Бейнелеу өнері
1 Нұсқа
1. Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру үшін қолданылатын әдістер:
А) табиғат аясына саяхат
В) ойындар ұйымдастыру
С) мұражайға саяхат
D) шығармаларға талдау жасау
Е) Жоғарыдағының барлығы.
2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін жүргізілетін шаралар:
А) Қосымша әдебиеттермен таныстыру
В) фильмдер көрсету
С) дидактикалық құралдар пайдалану
D) сынып сағаттарын ұйымдастыру
Е) жоғарыдағының барлығы.
3. Практикалық жұмыстың формасы:
А) живопись
В) графика
С) мүсіндеу
D) пленер
Е) барлығы.
4. Бейнелеу өнері пәні мұғаліміне қойылатын талаптар:
А) әсемдікті, сұлулықты дұрыс қабылдауға баулу
В) өнер туындыларымен таныстыру
С) әр жанрмен терең таныстыру
D) оқу кабинетін жүйеге келтіру
Е) жоғарыдағының бәрі.
5. Салынған суретте болып жатқан оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкердің орналасқан белгілі бір орталығы, яғни үйлестіру орталығы болады. Ол суреттің:
А) ортасында орналасады
В) оң жағында орналасады
С) сол жағында орналасады
D) шашыраңқы болады
Е) суретшінің таңдауымен.
6. Перспектива латынның «perspicio» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы:
А) алыстан көру
В) жақыннан көру
С) арғы-бергі жақты айқын көру
D) түстерді айыру
Е) құрастыру.
7. Түстердің белгілі бір жүйелікпен орналасуы:
А) колорит
В) палитра
С) спектр
D) фон
Е) акварель.
8. Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем:
А) көру деңгейі
В) шығу нүктесі
С) бақылаушы өлшемі
D) көкжиек сызығы.
Е) картина жазықтығы.
9. Металға жасалған гравюра:
А) литография
В) офорт
С) линогравюра
D) оттиск
Е) гротеск.
10. ХVІ ғасырдан бастап сурет салу үшін графит қолданыла бастады. Ал, ежелгі замандағы сурет салу құралы:
А) тас
В) көмір
С) қарындаш
D) майлы бояу
Е) саз балшық.
11. Графикалық сызба қондырғылы, қолданбалы және газет-журнал сызбасы деп үшке бөлінеді. Грамота, диплом, марка, этикетка қай түріне жатады?
А) қондырғылы графика
В) қолданбалы графика
С) газет-журнал графикасына
D) ешқайсысына
Е) барлық түріне.
12. Бір нәрсенің жалпы сипаттамасын, бір құбылыстың қарапайым түрдегі көрінісін көрсету:
А) шаблон
В) схема.
С) кесте
D) бұйым жазықтығы
Е) координаттар.
13. Смальта мен асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет:
А) витраж
В) панно
С) фреска
D) мозаика
Е) миниатюра.
14. Акварель бояумен жұмыс жасағанда мүлде пайдаланылмайтын түсті бояу:
А) қызыл
В) сары
С) ақ
D) қара
Е) барлық түс пайдаланылады.
15. Қазақтың ұлттық тағамдарын «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі бейнелеген суретші:
А) Ғ.Рахманов
В) А.Ғалымбаева.
С) Н.Крутильников
D) С.Мәмбеев
Е) А.Смағұлова.
16. Кескіндеме өзінің орындалу техникасына қарай, әдіс-тәсілдеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Нұсқадағы қатені табыңыз:
А) майлы бояу, фреска, желім.
В) балауыз, шыңылтыр(эмаль), майлы бояу.
С) фреска, балауыз, құрғақ темпера.
D) майлы бояу, құрғақ темпера, гипс.
Е) шыңылтыр(эмаль), желім, балауыз.
17. Живописьтегі құрғақ бор тәріздес бояу:
А) фактура
В) темпера
С) глазурь
D) колер
Е) пастель.
18. Көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленуі:
А) дөңгелек мүсін
В) станокты мүсін
С) монументті мүсін
D) бедер(рельеф)
Е) бюст.
19. Мүсіндеу өнерінде уақытша қызмет ететін материал:
А) мәрмәр
В) саз балшық
С) гранит
D) болат
Е) бетон.
20. Саз балшық, ермексазбен (пластелин) жұмыс істегенде сомдалатын заттың формасы бұзылып, өзгеріп кетпес үшін қолданылатын зат:
А) колер
В) қаңқа
С) желім
D) цемент
Е) гипс.
21.Қазақстан аумағындағы балбал тастар мүсін өнері:
А) статуя
В) бюст
С) тарихи ескерткіш
D) анималистік мүсін
Е) станоктік мүсін.
22. Адамдардың күнделікті өмірі мен қызметіне арнап салынған ғимараттар:
A) мүсін өнері
B) сәулет өнері
C) дизайн өнері
D) қолданбалы өнер
E) графика өнері.
23. Ғимараттың сыртқы көрінісін бейнелеу:
А) экстерьер
В) интерьер
С) фасад
D) панно
Е) профиль.
24. Ежелгі түркі халықтарына тән сәулеттік құрлыстардың ішіндегі қатені табыңыз:
А) кесене
В) медресе
С) мешіт
D) сағана
Е) мұнара.
25. Мысырдағы перғауындарға арналып салынған пирамидалардың ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 147 метр.
А) Сфинкс
В) Хефрен
С) Колизей
D) Хеопс
Е) Родос
26. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөледі. Артығын табыңыз:
А) шебер
В) ұста
С) зергер
D) ісмер
Е) мүсінші
27. Көркем оймыш жасалмайтын материал:
А) ағаш
В) тас
С) сүйек
D) былғарыға
Е) пластмасса.
28. Өзбек халқының ою-өрнектері көбінесе гүлді өсімдіктерден құралады. Бұл ою-өрнектердің композициялық құрылымы:
А) шаршы тәріздес немесе жолақ тәріздес
В) геометриялық
С) аңдық
D) су өрнегі
Е) «омыртқа» өрнегі
29. Сәндік қолданбалы өнерде шеңбер ішінде, түрлі бұрыштар ішінде орналасқан өрнектер:
А) тұйық өрнектер
В) қошқар мүйіз өрнегі
С) жұлдызша өрнегі
D) өсімдік типті өрнектер
Е) геометриялық өрнектер.
30. Жібек матаға бояумен орындалған Қытай живописі:
А) гохуа
В) батик
С) фактура
D) мозаика
Е) гобелен.
31. «Әлемнің жеті кереметі» саналатын Семирамиданың аспалы бағы орналасқан ежелгі қала:
А) Рим
В) Афина
С) Каир
D) Бағдат
Е) Вавилон.
32. Дүниежүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы:
А) Лувр
В) Эрмитаж
С) Вернисаж
D) Третьяков галлереясы
Е) Британдық музей
33. Портрет жанрының гүлденген дәуіріндегі ұлы суретші:
А) Рембрандт
В) Матисс
С) И.Айвазовский
D) Ж.Б.С. Шарден
Е) К.Юон.
34. К.Моне, О.Ренуар, Э.Деге ХІХ-ХХ ғғ бейнелеу өнерінде пайда болған қандай жаңа ағымның өкілдері?
А) авангардистік
В) абстракты өнердің
С) графикалық өнердің
D) дизайн өнерінің
Е) импрессионизмнің.
35. 1956 жылы салынған «Хан-тәңірі» суретінің авторы:
А) А.Ғалымбаева
В) Ғ.Қастеев
С) М.Аманжолов
D) А.Бақтығалиев
Е) А.Исмаилов.
36. «Жолдағы әңгіме» атты картинаның авторы:
А) З.Қожамқұлов
В) М.Кенебаев
С) Ж.Мұратова
D) Р.Омарханова
Е) М.Нұрлыбаев
37. Қазақстандағы алғашқы көркемсурет училищесінің ашылған жылы:
А) 1991
В) 1920
С) 1943
D) 1938
Е) 1954
38. Даму тарихына байланысты бейнелеу өнері ....... түрге бөлінеді.
А) 5
В) 4
С) 3
D) 6
Е) 10
39. Екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырып, тігісін басып сырған әшекейлі төсеніш:
А) түс киіз
В) текемет
С) сырмақ
D) алаша
Е) кілем.
40. Кино суретшісі, кейін графика, живопись шығармалары арқылы танымал болған, «Кісен ашқан», «Құрманғазы» картиналарының авторы:
А) И.Исабаев
В) С.Романов
С) Ғ.Қастеев
D) А.Ғалымбаева
Е) Е.Сидоркин.
Достарыңызбен бөлісу: |