Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың
мақсат – міндеттері.
Оқушының жеке басын, жанұясын жеке зерттеу;
Оқушының физиологиялық – психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
Қиын оқушылармен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
Арнайы комиссияларға апару;
Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру.
Диагностикалық зерттеу түрлері
Медициналық тексеру: Байзолдин Төлеген барлық дәрігерлік бөлмелерден өткізілді. Медициналық анықтама бойынша, оқушының денсаулығы жақсы. Невропатолог ауытқушылық жоқ деп белгіледі.
Оқушымен жеке жұмыс:
Оқушымен жеке әңгіме өткізілді, одан сауалнама, сұрақтар алында, қызығушылығы анықталды. Мақтау – мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ақыл – кеңес берілді.
Заң орындарымен жұмыс: Төлеген инспекторлық тіркеуге алынып, арнайы комиссияға бірнеше рет апарылды.
Ата – анасымен жүргізілген жұмыс: Оқушының ата – анасымен бірнеше рет кездесіліп, үйіне барылды. Әлеуметтік жағдайлары анықталды. Сыныптағы «Ата – ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі» атты ата – аналар оқуына шақырылды. Ақыл – кеңес берілді.
Психологпен жұмыс:
Оқушыны психологпен кездестіру, даму ерекшелігін анықтау.
Оқушы картасы.
Оқушының аты – жөні, сыныбы ________________________________________________
Туған жылы, айы, күні _________________________________________________________