«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы»
«20 лет мира и созидания»
3 шілде 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде көшпелі кеңестер жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде көшпелі кеңестер жалғасуда. Агенттіктің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық инспекциясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімінде монополияға қарсы органның орталыққа аппараты өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді, оның жұмысына қоғамдық бірлестіктер өкілдері, нарық субъектілері, БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты.
Кеңеске қатысушылар республикада бәсекелестік саясатты іске асыру мәселелерін, монополияға қарсы органның құқық қолдану практикасының бірқатар өзекті аспектілерін, сондай-ақ өңірдегі бәсекелестік саласындағы проблемаларды талқылады.
14.06.2011
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 2011 жылғы 14 маусымда Көкшетау қаласында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктер және перспективалар» тақырыбында көшпелі кеңес өткізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2011 – 2012 жылдарға арналған жұмыс жоспарын («ТМД күндерін» өткізу) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясының Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімшесінде Монополияға қарсы органның орталық аппараты өкілдерінің қатысуымен кезекті іс-шара өткізілді.
Мәжіліс жұмысында мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері, сондай-ақ нарық субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Мәжілісте «Қазақстанның бәсекелестік саясаты: қалыптасуы және дамуы», «Монополияға қарсы саясаттың жаңа кезеңде дамуы. Монополияға қарсы органның құқық қолдану практикасы», «Өңірлік бәсекелестікті дамытудың негізгі аспектілері» тақырыптары бойынша мәселелер, өңірдегі бәсекелестік саласындағы өзекті проблемалар талқыланды.
Бұдан басқа, Монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған басқа да іс-шараларды өткізуді болжап отыр.
2011 жылы Қазақстанның монополияға қарсы органына 20 жыл толады. Осыған байланысты ағымдағы жылғы қазан айында Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (МСМК) (Монополияға қарсы орган МСМК-ның мүшесі болып табылады) отырысын өткізу жоспарланып отыр.
МСМК отырысының жұмысына МСМК-ға мүше елдердің монополияға қарсы ведомстволарының, кейбір еуропа елдерінің басшылары, сондай-ақ қазақстандық және шетел бизнесінің өкілдері қатысатын болады.
08.06.2011
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл облысы бойынша инспекциясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктер және перспективалар» тақырыбында көшпелі кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2011 – 2012 жылдарға арналған жұмыс жоспары («ТМД күндерін» өткізу) шеңберінде ағымдағы жылғы 8 маусымда Агенттік кезекті іс-шара – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктер және перспективалар» тақырыбында мәжіліс өткізді.
Мәжілісте қоғамдық және іскер топтар, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның бәсекелестік саясатының қалыптасуы мен дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері өңірлік бәсекелестікті дамытудың негізгі аспектілері, монополияға қарсы органның құқық қолдану мәселелеріне нақты тоқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |