Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтиды. бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайндағы этностиль дегеніміз – ұлттық нақышты заманауи дизайн салаларында қолдану әдісі. Әрине, этностильді дизайнда қолдану дәл сол ерте заманғы нақышты тура көшіре салу емес. Бұл жерде стилизация әдісін қолдану қажет. Мысалы, қазіргі кезеңде интерьер дизайнында этностильді жиі қолдану көрініс табуда. Бұл жағдайда австралиялық абаригендердің немесе солтүстіктегі эскимостардың тұратын үйшігін тура көшіре салып, жұртшылықты таң қалдырудан аулақ болған жөн. Ең бастысы – қалаған этностильді қажетті мөлшерде және аса талғампаздықпен қолдана білу қажет. этностиль қазіргі кезеңде дизайнда сұраныс шыңында тұр. Этностиль, ең әуелде, белгілі-бір елдің мәдениетіне тән интерьердегі жиһаздың декормен, материалдармен, түстермен өзара үйлесімділігімен сипатталынады. Қазіргі кезеңде этностильді дизайн салаларында кеңінен қолдану өріс алған құбылыс. Мысал ретінде ел ордамыздың сол жағалауындағы қатар орналасқан мейрамханалар жүйесін еске алайық. Кавказ, бавария, өзбек тағысын тағы этностильдік нақышта жасалған демалыс орындарының дизайны өзіне тән ерекшелігімен қызықтырады. Графикалық дизайн салаларында да этностильді қолдану қарқынды дамып келеді. Қала ішін безендіруде, жарнамалық және баспа бұйымдарында, теледидар мен ақпараттық құралдарда, түрлі фирмалық стильдерде ұлттық нақыш қолдану қажеттілігі туындап отыр. Әсіресе, логотиптер мен түрлі символдарды, дизайн элементтерін жасауда қазақ орнаменттерін, тамғалы тастағы бейнелерді, түрлі образдарды қолдану әдетке айналуда.
Достарыңызбен бөлісу: |