Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақтың көнекілігі: слайд
Сабақтың барысы: І. Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Адам ағзасы үшін сыртқы ортаның кері әсерлеріне үнемі қорек тұруға тырысады. Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз. Сынып сағатына қош келдіңіздер. Сынып сағатының тақырыбын қане оқып білелік.
Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім түсіндірмесі.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі, яғни дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы жақсы болады. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.
Қазір «Ашық микрофонға» шығып, өз білімімізбен бөліселік:
Дұрыс тамақтанудың жөнін білетін адамдар былай дейді:
-Дұрыс тамақтанудың екі түрлі шарты бар.Ол уақытында тамақтану және тамақты түрлендіріп жеу қажет дейді.
-Уақытында тамақтану дегенмен келісесіздер ме? Егер келіссеңіздер, неге?
-Тамақты түрлендіру қажет пе? Не үшін?
Слайдты тамашалаңыздар.
Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. Бір тағамдар ағзаға күш-қуат береді. Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі.
Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі.
Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті бәрумендерге бай болады.
«Көкөністер- денсаулық қоймасы» деген мақалды естулерің бар ма?
Бұл мақалдың мәнісі неде деп ойлайсыңдар?
Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:
Достарыңызбен бөлісу: |