.
Нәресте дүниеге келе салысымен ана емшегін емуі өте маңызды болмақ. Жаңа туған нәресте аузына анасының емшегін алғанда, оның аузы арқылы ішегіне уыз сүттің бастапқы тамшылары түскенде, оның денсаулығының бірініші іргетасы қалана бастайды. Уыз сүт иммунитеттің қалыптасуына ғана емес, ішек микрофлорасының да дұрыс қалыптасуында нағыз таптырмайтын қор болып табылады: онда бифидогенді факторлар кездеседі. Нәрестенің ішегіне алғашқы екі сағатта түскен бифидогенді факторлар бифидобактериялардың көбеюіне, қалыпты микрофлораның қалыптасуына ықпал жасайды. Сонымен бірге ана сүтінде ана организмі бөліп отыратын иммундыглобулиндер бар, олар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер көрсетеді. Солай жаңа туылған ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелер өзінше табиғи егу алады, сол иммунитеті оны бір жыл бойы қорғап тұрады.
Қалыпты ішек таяқшалары жасанды жолмен уақытында туылғандарда 100% жағдайда -108, ал уақытынан ерте осындай туылу жолымен туылғандарда 50%-108 көрсеткішті 8 балада көрсетті. Барлық топтарда ішек таяқшасының ферменттік белсенділігі төмен, формасы жоғары мөлшерде болды. Ал, бифидофлора мен лактофлора көрсеткіші қалыпты жағдайдан едәуір төмен болды, яғни уақытынан ерте жасанды жолмен туылғандарда да уақытынан ерте туылғандарда да бифидобактериялар 104, лактобактериялар 102 асқан жоқ.
Жасанды жолмен туылған балаларда алғашқы күндерінде ішек жолдарында лактобактериялардың мөлшерінің төмен болуы табиғи жолмен туылғандармен салыстырғанда айқын болып отыр. Сондықтан зерттеу барысында факультативті анаэробты микробтардың саны артып отыр, мысалы Е.coli. Бұндай нәтиже балаға қараушылардың микрофлорасына да байланысты болуы мүмкін, ол әкесі немесе перзентханадағы мейірбикелер болуы мүмкін («госпитальды» флора).
Динамикалық жағдайда анықтау барысында уақытында табиғи жолмен туылған балаларда бифидобактериялардың тапшылығы байқалмаса да Escherichia coli мөлшерінің ұлғаюы анықталды, ол дисбиоздық жағдайларды білдіреді. Басқа сапрофитті флора өкілдерінің анықталуының шынайылық дәрежесі нақтылықты көрсетті (p<0,05).
Кесте 5 – Дені сау жаңа туған нәрестелерде фагтардың кездесу мүмкіндігі
Жаңа туған нәрестелер
|
1 тәуліктегі фагтар
|
2 тәуліктегі фагтар
|
3 тәуліктегі фагтар
|
Абс.
|
% «Барлығы»,
Х±ςХ
|
Абс.
|
% «Барлығы»,
Х±ςХ
|
Абс.
|
% «Барлығы»,
Х±ςХ
|
Уақыты жетіп туылғандар,
n = 100
|
4
|
0,04±0,02
|
18
|
0,18±0,04
|
46
|
0,46±0,05
|
Уақытынан ерте туылғандар,
n =73
|
-
|
0±0
|
5
|
0,07±0,03
|
22
|
0,3±0,05
|
Ескерту – Топтар арасында шынайылығы нақты:* - р < 0,001
|
Жаңа туған нәрестелердің тіршілігінің 1-, 2-, 3-тәулігінде колибактериофагтардың пайда болуы уақытында және уақытынан ерте туылған нәрестелерде өзгешеліктермен көрінді (22,65±2,88 және 12,32±2,39) және бұл көрсеткіштің шынайылығы (p<0,05) нақты болды. Бұндай нәтиже жаңа туған нәрестелердің ішегінің микрофлорасындағы микробтары, яғни ішек таяқшалары қалыптасып жатқанда, соның мөлшеріне сәйкес бактериофагтардың да пайда болатындығын (0,67±0,09 және 0,38±0,07) және нәрестенің ішегі колибактериофагтардың тіршілігінің бастамасы ретінде қолайлы орын екендігін дәлелдейді.
Уақытында туылған нәрестелердің тіршілігінің 1-тәулігінде колифагтар 4% жағдайда 4 нәрестеден бөлінген болса, уақытынан ерте туылғандарда фагтар бөлінген жоқ (5 - кесте). Уақытынан ерте туылғандарда колифагтардың пайда болуы тек екінші тәуліктен басталды және 5 нәрестеде (6,8%) пайда болды.
Үшінші тәулікте уақытынан ерте туылғандарда фагтардың пайда болуы 30% жағдайда 22 нәрестеден бөлінген болса, уақытында туылған нәрестелерде колифаг 46 нәресте ішегінен бөлініп, басымдылық көрсетті (46%).
Микроорганизмдердің түрлерінің және санының уақыт өткен сайын көбеюі ішектің экологиялық жағдайымен бірге жалпы даму үрдісінің қарқындылығын білдіреді. Биоценоздағы микроорганизмдер бір-бірінің тіршілік етуіне ықпалын тигізеді, сол сияқты белсенді емес колифагтар да иесінің тіршілігі үшін жауап береді.
Сурет 2 – Нәрестелердің ішегінде колифагтардың пайда болу динамикасы
Динамикалық жағдайда колифагтардың пайда болуы 3 ай мен 1 жас аралығында жоғары 99–100% жағдайда бөлінді. Туылу уақытына байланысты колифагтардың пайда болуы 1 айлық балаларда уақытында туылғандарда-50% болса, уақытынан ерте туылғандарда 33%, сол сияқты 3 айлықтарда 99% жиілікті көрсетсе, ерте туылғандарда 50% құрады. Бірақ 1 жастағы балаларда екі топта да колифагтардың пайда болу жиілігі теңесті (100% құрады). Зерттеу нәтижелері шынайылықтың нақтылығын анықтады (р<0,01 және р<0,05).
Уақытында ана сүтімен тамақтанған нәрестелердің ішегінде колифагтардың пайда болуы олардың ішек таяқшаларының санына байланысты, үшінші тәулікте ішек биоценозының қалыптасуында ішек таяқшалары 100% жағдайда бөлінді, соған лайық колифагтардың да пайда болу жиілігі артып отыр 89%.
Сурет 3 – Туу уақытына байланысты колифагтардың пайда болуының динамикалық көрсеткіштері
Яғни, неғұрлым микроорганизмдер саны көп болса, соғұрлым сәйкес фагтарының да саны артатыны белгілі. Сол сияқты уақытынан ерте туылғандарда фагтардың пайда болуы кешірек қалыптасады, бірақ ішек таяқшасының мөлшеріне байланысты (22,8%), олардың да пайда болуы нәрестенің тіршілігінің 3 - тәулігінде төмен емес (60,3%), бірақ бірінші топпен алыстырғанда төмен (шынайылығы нақты, р<0,001).
Сурет 4 – Ана сүтімен тамақтандырылған балалардың ішек биоценозында колифагтарының динамикалық жағдайда пайда болуы
Ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелердің тіршілігінің 3-тәулігінде, ішегінде колифагтар уақытында туылса да (89.0±3.13), уақытынан ерте туылса да (60.3±5.73) жоғары деңгейде бөлінді. Жасанды жолмен тамақтандырылған нәрестелерде алдыңғы топпен салыстырғанда колифагтар уақытында туғандарда (11.0±3.13) төмен көрсеткішті көрсетіп, ол шынайылықтың р<0,001 нақтылығын айқындаса, уақытынан ерте туылғандарды (39.7±5.73) салыстырғанда шынайылық нақтылықты білдірді (р<0,05).
Жасанды жолмен тамақтандырылған балаларды динамикалық жағынан бақылағанда 1 (33,3%) және 5 айлық (50%) уақытында туылғандар мен уақытынан ерете туылған балалардың ішегінде колифагтардың пайда болуы бірдей жағдайда болды. Жасы ұлғайған сайын колифагтың саны да жоғары. Уақытында туылған нәрестелерде 5 айдан асқаннан кейін колифагтардың мөлшері жоғары деңгейге жетті (100%), ал екінші топта әлі кешікті (50%). 1 ай мен 5 ай арасындағы айырмашылық және 1 ай мен 1 жас арасындағы айырмашылықтың нақтылығы бар (р<0,05).
Сурет 5 – Жасанды жолмен тамақтандырылған балалардың ішек биоценозында колифагтарының динамикалық жағдайда пайда болуы
Уақытында туылған 84 нәрестенің 38-де (45,2%) колифагтар пайда болды. Колифагтардың пайда болуы 1 - тәуліктен басталды-4 нәрестеде (10,5%). 2–тәулікте колифагтардың бөлінуі 9 - да (23,7%) және 3 – тәулікте – 25 (65,8%) жаңа туған нәрестеде байқалды.
Уақытынан ерте сондай жолмен туылған нәрестелердің саны 57 (40,4%), соның ішінде колифагтар 20 (35,1%) балада пайда болды. Бұл топта колифагтардың пайда болуы кеш басталды, 2-тәулікте 2 (25,0%) және
3-тәулікте-15 (75,0%).
Уақытында табиғи жолмен туылған нәрестелерде колифагтардың пайда болу мүмкіндігі (84.0±3.67), уақытынан ерте туылғандармен салыстырғанда (78.1±4.84) жоғары, ол шынайылықтың (р<0,05) нақтылығын көрсетті.
Белсенді бактериофагты in vitro дақылдандыру кезінде сезімтал бактериялардың диффузды өсіндісінің фонында тығыз ортаның бетінде әр түрлі пішінді стерильді таңдақтар түзілді. Бұлар өсіп жатқан фагтардың колониялары – негативті колониялар. Негативті колониялардың морфологиясы фагтарды топтастырудың практикалық критерийлеріне жатады (кесте 6).
Ортақ сезімтал микробты газонда түзілген фагтардың колониялары морфологиясына, яғни мөлшеріне және еру аймағына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл оларды төрт топқа бөлуге мүмкіндік туғызды(кестені қара).
Кесте 6 – Қоректік орта газонында өскен негатифтік колониялардың морфологиясы
Топтар
|
Колифагтардың колонияларының диаметрі және өсу сипаты
|
А
|
Біркелкі стерильді таңдақтар, диаметрі 3-4 мм-8 мм дейін, ортасында диаметрі 1 мм болатын дәнді жолақ, шеттері толық еру шеңберімен қоршалған
|
В
|
Нүктелі мөлдір және жартылай мөлдір таңдақтар, диаметрі 2 мм. Пішіні домалақ, шеттері айқын сызықты
|
С
|
Мөлдір емес таңдақтар, шеттері тегіс емес, диаметрі 3 мм.
|
Е
|
Ортасы мөлдір, диаметрі нүктеліден 2 мм дейін болатын шеттері 1 мм қалыңдықта болатын толық емес еру шеңберімен қоршалған
|
Ішек таяқшасының ферменттік белсенділігі төмен түрлері 82% жағдайда нәрестелерден (27,27±6,54) бөлінгенде түссіз колониялардың (А тобы) пайда болуы байқалды, ол уақытында жасанды жолмен тамақтандырылған нәрестелердің ішек микрофлорасының құрамын анықтау барысында байқалған құбылыс. Жасанды жолмен тамақтанған нәрестелердің 3-тәулігінде (0,45±0,16) 5 баладан фаг бөлінді, соның 2 (0,40±0,15%) біркелкі стерильді таңдақтар, диаметрі 3-4 мм-8 мм дейін, ортасында диаметрі 1 мм болатын дәнді жолақ, шеттері толық еру шеңберімен қоршалған фагтар бөлінді. Динамикалық жағдайда ішек таяқшасының ферменттік белсенділігі төмен бактериялары
1 жасқа дейінгі балаларда (53,8±21,2%) анықталды, бұнда колифагтар 100% жағдайда анықталды, бөлінген фагтарының колонияларының морфологиялық сипаты А тобына жатқызылды, яғни 100% жағдайда белсенді фаг түзеді деуге болады. Бұндай көрсеткіш ішек таяқшасының ферменттік белсенділігі төмен түрлері жиі бөлінген кезеде белсенді колифагтардың бөлінетіндігін және ондай типті фагтар қалыпты ішек таяқшаларына қарамастан бөлінетіндігін көрсетті.
Анасы-бала-фаг кешені түзілді. Нәтижесінде аналаының нәжісінде колифагтардың анықталу жиілігі 100% көрсетті және нәрестелерінен бөлінген колифаг морфологиясына ұқсас колониялар бөлінді. Бұндай анықтама нәрестеге анасының микрофлорасының микробтары ғана емес колибактериофагтар да жанасу кезінде беріледі, деген тұжырым жасауға болады.
Жаңа туған нәрестелердің бір жасқа дейінгі жас аралығында динамикалық бақылауы кезінде ішек микрофлорасынан бөлінген қалыпты ішек таяқшасы мен колифагтардың арасындағы статистикалық айқын корреляциялық байланыстың бар екендігі анықталды. Уақытында туылған ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелерде бұл байланыс тікелей күшті (r=0,97), болса уақытынан ерте туылған ана сүтімен тамақтандырылғандарда тікелей күшті (r=0,74). Бұл топтар арасындағы шынайылықтың нақты (р<0,05 ) екендігін білдіреді.
Уақытында жасанды жолмен тамақтандырылған балаларда корреляциялық әлсіз тікелей байланысты көрсетті (r = 0,24), уақытынан ерте туылғандарда кері орташа байланыс түзді (r = -0,56), шынайылығы нақты (р<0,05 ).
Сурет 6 – тамақтану жолына байланысты ішек таяқшалары мен колифагтар арасындағы байланыс
Туу жолына байланысты да ішек таяқшаларының қалыптасуы мен колифагтардың пайда болуының арасында статистикалық корреляциялық байланыс анықталды. Яғни, уақытында табиғи жолмен туылғандарда (r=0,87), уақытынан ерте табиғи жолмен туылғандарда да (r=0,91) тікелей күшті байланысмтың бар екендігі анықталды (р<0,05 ).
Уақытында жасанды жолмен туылғандарда (r=0,89) күшті тікелей байласныспен көрінсе, уақытынан ерте жасанды жолмен туылғандарда (r=0,52) орташа тікелей байланыс анықталды. Бұл топтар арасындағы шынайылықтың нақты (р<0,05) екендігін білдіреді.
Қалыпты микрофлораның қалыптасуы кезінде бөлінген колифагтардың титрі 101-102 ДЖТ-ден аспаған соң еріткіштігін, белсенділігін арттыру мақсатында индукциялау жүргіздік. Осмостық қысым мен УКС мен сәулелендіруге, жоғары температураға сезімталдылығы анықталды. Индукциялау динамикалық жағдайда бақыланды. Жаңа туған нәрестелердің ішегінен бөлінген колифагтарды индукциялау барысында E.coli (lac+) референс штамы және 39–колифаг дақылы алынды. Ішек таяқшасының логарифмдік өсу фазасындағы миллиардтық сорпалы қоспасын қоректік ортаға сеуіп, себіндіні ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру (БУФ-16) арқылы колифагтарды бөліп алып, титрін анықтағанда индуцирленген фаг мөлшерін сәулеленген дақылдағы фаг титрінің әртүрлілігі байқалмады. Нәтижесінде титр бастапқы қалпында қалды (102), өзгерген жоқ.
Жоғары температурамен индукциялауда тәуліктік лизогенді дақылды 45º С температурада 20 минут бойы қыздыру, фагтардың максималды өсу жиілігін
8-сағат инкубациялаудан кейін байқауға мүмкіндік берді. Температурамен индукциялау да колифаг титрін (102 КТБ\г) және колонияларының морфологиясын өзгерткен жоқ, бірақ дақылдың өсу уақыты жылдамдады.
ҚОРЫТЫНДЫ
-
Нәрестелердің ішек микрофлорасының сандық – сапалық құрамының қалыптасуы тамақтану типіне, туу жолдарына, туылу уақытына байланысты болды. Уақытында туылған ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелерде бифидобактериялар (6,54±0,49%) мен лактобактериялар (4,69±0,25%) сондай жолмен тамақтандырылып уақытынан ерте туылғандарға (бифидобактериялар (5,02±0,76%), лактобактериялар (3,09±0,38%)) қарағанда шынайы жиі бөлінді. Уақытында туылған, бірақ жасанды жолмен тамақтандырылғандарда бифидобактериялар (6,91±1,44%) және лактобактериялар (5±0,8%) сондай жолмен тамақтандырылған уақытынан ерте туылғандардарға қарағанда (бифидобактериялар 1,93±0,59%, лактобактериялар-0,97±0,3%) сенімді деңгейде жиірек бөлінді.
-
Жаңа туылған нәрестелер мен олардың аналарының нәжістерін салыстырып зерттегенде, аналарының ішектерінен 100% жағдайда колифагтар бөлінді, ал балаларында ол туу уақытына (уақытында туылғандарда - 22,65±2,88% және уақытынан ерте туылғандарда-12,32±2,39% ); тамақтану түріне-пайда болуы жоғарылады (1-тәулікте 0,04±0,02%–дейін), 3-тәулікте 0,46±0,05%-дейін) туу уақытына байланысты болды. Уақытында және ерте туылғандарға сәйкес фагтардың бөлінуі 2–тәуліктен басталды (0,09±0,04%- 0,03±0,03%).
-
Жаңа туған нәрестелердің ішегінен динамикалық жағдайда бөлінеген колифагтар колониясының морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу негізінде анықталды:
а) фагтардың колонияларының морфологиясының өзгеруі нәрестелердің туу уақытына байланысты болады және тіршілігінің 3-тәулігінде ол тұрақталады
б) колифагтардың физиологиялық титрі 101-102 ДЖТ болды (дифференциалды жұмысшы титр)
в) лизогенді колифагтар E.coli (lac-) бактериялармен бір мезгілде бөлінді.
-
Сыртқы орта факторларының (УКС, температура) фаг колонияларының морфологиясына және титріне әсер етуін бақылағанда, олардың қасиеттерінде айтарлықтай өзгерістердің болмайтындығы және тұрақтылығының сақталатындығы анықталды.
5. Жаңа туған нәрестенің ішегінде «Ішек таяқшасы - колифаг» кешенінің пайда болу уақыты анықталды, уақытында туылғандарда ерте (1-тәулікте), уақытынан ерте туылғандарда тек 2-тәулікте жүзеге асады.
-
Ана сүтімен тамақтандырылған уақытында туылғандар мен уақытынан ерте туылған нәрестелерде (1-2 тәулікте сәйкесінше) «Ішек таяқшасы - колифаг» кешенінің пайда болу уақытында айырмашылық анықталды. Жасанды жолмен тамақтандырылған уақытында және уақытынан ерте туылған нәрестелерде «Ішек таяқшасы-колифаг» (2-тәулікте) кешенінің пайда болу уақытында айырмашылық байқалған жоқ.
б) Уақытында және уақытынан ерте жасанды жолмен туылғандарда («Ішек таяқшасы-колифаг») кешенінің пайда болуында айырмашылық байқалды, 1-, 2 -тәулікте сәйкесінше.
в) Уақытында және уақытынан ерте туылған Кесарев жолымен туылған нәрестелерде «Ішек таяқшасы-колифаг» кешені тіршілігінің 2-3 тәулігінде сәйкесінше пайда болды.
6. Жаңа туған нәрестелердің ішегін кешенді микробиологиялық зерттеудің негізінде колифаг пен ішек таяқшасының пайда болуы арасында өзара толық байланыстың бар екендігі анықталды.
а) Уақытында және уақытынан ерте туылған, ана сүтімен тамақтанғандарда жоғары тікелей статистикалық корреляциялық байлансы бар (r=0,97–0,74). Уақытында және уақытынан ерте туылған, жасанды жолмен тамақтанғандарда әлсіз тікелей (r=0,24) және кері орташа байланыс (r= - 0,56) байқалды.
Табиғи жолмен және жасанды жолмен туылғандарда колифаг пен ішек таяқшасының пайда болуы арасында тікелей байланыстың бар екендігі анықталды.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР
-
Бегадилова Т.С.Колифагтардың медицинадағы маңызы // Қазақ ұлттық медицина университетінің хабаршысы. – 2009. – №1. – С. 116-119.
-
Бегадилова Т.С., Бармакова А.М., Джумабаева С.М. Жаңа туған балалардың ішегінде колифагтардың қалыптасу мүмкіндігін анықтау // Терапия хабаршысы (Қазақстан Республикасы терапевтерінің ІІ құрылтайы қарсаңында) – 2009. – № 03 (23). – С. 186.
-
Бегадилова Т.С. Дені сау жаңа туған нәрестелердің тамақтандырылу жағдайына байланысты 3-тәулікте ішек микрофлорасының және колифагтардың 1-, 2-, 3–тәуліктерде қалыптасу мүмкіндігі// Гигиена, эпидемиология және иммунобиология. – 2010. – №3. – С. 158-161.
-
Бегадилова Т.С. Жаңа туған нәрестенің мекониінен бөлінген колифагтың сипаттамасы // Гигиена, эпидемиология және иммунобиология. – 2010. – №3. – С. 162-165.
-
Акышбаева К.С., Джусупгалиева М.Х., Бегадилова Т.С., Джумабаева С.М. Әйелдердің қынабынан бөлінген кандидоздық инфекциялардың жиілігі // Терапия хабаршысы (Қазақстан Республикасы терапевтерінің ІІ құрылтайы қарсаңында). – 2009. – №3. – С.305.
-
Джусупгалиева М.Х., Джумабаева С.М., Бегадилова Т.С. Урогенитальды инфекцияның этиологиялық аспектілері //Терапия хабаршысы (Қазақстан Республикасы терапевтерінің ІІ құрылтайы қарсаңында). – 2009. – №3. – С. 306.
-
Бегадилова Т.С., Рамазанова Б.А., Бармакова А.М., Бекболатова К.А., Раймбекова С.Б. Ана сүтімен тамақтандырылған нәрестелердің тіршілігінің 3 - тәулігіндегі ішек биоценозының құрамы // Медицина. – 2010. – № 10. – С. 79 -81.
-
Бегадилова Т.С., Рамазанова Б.А., Акышбаева К.С., Бисекенова А.Л., Урумбаева Ш.Ш., Садирова А.А., Шакуова Г.Н., Утемуратова Б.И., Бармакова А.М., Джусупгалиева М.Х. Появление колифагов у новорожденных доношенных и недоношенных детей по типу родоразрешения // Современные инструменты обеспечения качества мед. Услуг: Междунар. науч.–практ. конф. – Астана, 2010. – С.110-111.
-
Бегадилова Т.С., Рамазанова Б.А., Бисекенова А.Л., Мустафина К.К., Бармакова А.М., Урумбаева Ш.Ш., Садирова А.А.Появление колифагов у доношенных и недоношенных новорожденных детей в зависимости от вида вскармливания // «Образования и наука 21 век-2010»: VІ Междунар. науч. – практ. конф. – Болгария, 2010. – С.54-56.
Резюме
Бегадилова Толкын Сембаевна
Роль колибактериофагов в формировании и функционировании нормальной микрофлоры кишечника младенцев
03.00.07 - микробиология
Объект исследования. Было изучено появление колифагов в формировании микрофлоры у 100 доношенных и у 73 недоношенных новорожденных детей в динамике.
Цель исследования
Изучить роль кишечных палочек и их фагов в формировании и функционировании нормальной микрофлоры кишечника младенцев и возможность прогнозирования состояния их здоровья.
Задачи исследования:
1. Изучить качественный и количественный состав микрофлоры в содержимом кишечника младенцев в динамике, в зависимости от типа питания, способа родоразрешения, сроков родов.
2. Изучить распространенность колифагов в кишечнике новорожденных и их матерей в динамике.
3. Изучить морфологические и культуральные особенности колифагов, выделенных из кишечника новорожденных в динамике .
4. Изучить воздействие УФО и температуры на изменения морфологии фагов и их титра
5. Изучить взаимосвязь между появлением колифагов и кишечных палочек у новорожденных, в зависимости от типа питания, способа родоразрешения, сроков родов.
6. Установить сроки появления в кишечнике младенцев комплексов «кишечные палочки - колифаги».
Научная новизна исследования определена следующими результатами, основная часть которых получена впервые:
– впервые показана возможность рассматривать колибактериофаг в качестве сочлена микробиоценоза кишечника новорожденных детей, определено их значение, что позволяет уточнить их роль в формирований данного биоценоза.
– впервые показано, что на появление в кишечнике новорожденных колибактериофагов влияют ряд факторов, таких как тип питания, способы родоразрешения, срок родов.
–
впервые определены количественно-качественная взаимосвязь между появлением кишечной палочки и колифагов, установлена их расспространенность, что представляет прогностическую ценность.
– уточнены морфологические и культуральные особенности колифагов, выделенных из кишечника новорожденных в динамике позволяющие использовать их как диагностические критерии.
Заключение
Результаты проведенных исследований позволили сделать следующие выводы:
1. Формирование качественно-количественного состава микрофлоры кишечника младенцев зависит от типа питания, способа родоразрешения и сроков родов. У доношенных новорожденных, находящихся на естественном вскармливании количество бифидобактерий (6,54±0,49), лактобактерий (4,69±0,25) выделяются достоверно чаще, чем у недоношенных (бифидобактерий (5,02±0,76), лактобактерий (3,09±0,38) при том же типе питания. У доношенных новорожденных, находящихся на искусственном вскармливании количество бифидобактерий (6,91±1,44), лактобактерий (5±0,8) выделяются достоверно чаще, чем у недоношенных бифидобактерий (1,93±0,59), лактобактерий (0,97±0,3) при том же типе питания.
2. На основе сравнительного изучения содержимого кишечника новорожденных и их матерей установлено, что распространенность колифагов у матерей составляет 100%, у новорожденных она зависит от сроков жизни ребенка (22,65±2,88%/1-3 сутки - 12,32±2,39%/ 1-3 сутки ) у доношенных и недоношенных соответственно ; от типа питания с тенденцией к увеличению (от 0,04%±0,02/1сутки до 0,46%±0,05/ 3 сутки); от сроков родов - выделение фагов начинался со 2–х суток (0,09±0,04% - 0,03±0,03%) у доношенных и недоношенных соответственно.
3. На основе изучения морфологических и культуральных свойств колифагов, выделенных из кишечника новорожденных в динамике установлено:
а) изменения морфологии фагов зависят от сроков жизни ребенка и стабилизируются на 3 сутки.
б) физиологический титр колифагов составляет (101-102 дифференциальный рабочий титр)
в) лизогенные колифаги выделялись одновременно из кишечника с лактозоотрицательными кишечными палочками.
4. При оценке воздействия факторов внешней среды (УФО, температура) на морфологию и их титр было установлено, что они не оказывают существенного влияния на изменения этих свойств, и они сохраняют свою стабильность.
5. Сроки появления комплекса «КП-колифаги» зависели от сроков родов, типа питания младенцев, от способа родоразрешения.
а) Комплекс «КП-колифаги» выявлялся (на 1-е сутки - 2 сутки) у доношенных и недоношенных соответственно.
б
) Выявлены отличия в сроках появлении у доношенных и недоношенных, находящихся на естественном вскармливании (1-2 сутки соответственно). У доношенных и недоношенных находящихся на искусственном вскармливании разницы в сроках (2-сутки) появления комплекса «КП-колифаги» не выявлено.
в) Выявлены отличия в сроках появления комплекса «КП-колифаги» у доношенных и недоношенных рожденных естественным путем (1-2 сутки) соответственно. Выявлены отличия в сроках появления комплекса «КП-колифаги», рожденных путем кесарева сечения (на 2-3 сутки) у доношенных и недоношенных детей соответственно.
6. На основании комплексного микробиологического изучения содержимого кишечника новорожденных, выявлена взаимосвязь между появлением колифагов и КП.
а) У доношенных и недоношенных детей, находящихся на естественном вскармливании выявлена высокая прямая статистическая корреляционная связь (r=0,97-0,74) соответственно. У доношенных и недоношенных детей, находящихся на искусственном вскармливании выявлена слабая прямая (r=0,24) и обратная средняя (r =-0,56) связь.
б) Как при естественных родах, так и после кесарева сечения, выявлена прямая статистическая корреляционная связь между появлением коли фагов и кишечных палочек.
Summary
Begadilova Tolkyn Sembayevna
Significance of colibacteriophages in occurrence and formation of intestinal microflora in infants
03.00.07 – microbiology
The object of the study: There were studied the factors of forming microflora and onset of coliphages in 100 mature healthy and 73 premature children.
The purpose of the study: To study a significance of colon bacilli and their phages in forming and functioning normal microflora of infants’ intestine and possibility to prognose a state of their health.
The tasks of the study:
1. To study in dynamics qualitative and quantative composition of microflora in content of infants’ intestine, due to type of nutrition, way of delivery, labor terms.
2. To study a prevalence of coliphages in infants’ intestine and their mothers in dynamics.
3. To study morphological and cultural features of coliphages, discharged from infants’ intestine in dynamics.
4. To study an influence of UVI and temperature on changes of phage morphology and their titer.
5. To study a correlation between an onset of coliphages and colon bacilli in infants due to type of nutrition, way of delivery, labor terms.
6. To establish terms of “colon bacilli - coliphages” complex onset in infants’ intestine.
The scientific novelty of the study was determined by the following results, a basic part of which was obtained for the first time:
– there was shown for the first time the possibility to consider colibacteriophages as a co-member of intestinal microbiocenosis in newborn children, there was determined their significance, that allowed to specify their importance in forming the present biocenesis.
– there was shown for the first time, that a number of factors, such as type of nutrition, ways of delivery, labor terms influence on occurrence of colibacteria in intestine of newborns.
– there was determined for the first time quantative – qualitative correlation between the occurrence of colon bacillus and coliphages, their prevalence, that is of great prognostic value.
– there were specified morphological and cultural features of coliphages, discharged from intestine of newborns in dynamics, allowing to use them as diagnostic criteria.
The conclusion of the work:
T
he results of performed researches allowed to make the following conclusions:
1. Forming qualitative – quantative composition of intestinal microflora in infants depends on type of nutrition, ways of delivery and labor terms. The discharged number of bifidobacteria (6.54 0.49), lactobacteria (4.69 0.25) in mature newborns, having natural feeding was more frequent, than in premature children bifidobacteria (5.020.76), lactobacteria (3.09 0.38) at the same type of feeding.
The discharged number of bifidobacteria (6.911.44), lactobacteria (50.8) in mature newborns, having artificial feeding was reliably more frequent, than in premature children: bifidobacteria (1.930.59), lactobacteria (0.970.3) at the same type of feeding.
2. On the basis of comparative study of the intestinal content of newborns and their mothers there was determined, that the prevalence of coliphages in mothers was 100% it depended on terms of newborns’ life (22.6522.88%/ 1-3 days and 12.322.39% / 1-3 days) accordingly in mature and premature children;
it had a tendency to increase (from 0.04%/ 1 day to 0.46% / 3 days) due to type of nutrition, discharge of phages was revealed on the 2nd day (0.090.03) accordingly in mature and premature children due to labor terms.
3. On the basis of studying morphological and cultural properties of coliphages, discharged from intestine of newborns in dynamics there were determined :
a) changes of phages morphology depended on terms of newborns’ life and stabilized on the 3d day.
b) physiological titer of coliphages was (10 –102 differential working titer).
c) lisogenic coliphages were simultaneously discharged from intestine with lactozoonegative colon bacilli.
4. On evaluating influence factors of outer environment (UVI, temperature) on morphology and their titers, there was determined, that they didn’t sufficiently influence on changes of these properties and they preserve their stability.
5. Terms of “colon bacilli – coliphages” complex depended on labor terms, type of newborns’ feeding, way of delivery.
a) Complex “CB - coliphages” was revealed (on the 1st - 2nd days) accordingly in mature and premature children.
b) There were revealed differences in terms of occurrence in mature and premature children, having natural feeding (1-2 days accordingly). There were no differences in terms of occurrence of “CB - coliphages” complex (2 days) in mature and premature children, being on artificial feeding.
c) There were revealed differences in terms of occurrence of “CB - coliphages” complex in mature and premature children, born by natural way (1-2 days) accordingly. There were differences in terms of occurrence of “CB - coliphages” complex in mature and premature children, born by cesarian section (on the 2nd - 3d days) accordingly.
6
. On the basis of complex microbiological study of intestinal content of newborns there was revealed a correlation between the occurrence of coliphages and colon bacilli.
a) In mature and premature children, being on natural feeding there was revealed high statistic correlation link (r=0.97–0.74) accordingly. Mature and premature children, being on artificial feeding had a week direct (r=0.24) and inverse ratio (r=0.56) relation.
b) But in natural labor and cesarian section there was revealed a direct statistical correlation link between the onset of coliphages phages and colon bacilli.
Достарыңызбен бөлісу: |